Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Тәуелсіз ел халқының бірлігі күні

01.05.2017

Аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов мамырдың 1-i күнi Қазақстан халқы бiрлiгi күнiне арналған салтанатты шараға қатысты.

Алдымен, мерекелiк шара шеру жорығымен басталып, оларды аудандық Мәдениет үйi маңындағы алаңда аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов бастаған ақжарлықтар мен ауыл меймандары қарсы алды.

Құттақтау сөз сөйлеген аудан әкiмi 1 мамыр — Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесi, бұл күн бiздi бiр шаңыраққа бiрiктiретiн, бiрлiкке, ынтымаққа шақыратын күн екенiн ерекше жеткiздi.

Сөзiн жалғастыра келе, қазақ — қашаннан да бауырмал халық, әр қилы кезеңдерде елiмiзден пана iздеп келген «жат жұрттардың» бәрiн бауырына басып, төрiнен орын берiп, қандай қиын кезеңдердiң өзiнде бiр үзiм нанды бөлiп жегенiн белгiлеп, сөйтiп, қазақ жерi көпұлтты мемлекет болып шыға келгенiн атап өттi. Бүгiн елiмiзде 120 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi бiр тудың астында тату-тәттi өмiр сүрiп жатыр.

Өздерiңiзге белгiлi, ауданымызда да әр ұлт пен ұлыс өкiлдерi осы күнге дейiн ауызбiрлiк, ынтымақ, бейбiтшiлiктi сақтап келедi. Ол — бiздiң халқымыздың достығын, елдiгiн, ынтымағын бiлдiредi.

26 сәуiр күнi өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көне қазақ жерiне қоныстаған бүткiл ұлттардың көшу үрдiсiн көрсететiн, сонымен қатар, қазақ ұлтының мемлекет құратын ерекше орнын паш ететiн «Қазақстан халқы» интеркативтiк тарихи картаны жасауды ұсынған едi. Ал биылғы 2017 жыл тәуелсiз Қазақстанның тарихында өзара айрықша болып тұр.

Сессия барысында басты мәселе болып Мемлекет басшысы ұсынған маңызды жобалар — «Рухани жаңғыру» мақаласы мен и жақындап қалған ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесi едi.

Аудан әкiмi құттықтау сөзiн аяқтай келе, ел тұрғындары болашаққа зор үмiтпен қарап, оның сарабдал саясатын мақтан етiп, алдағы уақытта бейбiт өмiр мен ел бiрлiгi одан әрi нығаятынына кәмiл сенетiнiн белгiлеп, барша ақжарлықтарға денсаулық, әр отбасыға құт-береке тiледi.

Ел бiрлiгiне арналған мерекелiк шара егемендi елiмiздi мекен ететiн ұлт пен ұлыстардың салт-дәстүрiн, мәдениетiн сомдайтын сайыспен жалғасты. Ақжарқын, Алқатерек, Қазан ауылдары және Бестерек пен Талшық орта мектептерiнiң ұжымдары қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және үндi халықтарының өнерiн паш еттi.

Сайыс барысында бауырлас өзбек халқын бейнелеген Бестерек ОМ еңбек ұжымы жеңiмпаз атанды.

Сонымен қатар, бұл мейрам күнi спорттық жарыстар өткiзiлiп, аудандық кiтапхана жүйесi «Библиотека дарит мир», «Библиокафе» атты акциялар ұйымдастырды. Ал түстен кейiн аудандық балалар-жасөсiпiрiмдер мектебiнiң спорттық залында дәстүрге айналған «Ақжар Барысы-2017» атты аудандық жарыс өттi.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика