Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

«Акжар Барысы» анықталды

01.05.2017

Мамырдың 1-i «Нұр Отан» аудандық филиалы партиясының төрағасы, аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов «Ақжар Барысы-2017» күрес жарысына қатысушыларды қарсы алып, аталған маңызды шараның ашылуымен құттықтады.

«Нұр Отан» партиясының ұранымен өткен турнирге 7 ауылдық округтен 11 спортшы қатысты. 1 мамыр — Қазақстан халқы бiрлiгi күнiне орайластырылған жарысқа келген палуандарымыз қарқынды әрi тартымды күрес көрсете бiлдi. Кiлем үстiндегi паш етiлген түрлi айла-тәсiлдер жанкүйерлер тарапынан зор қолдау тапты.

Жарыстың қорытыны бойынша бiрiнiшi орын және «Ақжар Барысы-2017» атағын Қулыкөл ауылдық округiнiң палуаны Мират Рәшитов иелендi. Талшық ауылдық округiнiң палуандары Марат Бақтыбаев пен Мирас Оспанов екiншi және үшiншi орындарды бөлiп алды.

Маңызды шараның жеңiмпаздарын аудан әкiмiнiң орынбасары Ғалымтай Айтмұхаметов құттықтап, тиiстi дәрежедегi медаль, диплом, сертификаттар және ақшалай сыйлықтар табыс еттi. Аудан әкiмi Серiкбай Тұралиновтың атынан сөйлеген ол барша палуандарға облыстық және республикалық деңгейлерде өтетiн жарыстарда табыс тiледi. Тек қана салауатты өмiр салтын ұстанатын ұлт қана әлемдегi елдердiң мықтысы бола алады, барлық қиындықтарға төзiмдiк таныта алады дедi аудан әкiмiнiң орынбасары турнирдiң жабылу кезеңiнде.

Сонымен қатар, бұл турнирдi ұйымдастыру алқасы «Ақжар Барысы-2017» жарысын тиiстi деңгейде өткiзуге зор көмек жасаған «Талшық Астық LTD» ЖШС директоры Дәурен Мұстафаұлы Мұстафаға шексiз алғысын бiлдiредi.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика