Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Көктемгі-далалық жұмысқа дайындық жайында

26.04.2017

Аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов сәуiрдiң 26-сы күнi «Ауданымыздың ауылшаруашылығы құрылымдарының 2017 жылғы көктемгi-далалық жұмысқа дайындығы мен өткiзуiнiң барысы туралы» тақырыбында семинар мәжiлiсiн өткiздi.

Ақжарқын ауылдық округiне қарасты «Лукбанов» ЖШС-да өткен шараға аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округi әкiмдерi, жергiлiктi және аумақтық атқарушы органдар басшылары, ауылшаруашылық кәсiпорындарының жетекшiлерi қатысты.

Жиналыста ашқан аудан әкiмi өз сөзiнде Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту бағдарламамыз жалғаса беретiнiн, оны орындау мақсатында бiз белгiленген бағыт бойынша белсендi жұмыстар жүргiзiп және осы мәселенi басшылыққа алуымыз кажет екенiн жеткiздi.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуы бүгiнгi күнi айтарлықтай нәтижелерге жетiп, экономикалық құрылымдарға шаққанда жалпы iшкi өнiмнiң 80 пайызын құрап отырғанын белгiледi.

Бүгiнгi таңда елiмiздiң агроөнеркәсiптiк кешенi алдында тұрған мақсаттардың ауқымы одан да зор.

«Қазақстан-2050» стратегиясының ең басым бағыттардың бiрi — ауыл шаруашылығын дамыту болып қала бермек.

Әлемдiк үздiк үлгiлерге бағытталған ауыл шаруашылығының заманауи жер өндеу тәсiлi енiзiлiп жатыр. Соңғы бес жылда еңбек өнiмi екi есе артылды. Заманауи кезеңде дәндi дақылдар өндiрiсiнiң даму технологиясы топырақтың құнарлы қабатын ең жоғарғы сапада қалпына келтiру және сақтау құрамы қарастырылған.

Семинар кезiнде ауылшаруашылық техника мен заманауи агротехнологиялар шығаратын танымал отандық және шетелдiк фирмалардың өкiлдерi, «Лукбанов» және «Даньяров» серiктестiктерiнiң директорлары Мұхаметжан Лұқбанов пен Ғалым Данияров, «Бекет» шаруа қожалығының жетекшiсi Марат Шәпенов сөз алып, минералдық тыңайтқыштар мен ауылшаруашылық техникалардың жаңадан шыққан үлгiлерiнiң үздiктерiмен таныстырып, биылғы көктемгi-далалық науқанға дайындығы мен өткiзудегi озық тәжiрибелерiмен бөлiстi.

Семинардың практикалық бөлiмi «Лукбанов» ЖШС және «Гоцак» ШҚ егiстiк алқаптарында өттi. Онда техника және құралдарды дайындау, ылғалды жабу және минералдық тыңайтқыштарды шашу тәсiлiмен енгiзу жұмысын көрдi. «Лукбанов» ЖШС директоры Мұхаметжан Лұқбанов келесi жылы егiстiкке бұршақты тыңайтқыштарды енгiзетiнiн жеткiздi.

Семинарлық мәжiлiстiң қорытынын жасаған аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов ауылдық округi әкiмдерi, жергiлiктi және аумақтық уәкiлетi орган, ауылшаруашылық құрылым басшыларына бiрқатар тапсырмалар бердi. Солардың iшiнде: 

  • барлық агрошараларды уақытында өткiзу үшiн ауылшаруашылық техникасының түгелiн жұмылдыру және дер кезiнде тауарлық-материалдық құндылықтардың дайындығын қамтамасыз ету (ЖЖМ, қосалқы бөлшектер, тыңайтқыштар);
  • көктемгi-далалық жұмыстарға қажеттi көлемде ЖЖМ, тыңайтқыш үшiн уақытында төлем жасауды қамтамасыз ету;
  • барлық агротехникалық шаралардың сақталуын қамтамасыз ету (ылғалды жабу, қоқыстанған алқаптарды өндеу, тұқымды зарарландыру, химиялық өндеу);
  • ауылдық округi әкiмдерiне дәндi дақылдарды себу үшiн егiстiкке дайындық және өткiзу барысын қадағалау және сол шаралар бойынша қалтқысыз ақпарат беру, сол жұмытсарды өткiзуге қолғабыс жасау;
  • барлық агроқұрылымдарда ұжымдық жиналыстар өткiзiп, онда төлем жүйесiн түсiндiру, аудандық әлеуметтiк қорғау органында тiркеудiң алдында ұжымдық келiсiмшарттардың тармақтарын талқылау және т.б.

Мәжiлiс соңында аудан әкiмi шараға қатысқандарға — ауылшаруашылық техника мен минералдық тыңайтқыштарды жеткiзетiн фирма өкiлдерiне, ауылшаруашылық кәсiпорын басшыларына көктемгi-далалық науқанның мәселелерiн шешудегi белсендi көзқарастары үшiн алғыс бiлдiрiп, аудан диқандарына қолайлы ауа райы мен сәттi егiстiк науқанын тiледi.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика