Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Отан қорғаушылар күні

07.05.2017

7 мамыр күні аудан әкімі Серікбай Тұралинов аудан тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Аудан әкімі барша ақжарлықтарды батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің, патриотизмнің мерекесі — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтай келе, биылғы жылы біз тарихи аз уақыттың ішінде жоғары кәсіби және жауынгерлік әзірлік пен әлемнің дамыған елдердегі әскерлерімен бәсекеге шығатын деңгейге жеткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқанымызды ерекше жеткізді.

Мемлекетіміздің Бас Қолбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету — ішкі және сыртқы саясаты құрамындағы негізгі іргетасы деген өзекті сөздерін ескере отыра, ел тәуелсіздігін сақтау үшін бізге қандайда болсын қауіп-қатерге тойтарыс беретін жоғары қабілетті заманауи әскер қажет. Сондықтан баршамыз осыған өзіміздің бар күш-жігерімізді аянбай салу керекпіз.

Осы күні біз Қарулы Күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Аудан әкімі құттықтауын жалғастыра келе, ауданымыздың қарулы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ел үшін бүгінгі өте маңызды күн — Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында міндеттеріңізді атқарып жүргендерін, ортақ үйіміздің тыныштығын сақтау — қасиетті борыштары екенін ескеріп, Конституцияны сақтауға, біздің Отанымыздың Тәуелсіздігін қорғауда, Қазақстан шекарасының бұзылмауы мен қауіпсіздігі қолдарында екенін жеткізді.

Тәуелсіз еліміздің айбынды тірегі, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай қорғайтын сарбаздарымыз бен сардарларымыз өз міндеттерін мүлтіксіз орындайтындарына сеніміміз мол.

Халқымызда «Ер — елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Аудан әкімі құтықтау сөзін аяқтай келе, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріне табыс, отбасыларға амандық, дендеріне саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеп, ауданымыздың ауған соғыс ардагері, аудандық прокуратура, қорғаныс істері жөніндегі, ҰҚК, Төтенше жағдай, Ішкі істер органдары қызметкерлері және алғашқы әскери дайындық пәнінің бір топ мұғалімдеріне Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттарды табыс етті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанат үлкен концертпен жалғасты.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика