Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

Құмар Ақсақалов пен «Нүр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Николаевка ауылының қауiпсiз жерге көшiрiлген тұрғындарымен кездестi

Жаңалықтар 19.04.2017

Құмар Ақсақалов пен «Нүр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Николаевка ауылының қауiпсiз жерге көшiрiлген тұрғындарымен кездестi

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Есiл ауданындағы су тасқыны жағдайымен жеке танысты, Николаевка ауылының қауiпсiз жерге көшiрiлген тұрғындарымен кездестi және солтүстiкқазақстандықтарды жеке қауiпсiздiк ережесiне мұқият болуға, су тасқыны кезiнде құтқарушылар тұрғындарға ұсынатын барлық талаптарды орындауға шақырды.

Есiл ауданында су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдайды аудан әкiмi Мұратбек Әбiшев айтып бердi. Оның мәлiметi бойынша, Жарғайың ауылында 30 тұрғын үйге су кiру қаупi төнген. Ауыл биiктеу дөңеске орналасқандықтан әзiрше үйлер мен аулаларда су жоқ,. Алайда әйелдер мен балаларды және iрi қара малды Өрнек ауылына көшiрген. Қауiпсiз жерге көшiруге Өрнек ауылының тұрғындары, СҚО ТЖД-нiң жедел-құтқару отряды, жергiлiктi полиция қызметкерлерi, №10 явленкелiк өрт сөндiру бөлiмiнiң жасақтары қатысты.

Николаевка ауылында қалыптасқан жағдай туралы баяндай келе, Есiл ауданының әкiмi Мұратбек Әбiшев 40 үйден 114 адам, 47 iрi құара мал, 56 шошқа мен 20 қой қауiпсiз жерге көшiрiлгенiн атап айтты. Жұмысқа 70 адам жұмылдырылған. Тұрғындар эвакуациялау қосынына, сол сияқты достары мен туысқандарының үйлерiне орналасыпты.

Сол сияқты Мұратбек Әбiшевтiң айтуынша, Покровка жанындағы көпiрдiң оң және сол жағында көп су сыятын Есiл өзенiнiң арнасы бар. Аудандағы басқа елдi мекендерге әзiрше төнiп тұрған қауiп жоқ. «Қызылжар ауданының шекарасына дейiн тұрғындарға қауiп төндiрмей, артық суды қабылдай алатын 2 мың гектар алқап бар», — дедi аудан әкiмi.

Аудан басшыларының мәлiметi бойынша, Совет ауылы жанындағы облыстық маңыздағы жолға тәулiк бойы кезекшiлiк ұйымдастырылған. Бұл жерде автожол арқылы су ағатыны байқалады. Оған ескерту белгiлерi қойылған. Қасында — үлкен Тораңғұл көлi. «Үлкен Тораңғұлға су ағу азая түсуде, одан шыққан су бұрынғы көлемде. Таяу күндерi жағдай тұрақталады деп ойлаймын, себебi судың құйылуы тұрақталып келедi», — дедi СҚО Төтенше жағдайлар жөнiндегi департаменттiң бастығы Павел Филиппов. Ауданда тасқын суға қарсы шаралар өткiзу үшiн барлық қор жеткiлiктi және тұрғындарға көрсетiлетiн көмектiң бар екендiгiн де қоса айтты.

Облыс әкiмi таяу күндердегi ауа райының қолайсыз жағдайлары туралы Есiл ауданының басшысына ескертiп, дағдарысты жағдайдан аз шығынмен шығу үшiн барлық мүмкiндiктi пайдалануды тапсырды

«Сергеев су қоймасындағы шарықтау шек кеше болды (18 сәуiр күнi), сол күнi су бөгет ернеуiнен жоғары 3 метр 37 сантиметрге көтерiлдi. Қазiр су деңгейi 3 метр 30 сантиметрге түстi. Маужырауға әлi ертерек, өйткенi үш-төрт күннен кейiн қатты жауын жауады деген болжам бар, сондықтан алдымызда қиын жағдай орын алуы мүмкiн. Ең негiзгiсi — тұрғындардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қауiпсiз жерге көшiрiлгендердiң мүлкiн сақтау», — дедi Құмар Iргебайұлы.

Николаевка ауылында Құмар Ақсақалов эвакуациялық қосында болып, үйлерi су тасқыны аумағында орналасқан тұрғындармен кездестi. Өңiр басшысы адамдарға жасалған жағдайлармен танысты, николаевтiктердi қауiпсiздiк ережесiн сақтауға, ТЖ жөнiндегi департамент қызметкерлерiнiң талаптарын орындауға шақырды..

«Бiз кез келген сценарийге дайын болуға тиiспiз. Су басу қаупi бар аумақтарда тәулiк бойы кезекшiлiк ұйымдастырылған, құтқарушылар мен полиция қызметкерлерi тұрғындардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. ТЖД қызметкерлерiнiң талабын мiндеттi түрде орындаңдар, егер құтқарушылар бұдан да қауiпсiз жерге көшiңдер десе, мойын ұсыныңдар, қарсыласудың қажетi жоқ», — дедi өңiр басшысы.

Өз кезегiнде Николаевка ауылының тұрғындары жергiлiктi атқарушы органдардың ұйымшылдығының жоғары екендiгiн атап айтты.

Құмар Ақсақалов Николаевка көшесiмен жүрiп, су басуы мүмкiн аумақтағы үйлердi, сол жерде жұмыс iстеп жатқан техникаларды байқап көрдi.

Облыс әкiмi жергiлiктi атқарушы органдар өз тарапынан су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсететiндiгiн атап айтты.

Қазiргi уақытта облыста Есiл өзенiнiң арнасына жақын орналасқан 11 елдi мекен су басуы мүмкiн аумақта орналасқан.

Құмар Ақсақалов пен «Нүр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Николаевка ауылының қауiпсiз жерге көшiрiлген тұрғындарымен кездестi

Құмар Ақсақалов пен «Нүр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Николаевка ауылының қауiпсiз жерге көшiрiлген тұрғындарымен кездестi

Құмар Ақсақалов пен «Нүр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Николаевка ауылының қауiпсiз жерге көшiрiлген тұрғындарымен кездестi

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика