Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Аудан әкімінің жұмыс жиналысы

18.04.2017

18 сәуiр күнi аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов құқық қорғау органдарының қатысуымен жұмыс жиналысын өткiздi.

Жұмыс жиналысына аудандық мәслихат хатшысы Айбек Хоршат, аудан прокуроры Жандос Әмiров, АIIБ бастығы Алмас Оразалин, ауылдық округi әкiмдерi, ветеринарлық қызметтер пен ауылшаруашылық құрылым басшылары және мал дәрiгерлерi, ауылдық округтердiң учаскелiк инспекторлары қатысты.

Жұмыс жиналысындағы бiрiншi сұрақ — «Заңдылықты, құқықтық тәртiптi және ұрлық фактiлерi бойынша қылмыспен күрестi қамтамасыз ету туралы» тақырып бойынша аудандық прокуратураның прокуроры Алмас Фазылов баяндама жасады.

«Малдың барлық түрлерi бойынша бағудағы ұйымдастыру шараларын орындау, ауылшаруашылық малдардың сақталуын қамтамасыз ету. Мал ұрлауға жол бермеу шаралары туралы» аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы Абдыжапар Қиманов және ЖПҚ бастығының орынбасары Боранбай Шәкенов ақпарат бердi.

Ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясы мен станция жұмыстарының қорытындысы туралы аталған қызметтердi жетекшiлерi Бағдат Жақанов және Сәтбек Сәпиев хабардар еттi.

Жиналыс барысында сөз алған аудан прокуроры Жандос Әмiров аудан аумағындағы криминогендiк ахуал жайында қысқаша мәлiмет бердi. Өз сөзiнде аудан прокуроры заманауи кезеңде жаңа ақпараттық технологиялар маңызды орын алатынын, ол азаматтардың және жоғары деңгейде мүлкiн сақтауға мүмкiндiк беретiнiн, ал бейнебақылау арқылы құқық бұзушылыққа жол бермеудiң бiр жолы болып табылатынын белгiлеп өттi. Сол себептен аудан басшылығы, ауылдық округi және жергiлiктi агроқұрылым жетекшiлерiне елдi мекен мен кәсiпорын аумақтарында ұрлық фактiлерiн едәуiр азайтатын бейнебақылау жүйесiн қоюды ұсынды. Сонымен қатар, ауданымызда құқық бұзушылықты алдын алуға септiгiн тигiзетiн Бейнебақылау орталығын орнату қажеттiгiн жеткiздi.

Аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов жұмыс жиналысының қорытынын шығара келе, ауданымыздағы ахуалды сараптап, жетекшiлiк ететiн аудан әкiмiнiң орынбасары, ауылдық округi әкiмдерiне бiр ай iшiнде елдi мекендер көшелерiне бейнебақылау камераларын орнату туралы тапсырма бердi. Сонымен қатар, ауданымыздың ветеринарлық қызметтiң толық деңгейде өз жұмысын атқара аламай жатқанын ескере келе, аумақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясына ветеринарлық заңнаманы бұзушыларға заңға сәйкес қатаң шара қолдануды, ал ауылдық округi әкiмдерi мен уәкiлеттi қызметтер жетекшiлерiне қысқа мерзiм iшiнде мал бағу жұмысын ұйымдастыру, елдi мекендердi тазарту мен абаттандыруды қолға алу туралы және т.б. ұйғарды

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика