Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аудан әкімінің жұмыс сапары

Маусымның 20-сы күнi аудан әкiмi Ербатыр Мадияров жұмыс сапарымен Ленинград және Айсары ауылдық округтерiнде болды.

Сапар барысында аудан әкiмi Ленинград және Айсары ауылдық округтерiнiң активiмен кездесу өткiздi.

Кездесу барысында ел тұрғындарының тұрмыстық жағдайы мен деңгейiн сұрастырып, әлеуметтiк-мәдени бағыттағы нысандардың, жеке меншiктiң ахуалы, ауыл шаруашылығының жағдайымен де танысып, ауыл тiршiлiгiнiң ең басты негiзi белсендiлiкте жатқанын жеткiздi. Ал мемлекет өз тарапынан елдiң қарқынды дамуы үшiн барлық жағдай жасап, түрлi бағдарламалар шығаруда. Сондықтан ауылды жерде мал және егiн шаруашылығымен терең шұғылдану қажет, ал жергiлiктi билiк өкiлдерi жан-жақты көмек беру дайын.

Кездесуде тұрғындар тарапынан жолдарды жөндеу, су тарту, Айсары ауылында ұялы байланыс орнату сияқты сұрақтар қойылды.

Ал маусымның 22-сi мен 26-сы күндерi ауданымыздың бiрiншi басшысы Май, Ұялы және Қулыкөл ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк орталықтарында болып, ел тұрғындарымен кездесу жасады. Округ тұрғындарының өзектi мәселелерiн бiлiстiрiп, тұрмысы, әлеуметтiк-экономикалық ахуалымен танысты.

Кездесуде аудан әкiмi ел тұрғындарын халықтың хал-ахуалын арттыратын мемлекеттiк бағдарламаларға қатысуға, ал ауылшаруашылық кәсiпорын басшыларын ауылдың қоғамдық өмiрiне үлес қосып, белсендiлiк танытуға шақырды.

Қулыкөл ауылында болған кезiнде аудан басшысы басқа аймақтан көшiп келген отбасының үйiне барды, «Кең дала» АӨК сүт қабылдайтын цехi, ауылдық мектептiң мұражайының жұмысымен танысты.

Аталған ауылдардың активiмен кездесуiнен қорытын шығарған аудан әкiмi шешiлмейтiн мәселелер жоқ, тек округ әкiмдерi, шаруа қожалықтары, тұрғындардың өзiнен батылдық пен белсендiлiк қажет екенiн белгiледi. Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiгiн нығайту өзектi, кәсiпорын басшылары жалақыны көтерсе, сонда бюджетке тиiстi салық та ұлғаяды.

Сонымен қатар, маусымның 26-сы күнi аудан әкiмi Талшық ауылындағы бiрқатар ұйымдарға барып, олардың жұмысымен танысып шықты.

Кездесу соңында аудан әкiмi Ербатыр Мадияров ауылдық округi әкiмдерiне орындау мерзiмi белгiленген бiрқатар тапсырмалар бердi.

Аудан басшысының жұмыс сапары кезiнде онымен бiрге аудандық мәслихат хатшысы Айбек Хоршат және аудан әкiмiнiң орынбасары Абдыжапар Қиманов болды.

Мақаланың шыққан күні: 29.06.2018
Қаралым саны: 169

СҚО Ақжар ауданы әкiмi
Мадияров Ербатыр Қайыргелдіұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Подать резюме

E-gov порталын жиі пайдаланасыз ба?

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2018  Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+