Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

«Жемқорлықсыз болашаққа. Бірге!» форумы өтті

26.04.2017

Аудан әкiмi Серiкбай Тұралинов сәуiрдiң 26-сы күнi аудандық Мәдениет үйiнде өткен жемқорлыққа қарсы «Жемқорлықсыз болашаққа. Бiрге!» форумына қатысты.

Форумда сөз алған аудан әкiмi бүгiнгi күнi Елбасының тапсырмалары мен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы» Заңының талаптарын орындау барысында ауданымыздың жергiлiктi атқарушы органдарымен тұрақты түрде мемлекеттiк тәртiптi нығайту, жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарының және мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексiн сақтау жөнiнде жұмыстар жүргiзiлiп жатқанын жеткiздi.

Бiздiң мемлекетiмiз әлемнiң басқа елдерi сынды жемқорлықты алдын алу және болдырмау бойынша мақсаы түрде жұмыс iстеп жатыр. ТМД мемлекеттерi iшiнде бiрiншi болып жемқорлыққа қарсыц заңнама шығарып, аталған сұрақ бойынша халықаралық келiсiмдерге қол қойды.

Сөзiн жалғастыра келе, аудан әкiмi ауданымыздың атқарушы органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және мемлекеттiк тәртiптi әрi қарай нығайту, заң талаптарын сақтау, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру бойынша барынша тиiмдi шаралар қабылданып, игi нәтижелерге қол жеткiзiп жатқанын белгiлеп өттi.

Аудан әкiмi сөзiн аяқтай келе, өткен мерзiмдерде ауданымызда жемқорлық бойынша құқық бұзушылық фактiлерi анықталмағанын ерекше атап өтiп, ауданымыздың бiрқатар мемлекеттiк қызметшi, мекеме, кәсiпорын басшыларына көп жылғы жемiстi еңбек атқарып, жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша белсендi азаматтық көзқарас қаратқаны үшiн Алғыс хатын табыс еттi.

Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы шұғыл топ мүшесi ретiнде белсендiлiк танытқаны үшiн облыс бойынша Мемлекеттiк қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет ету iстерi бойынша Агенттiк Департаментiнiң Алғыс хаттарын ауданымыздың бiрқатар белсендiлерiне — топ мүшелерiне аталған Департмент басшысы орынбасары Елена Степаненко тапсырды.

Форум барысында облыс бойынша Мемлекеттiк қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет ету iстерi бойынша Агенттiк Департаментi басшысының орынбасары Елена Степаненко, облыс бойынша жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша Ұлттық бюро департаментiнiң инспекторы Светлана Зайцева, Бестерек орта мектебiнiң директоры, аудандық мәслихат депутаты Болат Зәкенов, «Нұр отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Оксана Киккаринова, Кiшiқарой ауылдық округiнiң әкiмi Ермек Қайыржанов, Талшық орта мектебiнiң ағылшын тiлi мұғалiмi Салтанат Досжанова мiнбеге шығып, жемқорлыққа қарсы өз наразылықтарын бiлдiрдi.

Форум кезiнде жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы бейнефильмдер көрсетiлiп, Мәдениет үйiнiң қызметкерлерi дайындаған концертпен жалғасты.

Жемқорлығы жоқ елдiң болашағы зор. Бiз бiрлескен iс-шаралар арқылы кез келген сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұра аламыз!

Ұлт көшбасшсы Нұрсұлтан Назарбаев белгiленген жемқорлыққа қарсы күрес жолын әр қазақстандық, әр шаңырақ терең меңгерiп, бұл жолдағы жұмыс жалпы қоғамның, әр азаматтың iсi болуы тиiс.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика