Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Облыс әкімінің жұмыс сапары

15.04.2017

Сәуiрдiң 15-i күнi ауданымызда жұмыс сапарымен Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов келiп, бiрқатар кәсiпорын нысандарын аралап, шаруашылық басшыларымен кездестi.

Жұмыс сапары кезiнде облыс әкiмi Құмар Ақсақалов, алдымен, Ленинград ауылдық округiнде «Бекет» фермерлiк шаруашылығы базасында 600 малға арналып салынып жатқан заманауи тауарлы сүт фермасының құрылысымен танысты. Нысан «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Онда бiр ауысымда 8 тонна сүт өңдейтiн цех те болады.

«Өткен жылы симментал тұқымды 300 мал сатып алдық. Қазiр 1 мыңнан астам iрi қара бар, олардан бұзау да алып жатырмыз. Осыдан 7 шақырым жерде бөлiмшемiз бар, онда 5 қора орналасқан, малдарды әзiрше сонда ұстаймыз. Қазiр 80 адам еңбек етедi. Жаңа фермада әрлеу жұмыстарын аяқтадық, бәрi де сапалы. Алдын ала көрiп, ферманы, мал төлдету бөлiмшесiн қалай жасақтау керектiгiн басқалармен кеңестiк. Олар жаңа жобаны жүзеге асыруға көмектестi», — дейдi «Бекет» ФШ жетекшiсi Марат Шәпенов.

Өз кезегiнде облыс әкiмi мемлекет пен жергiлiктi билiк алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдай беретiндiгiн атап айтты.

Осы жерде өңiр басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен кездестi. Аграршылар себу науқанына барлығы дайын екендiгiн айтып, болашақ жоспарларымен бөлiстi. Мысалы, «Каппес» ЖК басшысы Вилли Каппес Горьковское ауылында құрамажем өндiрiсiн жолға қойғысы, ауылдық өндiрiстiк кооператив құрғысы келетiндiгiн алға тартты.

«Мал шаруашылығымен айналысқандықтан, бiзге құрамажем керек. Барлық аудандарды аралай жүрiп, құрамажемнiң қажеттiгiн байқаудамын. Сiздерге алыс аудандардан келмесе де, жақындағылар алатындығы белгiлi ет пен сүт сияқты жақсы өнiм алу үшiн, құрамажем қажет. Бiз еңбек, ет пен сүт өнiмдiлiгiн арттыру үшiн тиiмдi өндiрiспен айналысуымыз керек. Әр сауын сиырдан 7 мың литрден сүт саууға қол жеткiзе аламыз», — деп бастамаға қолдау көрсеттi өңiр басшысы.

АӨК-мен танысу аудан орталығындағы «Талшық Астық-Агро» ЖШС-да жалғасты.

Компанияның егiстiк алқабы 40 мың гектарды құрайды, оның 35,9 мың гектары — дәндi, 4 мыңдайы — майлы дақылдар. Кәсiпорын заманауи техникалармен жарақтанған.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарының соңында ауданымыздың еңбек ардагерлерi, құрметтi азаматтары және қоғамдың кеңестiң мүшелерiмен кездестi.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика