Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

Құмар Ақсақалов: облыста қалыптасқан жағдай қатаң бақылауда

Жаңалықтар 20.04.2017

Құмар Ақсақалов: облыста қалыптасқан жағдай қатаң бақылауда

Бүгiн, яғни 20 сәуiр күнi таңертең облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде су тасқынына орай БАҚ өкiлдерiне сұхбат бердi.

— Қызылжар өңiрiнде, атап айтқанда Шал ақын, Есiл, Қызылжар аудандары мен облыс орталығында су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдайды сырттан, әлеуметтiк желiлерге жарияланып жатқан жалған ақпараттан естiмес үшiн, нақты деректермен айтып беру мақсатында сiздермен кездесiп отырмын. Жағдай күн сайын ғана емес, сағат сайын өзгеруде. Сондықтан мүмкiндiгiне қарай Өңiрлiк коммуникациялар қызыметiнiң алаңында су тасқынына байланысты орын алған жағдайларды хабарлап, күн сайын сiздердiң толғақты сауалдарыңызға жауап берiп отыратын боламын,- дедi Құмар Ақсақалов.

Құмар Iргебайұлының айтуына қарағанда, олыстағы тиiстi қызметтер мен жергiлiктi атқарушы органдар су тасқынына жоспарлы түрде дайындалды. Себебi биыл Қызылжар өңiрiне өткен жылғыға қарағанда екi еседей көп қар түстi. Соған орай Облыс орталығы мен аудандарда былтырғыға қарағанда екi есе көп, 1 млн. 108 мың текше метр қар тасып, шығарылды. Су тасқынының алдын алу мақсатында құрамында 2713 акдам бар 18 азаматтық қорғаныс қызметi құрылды, 41,1 мың тонна инерттi материал, 28,4 мың қапшық, 138,1 мың литр жанармай әзiрлендi. Қорғаныс қызметiнiң құрамында 1 мыңдай техника, 133 жүзгiш құрал бар. Жергiлiктi атқарушы органдардың бюджетiнен көктемгi су тасқынына байланысты шараларды өткiзуге 561 млн. теңiге қарастырылды. Су өтетiн құбырлар тазартылды, олардың өткiзгiштiгi ұлғайтылды, ойпаң жерлерге суағарлар жасалды. Көптеген елдi мекендердiң бүгiнгi күнi су тасқынынан зардап шекпеуi — соның арқасы.

Облыс әкiмi Сергеев су қоймасының қазiргi жағдайына ерекше тоқталды.

— Аталмыш су қоймасының қуаттылығы 693 млн. текше метрдi құрайды. Қазiр онда 1 млрд, 100 млн. текше метрдей су жиналған. Бұл — осы нысанның тарихында болмаған жағдай. Су қоймасының бөгетiнен асқан су 3 метр 37 сантиметрге дейiн көтерiлдi.Өткен жылы ол 2 метр ғана болған. Сондықтан Шал ақын, Есiл, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласындағы Есiл өзенiнiң арнасы бойында орналасқан елдi мекендерге, саяжай учаскелерiне, Заречный кентiне су тасқыны қауiп төндiруi мүмкiн. Қалыптасқан жағдайға байланысты дер кезiнде алдын алу шаралары қолданылып жатыр. Кеше ғана осы аудандарда болып, атқарылып жатқан жұмыстармен тiкелей таныстым. Жергiлiктi атқарушы органдар мен құтқарушы қызметтер жағдайды қатаң бақылауға алып, билiктi өз қолдарында ұстап отыр,- дей келiп, Құмар Ақсақалов нақты мысалдар келтiрдi. Мысалы, Есiл ауданындағы Николаевка және Петровка ауылдарының ойпаң жерлерiндегi тұрғын үйлердiң адамдары, малдары қауiпсiз жерге көшiрiлген. Өңiр басшысы жергiлiктi тұрғындардың қауiпсiздiк ережелерiн қатаң сақтауы, олардың эвакуациялануға қарсылық бiлдiрмеуi үшiн жергiлiктi атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметi пәрмендi жұмыс жүргiзiп жатқандығын да атап айтты.

— Әлеуметтiк желiлерде жарияланғандай, ауыз су ластанған жоқ. «Қызылжар су» ЖШС қалыпты жұмыс iстеуде. Серiктестiкте су құрамындағы зиянды заттарды залалсыздандыруға ерекше мән берiлуде. Таза су қорын жасаймыз деп әбiгерге түсудiң қажетi жоқ. Қазiргi кезде облыс орталығындағы саяжай иелерiн қауiпсiздiк шараларын жасау жайында ескертiп жатырмыз, — дей келiп, облыс әкiмi Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Рузаевка ауылында орын алған жағдайға толығырақ тоқталды.

Өңiр басшысының айтуынша, елдi мекеннiң жанындағы шағын өзендер суының арнасынан шығып кетуiне сенбiден жексенбiге қарай қауған үзiлiссiз жаңбыр қатты әсер еткен. Соның нәтижесiнде 106 үйге су кiрген, 12 үй қалпына келтiруге жарамай қалған. Ауыл тұрғындары қауiпсiз жерге көшiрiлген. Су тасқынының келтiрген залалын арнайы құрылған комиссия анықтауда. Оларға заңға орай өтемақы берiлетiндiгiн, бiрде-бiр адам өз қайғысымен жеке қалмайтындығын, зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында арнайы шот ашылғанын, басқа өңiрлерден де көмек келiп жатқандығын Құмар Ақсақалов атап айтты. Өңiр басшысы 19 сәуiр күнi ауыл тұрғындарымен кездескен кезде де осы күрделi мәселенi ашық айтқандығын, олар жергiлiктi атқарушы органдар мен тиiстi қызметтердiң iсiне риза екендiгiн тiлге тиек еттi. Үйлерiне су кiрген рузаевтықтар баспаналарына орала бастамақ. Жарамсыз үй иелерiне тиiстi көмек көрсетiлмек.

«Хабар» арнасының тiлшiсi Самат Жақыпов Шал ақын ауданындағы Кеңес ауылының 70 жылқысы опат болды деген ақпарат бар екенiн, оларға қандай көмек көрсетiлетiндiгiн сұрады.

Бұл ақпарат қазiр тексерiлiп жатыр. Ол заң жүзiнде дәлелденсе, тиiстi өтемақы төленетiн болады, — дедi олыс әкiмi.

Республикалық «Время» газетiнiң тiлшiсi Ульяна Әшiмова облыс орталығындағы Былғары зауыты шағынауданының тұрғындары жыл сайын су тасқынынан зардап шегетiндiгiн, алайда оларға ешқандай көмек көрсетiлмейтiндiгiн, сондықтан төлемақы төленбеу себебiн бiлгiсi келетiндiгiн алға атрты.

— Өтемақы төлеудiң заң жүзiнде өз тәртiбi бар. Онымен тиiстi орган айналысады. Олардың талабына жауап берсе, өтемақы мiндеттi түрде төленедi, — дедi Құмар Iргебайұлы.

Баспасөз мәслихатында жөндеудi қажет ететiн 4 гидротехникалық қондырғының жағдайы да сөз болды. Өңiр басшысының айтуынша, су тасқыны аяқталғаннан кейiн көктемгi қалыптасқан жағдайға жан-жақты сараптама жүргiзiлiп, атқарылатын шаралар белгiленедi. Соған орай тиiстi қаражат қарастырылады.

Кездесудiң соңында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов су тасқынына байланысты жағдай күн саайын өзгерiп тұратындығын, соған байланысты нақты, боямасыз ақпараттарды өңiр басшысынан осындай форматта тiкелей алуға болатындығын тағы да еске салды.

Құмар Ақсақалов: облыста қалыптасқан жағдай қатаң бақылауда

Құмар Ақсақалов: облыста қалыптасқан жағдай қатаң бақылауда

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика