Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Сумен қамту мәселесі бойынша

04.04.2017

Аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов сәуiрдiң 4-i күнi сумен қамту мәселесi бойынша жұмыс жиналысын өткiздi.

«Жекешелендiрудiң 2016-2020 жылдарға арналған кейбiр мәселелерi туралы» ҚР Үкiметiнiң 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 Қаулысына сәйкес «Акжар» МКК меншiктi тұлғаға берiлген едi. Ендi сол кәсiпорынның жаңа иесi «Нұржан» ЖК болды.

Жиналыс барысында аудан әкiмi Талшық ауылының тұрғындары мен ұйымдарын ауыз сумен қамтамасыз ететiн «Нұржан» ЖК толық деңгейде жұмыс iстемей жатқанын белгiлеп өттi. Бүгiнгi күнге бұл кәсiпорынның «Есiл су» РМК алдында қомақты қаржылай қарызы бар. Сонымен қатар, ЖК аудандық электр желiлер станциясының алдында да берешектерi баршылық. Сондықтан аталған қарыздарды уақытында өтемесе, аудан орталығы сусыз қалатын қатерi тұр. Ал стратегиялық маңызы бар су үдемелi станциясын өз қарамағына алған кәсiпорын басшылығы тез арада бұл тығырақтан шығатын амалдар табу қажет деп ескерттi аудан әкiмi.

Кәсiпорын меншiктi болғандықтан, қаржы мәселесiн өздерi шешiп, миллион теңгеге жеткен қарыздан құтылу мiндеттi. Өйтпеген жағдайда, жергiлiктi орган тарапынан келiсiмшарт пен заңнамаға сәйкес тиiстi шаралар қолданылады.

«Нұржан» кәсiпорнының басшылығы берген мәлiметке сүйенсек, бүгiнде негiзгi қарызгер болып тұрған — ел тұрғындары. Сондықтан олармен тығыз жұмыс iстеу қажеттiгiн мойындады.

Аудан әкiмi жұмыс жиналысының қорытынын шығара келе, уәкiлеттi органдар — Талышқ ауылдық округi әкiмi, аудандық экономика және қаржы, тұрмыстық қоммуналдық-шаруашылық бөлiмдерiнiң басшыларына, жергiлiктi полиция қызметiне қарыздарды жабу бойынша барынша қолғабыс, кәсiпорынға әдiстемелiк көмек көрсету туралы тапсырма бердi.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика