Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Аудан әкімінің жұмыс сапары

20.04.2017

Осы аптада аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов жұмыс сапарымен бiрнеше елдi мекендерде болып қайтты.

Қазан ауылында болған сапарында аудан әкiмi бұл елдi мекендегi клубта болып, атқарылған құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгiнгi күнi бұл мәдени нысанда шаралар, негiзiнен, аяқталды, тек iшкi өндеу жұмыстары ғана қалды.

Аудан әкiмi осыған байланысты аталған жұмыстарды жеделдету және де нысан аумағын абаттандыру бойынша бiрқатар тапсырмалар бердi. Сонымен қатар, аудан әкiмi бұл елдi мекенде орналасқан барлық еңбек ұжымдарының қатысуымен тазалау жұмыстарын өткiзудi ұсынды.

Восход ауылдық округiне қарасты Ақсай ауылында болған кезiнде аудан әкiмi бiрқатар кемшiлiктерге назар аударды. Мұнда елдi мекендi тазарту бойынша жұмыстар атқару қажет. Сондықтан Восход ауылдық округiнiң әкiмi Расул Қабдрахмановқа бұрынғы ауылдық мектептiң қалдықтарын жинау, ауыл көше, аулаларын бiр тәртiпке келтiру бойынша тапсырмалар бердi. Ауданымыздың әр ауылы таза қалыпта болу тиiс.

Жақын арада аудан бойынша елдi мекендердi абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша үш айлық науқаны жарияланған едi. Онда меншiк нысанына қарамастан барлық түрдегi кәсiпорындар мен ұйымдардың ұжымдары, мемлекеттiк мекемелер шараға жұмыла шығып, өздерiне бекiтiлген аумақтар мен айналасын тазалап шығу керек.

Бүкiл ауылдарды тазалап, тәртiпке келтiру қажет. Сондықтан еңбек ұжымдарының басшылары осы дәстүрге айналған науқанға белсене қатысып, өзiнiң батыл азаматтық көзқарасын танытып, жалпыға ортақ iске немқұрайдылық танытпайтынына кәмiл сенемiз.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика