Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Елбасымыздың мақаласы талқыланды

14.04.2017

Аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов 14 сәуiр күнi Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша аудандық актив өкiлдерi жиналысын өткiздi.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жиналыс залында өткен талқылауға аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, кәсiпорын, ұйым басшылары, еңбек ардагерлерi, жастар қауымы қатысты.

Жиналыс барысында аудан әкiмi өз баяндамасында Елбасымыз бағдарламалық мақаласы, ең алдымен, болашаққа деген бағдарымыз, ертеңгi күнге бағытымызды айқындайтын тарихи маңызды құжат екендiгiн айрықша белгiлеп өттi. Президентiмiздiң бағдарламаны жүзеге асыру үшiн бiрнеше бағдар анықталды: бәсекелестi қабiлеттi арттыру, прагматизм, ұлттық бiрегейлiктi сақтау және т.б.

Аудан әкiмi сана-сезiмнiң ерекше дамуына, бүгiнгi күнгi жаңашылдықты қабылдап, оның оң-солын айыра бiлуiне көңiл бөлдi. Сол үшiн Президентiмiз бiрқатар маңызды қоғамдық-саяси және мәдени-ағарту жобаларды паш еттi. Соның қатар, прагматизм сынды қасиеттi терең меңгерiп, табиғат ресурстарырын үнемшiлдiкпен және орынды пайдалану қажеттiгiне назар аударды.

Аудан белсендiлерiмен кездесу барысын қорытындылай келе, бүгiнгi талқылауға салынған сарабдал Елбасымыздың бағдарламалық құжаты бiртуар, мазмұны жағынан терең әрi iрi еңбек екенiн ерекше бағалады. Бұл құжаттың маңыздылығы мен құндылығы заманауи кезеңде болып жатқан жаһандық өзгерiстерге деген стратегиялық қажеттiлiкпен асыл.

Қоғамдық сананың жаңа жаңғыруы бiздiң ең басты мақсат — әлемдегi ең үздiк әрi бай, дамыған мемлекеттер қатарына ену мұратымызбен тығыз байланысты.

Ал бүгiнгi жасап жатқан игi қадамдарымыз, елiмiзде болып жатқан оң өзгерiстер жаңа буын жастарғам арналғанын айтып кеткен жөн.

Сондықтан ел тағдырына немқұрайдылықпен қарамай, мемлекетiмiздiң шынайы, хас патриоттары, азаматтары болуларыңыз абзал.

Сөз кезегiнде Ленинград №2 ОМ мұғалiмi Дамир Куликов, Ақжарқын ОМ директорының тәрбие жөнiндегi орынбасары Рәшид Жамбаев, аудандық мәслихат аппаратының жетекшiсi Тимур Мұқашев мiнбеге шығып, өз пiкiрлерiн ортаға салды.

Жиналыс соңында аудан әкiмi туған жерге деген патриоттық сезiмi өзгеше, жаңалыққа жаны құмар халық үшiн жақсылықтың жаңа бастауы, Мемлекет басшысы алдымызға қойған қоғамдық сананы жаңғырту мiндеттерi халқымыз үшiн жаңа мүмкiндiктерге жол ашып, елiмiздi дамыту жолында тың серпiн беретiнiн тағы да бiр атап өтiп, бағдарламалық мақалада көтерiлген мiндеттердi де бiрге, жоғары деңгейде орындап шығу қажеттiгiн, соған сенетiнiн айтып, барша жиналған белсендiлер қауымына жұмыста табыс, елге бiрлiк, береке, бейбiт өмiр тiледi.

Елбасымыздың мақаласы талқыланды

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика