Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Өзекті мәселелер қаралды

04.04.2017

Сәуiрдiң 4-i күнi аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов облыс әкiмiнiң берген тапсырмаларын орындау мақсатында жұмыс жиналысын өткiздi. Аталған шараға ауылдық округi әкiмдерi, жергiлiктi және аумақтық орган басшылары қатысты.

Ағымдағы жылы ауылдық округтердегi агроқұрылымдардың көктемгi-далалық жұмыстарға дайындалу барысы туралы Кiшiқарой, Ұялы және Ленинград ауылдық округтерiнiң әкiмдерi ақпарат бердi.

Ауылдық округi әкiмдерi 2016 жылы «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» және «Ырыс» мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының орындау барысы, оның 2017 жылға жоспары, мал басы мен одан шыққан өнiмдi арттыру бойынша хабардар еттi.

Жұмыс жиналысында тұрақты жұмыс орындары саны артыру және өзiн-өзi қамтитын азаматтардың санын азайту, МӘМС жүйесiн 1 шiлдеден бастап енгiзуге дайындық мәселелерi қаралып, онда ауылдық округi әкiмдерi мен жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы С. Мұқалықова, Жұмыспен қамту орталығының директоры Б. Жұрынтаев, ОАА бас дәрiгерi Ш. Сәбитова сөз сөйледi.

Ауданымызда бизнестiң дамуы, округтер бойынша заңды және жеке тұлғалардан салық және басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, алдағы уақыттағы мақсаттар мен мiндеттер туралы ауылдық округi әкiмдерi және кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы, экономика және қаржы, статистика мекемелерiнiң жетекшiлерi мәлiмет бердi.

Сонымен қатар, жиналыс барысында ағымдағы жылдың 4-25 сәуiр аралығында елдi мекендерде абаттандыру, көгалдандыру, тазалау шараларын өткiзу, келесi от жағу маусымына дайындық туралы сұрақтар қаралды.

Аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов жұмыс жиналысының қорытынын шығара келе, ауылдық округi әкiмдерi мен атқарушы орган басшыларына бiрқатар тапсырмалар бердi. Солардың iшiнде: ауылшаруашылық бағыттағы жерлердi тиiмдi пайдалану, заманауи технологияларды қолдану, жұмысшыларға лайықты жалақы төлеу, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, еңбек және техника қауiпсiздiгiн сақтау; IҚМ санын өндiру, сою, өлген малды көму және жою, нысандарын, ауылшаруашылық құрылымдар мен жеке шаруашылықтардан шыққан ауылшаруашылық өнiмдерiн сатып алатын жаңа цехтердi ашу, жаз маусымында мал бағу және т.б.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика