Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Мәслихат сессиясы

05.05.2017

Аудан әкімі Серікбай Тұралинов мамырдың 5-і күні өткен аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымындағы кезекті 14 сессиясына қатысты.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылым депутаттарының жұмысы туралы есебін мәслихат хатшысы Айбек Хоршат жасады.

2016 жылға арналған Ақжар аудандық бюджетінің атқарылуы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әлия Әділова ақпарат берді. Аталған тақырып бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Марат Ебжанов сөйледі.

Сессия барысында басқа да сұрақтар қаралды.

Кезекті сессияда сөз алған аудан әкімі Серікбай Тұралинов депутаттар тарапынан белсенді түрде көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын белгілеп өтті. Дегенмен, аудан бойынша шешілмеген сұрақтар әлі де жеткілікті, сол бойынша мақсатты түрде өз сайлаушыларымен тығыз байланыста, етене жақын жұмыс істеу қажет деді.

Соңында аудан әкімі депутаттар қауымына шығармашылық табыс тілеп, жүктелген міндеттерді жұмыла шешу жөнінде тілек білдірді.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика