Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Адамзаттың Ұлы Жеңісі

09.05.2017

9 мамыр күні аудан әкімі Серікбай Тұралинов Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

Аудан орталығында өткен Ұлы Жеңіс мерекесі «Қаһарман полкі» акциясының қатысушылары Жеңіс саябағына дейін шеру жасап, Қаһарман жауынгер ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі барша ақжарлықтарды 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың соғыс және тыл ардагерлеріне арналған сөзінде әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігінің арқасында біз бейбіт өмір кешіп жатырмыз, соның нәтижесінде қуатты мемлекет құрып, болашаққа зор сеніммен қарап отырмыз деген асқақ сөздерін ерекше жеткізді.

Аудан әкімі құттықтау сөзін жалғастыра келе, 9 мамыр — Жеңіс күні — ең қымбатты, қуанышты да мәртебелі мейрам екенін белгіледі. Бұл мереке — жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен Елордамыздың гүлденуі де — осынау мерекенің жемісі.

Осыдан 72 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 (бір мың тоғыз жүз қырық бесінші) жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының нышаны, тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Бүгінгі болашақ ұрпақ ардагерлеріміз танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Бүгінде Ұлы Жеңіс бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат беріп, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі деді аудан әкімі сөзін аяқтай келе.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғазы Жұмабаев пен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Руслан Байсалдин де ел тұрғындарын атаулы мейраммен құттықтап, жас ұрпаққа енді бұдан-былай соғысты бастан өткермеуін тіледі.

Ұлы Жеңіс мерекесі орталық стадионда өткен әскери шерумен жалғасты. Сонымен қатар, мұнда ел тұрғындарына арналған әскери-далалық ас үй ұйымдастырылып, онда халық солдат кашасының дәмін татуға мүмкіндік алды. Салтанат барысында жас спортшылар карате-киокушинкай жекпе-жек түрі бойынша өнерлерін көрсетіп, өнерпаздар әскери әндер мен билер орындады.

Жеңіс күніне арналған салтанатты шара ауылдық округтерде өткен спорттық сайыстармен жалғасты.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика