Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Халыққа қызмет көрсету орталығы және БЖЗК

Халыққа қызмет көрсету орталығы және БЖЗК

Электрондық үкiмет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақ анықтама алуға болады

Мемлекеттiк органдардан ноу-хауды сынауға әзiрше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгiнгi күннен бастап электрондық үкiмет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшiн электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы мiндеттi емес. Қазақстандықтар оны еgov.kz порталына авторлану кезiнде қызметтi алушының ұялы телефонына түсетiн бiр реттiк sms-паролiнiң көмегiмен алуларына болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл жаңалық порталдан қызметтердi алуды едәуiр жеңiлдететiн болады. «Қазақстандықтардың барлығында ЭЦҚ бола бермейдi, ал ЭЦҚ барлары оны әрқашан өзiмен бiрге алып жүрмейдi, сондай-ақ бiр анықтама алу үшiн ХҚКО-ға бару барлығына бiрдей қолайлы емес. Мұндай жағдайларда, қызметтi бiр реттiк парольдiң көмегiмен алу — жағдайдан шығудың тамашы бiр жолы болып табылады. Бiр реттiк парольдi ЖСН-дi телефон нөмiрiне байланыстыра отырып, ХҚКО-дан да алуға болады. Осылайша, жақында ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақ өзге де мемлекеттiк қызметтердi алуға болады», — дедi А. Оспанов.

Айтпақшы, бiр реттiк парольдi алу үшiн азаматтар электрондық үкiмет порталында m-gov телефон нөмiрлерi базасына тiркеле алады.

Осы жоба Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң бастамасы бойынша ҚР Бас прокуратурасымен бiрлесе отырып, пилоттық режимде iске асырылды. Қазiргi кезде басқа мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметтерiн алу процестерiн жеңiлдету жұмыстары жүргiзiлiп жатқанын айта кеткен жөн.

Электрондық үкімет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақ анықтама алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамы баспасөз қызметi

Астанада Сауран көшесi, 7 мекенжайындағы ХҚКО түн ортасына дейiн жұмыс iстейтiн болады

Үкiмет клиенттерге ыңғайлы болу үшiн азаматтарға арналған арнайы жаңа пилоттық жобаны iске қосты. Ендi бiр күн iшiнде мемлекеттiк қызмет алып үлгермеген астаналықтар, оны жұмыс күндерi таңғы сағат 8.00-ден түн ортасына дейiн және сенбi күнi таңғы сағат 8.00-ден 20.00-ге дейiн ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, пилоттық жоба әзiрге тек Сауран, 7 мекенжайында орналасқан астаналық ХҚКО-да iске асырылды. «Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары бұл ХҚКО-да мемлекеттiк қызметтердi танғы сағат 8-ден түн ортасына дейiн ала алады. Сонымен қатар басқа ХҚКО-ға барып, белгiлi бiр қызметке құжаттарын тапсырып, нәтижесiн алуға үлгермеген азаматтар оны Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да сағат 7-ден 24.00-ге дейiн алуларына болады. Пилоттық жоба 2 айға жалғасады. Түнгi уақытта бұл ХҚКО-ға келушiлер саны артқан жағдайда, бiз Алматы қаласында және Қазақстанның басқа өңiрлерiнде де осындай жұмыс кестесiмен ХҚКО-ларды ашу нұсқасын қарастырамыз», — дедi ол.

Оспанов, егер азамат басқа ХҚКО-ға барып, қызметтердi ресiмдеген жағдайда, Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да дайын қызметтi алуына болатын екi нұсқаның барын атап өттi. Бiрiншi жағдайда, азамат құжаттарын ресiмдеу барысында-ақ ХҚКО инспекторына қызметтердi түнгi уақытта жұмыс iстейтiн ХҚКО-да алатынын айтады. Екiншi жағдайда, ол 1414 нөмiрi бойынша Бiрыңғай байланыс орталығына хабарласып, дайын нәтиженi Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да алуға өтiнiш қалдырады, бұл ретте операторға қолхат нөмiрiн қосымша айтады.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұл Үкiметтiң мемлекеттiк қызметтердi алуды жеңiлдетуге бағытталған бiрiншi жобасы емес. Мемлекеттiк корпорация наурыз айында есту және сөйлеу қабiлетi бұзылған клиенттерге қызмет көрсету үшiн онлайн сурдоаударма қызметiн, дайын құжаттарды үйге жеткiзу жаңа сервисiн iске қосты, сондай-ақ наурыз айынан бастап қазақстандықтарға мемлекеттiк көрсетiлген қызметтердiң нәтижесi туралы смс-хабарлама түсiп тұрады.

Астанада Сауран көшесі, 7 мекенжайындағы ХҚКО түн ортасына дейін жұмыс істейтін болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет дайын құжаттарды үйге жеткiзу қызметiн iске қосты

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бiрлесiп дайын құжаттарды үйге жеткiзу қызметiн iске қосуда. Ендi қазақстандықтардың дайын құжаттарды алу үшiн ХҚКО-ға барудың қажетi жоқ, кез келген көрсетiлген орынға, үй болсын, кеңсе болсын, курьер жеткiзiп беретiн болады.

Бұл сервистi пайдалану үшiн клиент қызмет алуға қажеттi толық құжаттар пакетiн ХҚКО инспекторына өткiзедi және дайын құжаттарды жеткiзiп беру жөнiндегi өтiнiмдi толтыру үшiн ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлерiне жүгiнедi. Құжаттарды жеткiзiп беру қызметi жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негiзде көрсетiледi. Үйге жеткiзiп беру бағасы қызмет көрсетiлетiн аймаққа және соңғы жеткiзiлiм мекенжайына байланысты болады. Жеткiзiлiм жайлы ақпаратты берiлген трек-нөмiрi бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтiң ең төменгi құны — 500 теңге. Қызмет алушы жеткiзiлiм төлемiн дайын құжаттарды алғаннан кейiн жүргiзедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған. «Қазiргi уақытта қызметтердi автоматтандыру жұмыстары белсендi түрде жүрiп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметтi электрондық үкiмет порталының көмегi арқылы үйден шықпай-ақ алады. Алайда, ХҚКО-ға келмей рәсiмдеуге болмайтын қызмет түрлерi де бар. Соңғы уақытта қызметтi үйде отырып алуға өтiнiш бiлдiрген азаматтардың қатарының өсуiне байланысты, бiздiң қызмет алушыларымызға ыңғайлы болу үшiн осы сервистi iске қосуды шештiк» — дедi ол.

Сондай-ақ Оспановтың айтуынша, бүгiнде «Азаматттарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға ыңғайлы болатын барлық жағдайларды жасауда, атап айтқанда ХҚКО-ларда күту және рәсiмдеу уақыттарын қысқарту, электрондық кезектiң, бейнекамераның жұмыс iстеуi, сондай-ақ ХҚКО-лардан қызметтi алуда жайлылық жағдайларының жаңа мүмкiндiктерi қарастырылуда.

Мемлекеттiк корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және т.б. арналар арқылы тағы да бiрнеше сервистер мен жобаларды енгiзудi жоспарлап отыр.

Азаматтарға арналған үкімет дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес
акционерлiк қоғамы баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiметте онлайн сурдоаударма қызметi iске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияда сөйлеу және есту қабiлетi бұзылған азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Ендi бұл адамдарға ымдау тiлiнiң кәсiби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимiнде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкiметтiң бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бiрлестiгi» қоғамдық бiрлестiгiмен бiрiге отырып жүзеге асырылды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тiлiн меңгерген 862 маман жұмыс iстеуде. «Дегенмен де, бiз осымен тоқтап қалмай, одан әрi дамытуды жөн көрдiк. Ендi ХҚКО-ның жеңiлдiк терезесiне жүгiнген сөйлеу және есту қабiлеттерi бұзылған тұлғалар ым-ишарат тiлiнде қажеттi құжатты қалай алу керектiгiн шынайы уақыт режимiнде айтып беретiн, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» — дедi Оспанов.

Әзiрге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгiнде «Азаматттарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi кедергiсiз және сапалы көрсетуге мүмкiн болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңiлдiк терезелерi, ал 1 және 2 топтық мүгедектiгi бар тұлғалар Бiрiңғай байланыс орталығының 1414 нөмiрiне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйiне шақыруына болады.

Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерi 1 және 2 топтық мүгедектiгi бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметтi үйiнде көрсеткен.

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш. 109)

ҚР ӘМ «Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi» деректер базасының жұмысы қалпына келтiрiлдi

«Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi» мемлекеттiк деректер базасының жұмысын қалыпқа келтiру бойынша техникалық жұмыстар аяқталды. Ендi қазақстандықтар ХҚКО-лардан барлық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуларына болады.

Жүйенiң iстен шығуы кезiнде жылжымайтын мүлiк саласы бойынша қызметтердi алу мүмкiн болмады, оның үстiне тұрғылықты жерi бойынша тiркелуге ниет бiлдiргендер мекенжайларының тiркелу кодын тексере алмағандықтан, тұрғылықты жерi бойынша уақытша тiркеуде қиындықтар болды.

Естерiңiзге сала кетсек, елiмiздiң ХҚКО-ларында уақытша тiркеу жалғасуда, оны қазақстандықтар қазiргi кезде кезексiз алуларына болады. ХҚКО-лардағы кезек саны туралы ақпаратты мемлекеттiк корпорацияның www.goscorp.kz ресми сайтынан көруге болады және ақпарат сағат сайын жаңартылып тұрады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iшкi 109)

Абылайхан Оспанов: «Азаматтарға арналған үкiмет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудiң негiзгi драйверi болуы тиiс

Мемлекеттiк корпорация төрағасы Абылайхан Оспанов ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi алқасының кеңейтiлген отырысында: «Азаматтарға арналған үкiмет» дамуының перспективалары туралы, заманауи ХҚКО-лар құру, үйге барып қызмет көрсету және мемлекеттiк қызметтердi алудың жаңа орындарының ашылуы туралы айтты.

Оспановтың айтуынша, қазiргi таңда мемлекеттiк корпорация трансформациялау жоспарын пысықтап жетiлдiруде. «Азаматтарға арналған үкiмет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудiң негiзгi драйверi болуы тиiс. Ол үшiн корпорация азаматтармен өзара қарым-қатынас кезiнде тиiмдi және ең үздiк, сандық тәжiрибенi ендiрiп, iштен өзгеруi тиiс — дедi Абылайхан Оспанов.Аталған жетiстiктерге жету үшiн мемлекеттiк корпорацияның 2017 жылы үш негiзгi даму бағыты анықталды. Бұл мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде сервистiң артуы, қызметтердi көрсету процесiнде жаңа технологияларды ендiру және қызмет көрсету спектрiн кеңейту. Осылайша, жақын арада қызметтi үйге жеткiзiп алуды қосу, Астана және Алматы қалаларында заманауи ХҚКО-ларды ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттiк корпорация басқармасының төрағасы кейбiр қызметтердi алу кезiнде тiркелген мекенжайына байланыстыруға, қызметтi берушiлердiң ақпараттық жүйеде кездесетiн құжаттарды талап етуге қатысты және т.б. бiрқатар проблемалық сұрақтарды көтердi. «Бiз мемлекеттiк қызметтердi алу кезiндегi қиыншылықтарды шешу жолдарымен жұмыс iстеудемiз. Қаңтар айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп босанған әйелдерге бала тууға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне жәрдемақы тағайындауды тiркелген орнына байланыстырмай, яғни облыс шеңберiнде ресiмдеуге жол беретiн пилоттық жоба iске қосылды. Қазiр бұл қызметтiң эксаумақтылығын Қазақстан бойынша енгiзу мәселелерi пысықталуда» — дедi Оспанов.

Абылайхан Оспанов: «Азаматтарға арналған үкімет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуы тиіс

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш.109)

09.02.2017

Азаматтарға арналған үкiмет көрсететiн қызметтер саны тағы 53 қызметке артты

Бүгiнде Азаматтарға арналған үкiмет арқылы 546 мемлекеттiк қызмет қолжетiмдi. Жаңа қызметтердiң басым бөлiгiн Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрлiктерiнiң және ҚР инвестициялар және даму министрлiгiнiң қызметтерi құрады.

Мемлекеттiк корпорацияда ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрiсiн басқару жүйесiн дамытуды субсидиялауды, АӨК (агроөнеркәсiп кешенi) саласында дайындау ұйымын аккредиттеудi, құрылыс объектiлерi жоспарларын кешендi ведомствоiшiлiк сараптау жүргiзуге үмiткер заңды тұлғаларды аккредиттеудi, ҚР резидентi болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға нвесторлық визалар алуға қолдаухат берудi рәсiмдеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы бұл қызметтердi көрсету мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн өзгерткеннен және «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесiне (ХҚКО ЫАЖ) өзгерiстер енгiзгеннен кейiн мүмкiн болып отыр. Ендi азаматтардың бұл қызметтер үшiн мемлекеттiк ооргандарға жүгiну қажеттiгi жоқ. Демек, аталмыш қызметтердi мемлекеттiк корпорацияның басқа қызметтерi сияқты аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкi 20.00-ға дейiн түскi үзiлiссiз алуға болады.

Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында соңғы кездерi азаматтарды уақытша тiркеу қызметi бойынша орын алған кезек саны едәуiр азайған. Жыл басынан бастап 400 мыңнан астам адам уақытша тiркеуден өткен.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш.109)

03.02.2017

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Ақжар аудандық бөлiмi

2016 жылғы 3-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Шiлде

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік маркасының атауы және нөмірі Ескерту
2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы —  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақжар аудандық бөлімі Ленинград а/о Ленинград а. 3983 40 2016 ж. 12.07 2016 ж. 19.07 2 Ауылдық округ әкімдігі Жаканов А.Е. Садвакасов Д.М. Амрин Н.М. Ssang Yong Kyron 202 AN15  
Алқатерек а/о Алқатерек а. 695 65 2016 ж.13.07 2016 ж. 20.07 2 Ауылдық округ әкімдігі Салыков К.С. Садвакасов Д.М. Амрин Н.М.  

Тамыз

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік маркасының атауы және нөмірі Ескерту
2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы —  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақжар аудандық бөлімі Восход а/о Восход а. Ақсай а. 404 72 2016 ж. 10.08 2016 ж. 17.08 2 Ауылдық округ әкімдігі Нуртазин Ш.К. Садвакасов Д.М. Амрин Н.М. Ssang Yong Kyron 202 AN15  
Айсара а/о Айсара а. 242 82 2016 ж. 11.08 2016 ж. 18.08 2 Ауылдық округ әкімдігі Танкибаева С.К. Садвакасов Д.М. Амрин Н.М.  

Қыркүйек

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік маркасының атауы және нөмірі Ескерту
2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы —  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақжар аудандық бөлімі Май а/о
Май а.
510 40 2016 ж. 12.09 2016 ж. 19.09 2 Ауылдық округ әкімдігі Надыров М.М. Садвакасов Д.М. Амрин Н.М. Ssang Yong Kyron 202 AN15  
Ақжарқын а/о Ашыкөль  а. 449 55 2016 ж. 14.09 2016 ж. 21.09 2 Ауылдық округ әкімдігі Калиев М.М. Садвакасов Д.М. Амрин Н.М.  

23.01.2017

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдiк топтары базарлар мен оқу орындарына шықты

Бүгiннен бастап азаматтардың қолайлылықтары үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдiк топтары электрондық үкiмет порталы арқылы азаматтарды уақытша тiркеу бойынша қызметтердi көрсету үшiн оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайтын болады.

«Уақытша тiркелiп үлгермеген азаматтардың қолайлылықтары үшiн ХҚКО-лардың мобильдiк топтары ЖОО-ларда және сауда үйлерiнде қызмет көрсететiн болады. Мобильдiк топтардың инспекторлары барлық қалаушыларға электорондық цифрлық қолтаңба жазып, электрондық үкiмет порталында уақытша тiркеуге өтiнiш ресiмдеуге көмектеседi. Бұл шығулар барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — Мемлекеттiк қызметтердi көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташева.

Оның айтуынша, Астанада мобильдiк топтар «Артем», «Еуразия», «Азиа парк» сауда үйлерiне, ал Алматыда «Тигрохауд», «Арыстан», «Болашақ» және т.б. базарларға шығатын болады. Мобильдiк топтар барлығы 82 нүктенi, оның iшiнде ЖОО-ларды, базарларды және мемлекеттiк ұйымдарды қамтуды жоспарлап отыр.

Естерiңiзге сала кетсек, азаматтарды уақытша тiркеу қызметiн электрондық үкiмет порталы арқылы онлайн жүзеге асыруға болады. Қызмет «Азаматтық, миграция және иммиграция» тарауында қолжетiмдi. ХҚКО қызметкердерi азаматтарға уақытша тiркеуге өтiнiмдi ресiмдеуге көмектеседi, бұл ретте меншiк иесi (бiреу немесе бiрнеше) ЭЦҚ арқылы өз келiсiмiн растауы тиiс, одан кейiн өтiнiм тiркелушiнiң Жеке кабинетiне қайтып келедi. Ол онлайн режимiнде мемлекеттiк баж салығын төлеуi қажет және өз өтiнiшiнiне ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет. Уақытша тiркелгенiн мекенжайын тексеру үшiн азамат мекенжай анықтамасын ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз-қызметi

Халыққа электрондық. цифрлық. қ.олтаңба беру бойынша мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерiнiң шығу нүктелерiнiң (сауда нүктелерi, базарлар, оқ.у ұйымдары т.б.) тiзiмi

Қала, облыс Шығу нүктелері (сауда орындары, базар, оқу ұйымдары) Орналасқан орны
1 СҚО 1. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
2. Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі
3. Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі
4. №4 Емхана ШЖҚ КМК Петропавл қаласы, «Денсаулык»
5. «Тайга» базары
Петропавл қ., Пушкин к/сі 86
Петропавл қ., Бостандық к/сі 51
Петропавл қ., Шухов к/сі 42
Петропавл қ., Шухов к/сі 34
Петропавл қ., Жамбыл к/сі 188

16.01.2017

Ендi бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жерiне байланыстырмай-ақ рәсiмдеуге болады

Азаматтарға арналған үкiмет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жобаны iске қосты. Бүгiннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақыны бiр облыс iшiнде тiркеуiне қарамастан ресiмдеуiне болады.

Естерiңiзге түсiре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы пилоттық жобаны iске қосқан болатын, оның шеңберiнде корпорация қызметкерлерi перзентхана ғимараттарында бiрден 4 бiрдей қызмет көрсетуге өтiнiш қабылдай алатын. Бұл қызметтер: бала тууын тiркеу, бала тууына және оны бiр жасқа дейiн күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтiк тәуекелдер жағдайына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: бiр жасқа толғанға дейiнгi уақытта бала күтiмiне байланысты кiрiсiнен айырылу, балаларды мектепке дейiнгi мекемелерге кезекке қою. Бүгiнгi күнде бұл жобаға ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтiң айтуынша бала тууымен байланысты перзентханаларда көрсетiлетiн композиттiк қызметтер пилотын мемлекеттiк корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестiледi. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тiркелген жерiнен ғана өтiнiш берулерiне болатын болды.

«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Бурабайда тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелген болып, ал Көкшетау қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшiн тiркелген жерi бойынша, яғни Бурабайдағы ХҚКО-ға жүгiнуiне тура келетiн. Бiз бұл мәселенi шештiк және бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақы тағайындауға өтiнiш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмiн әзiрледiк. Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс iшiнде ғана жұмыс iстейтiн болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша iске қосуды жоспарлап отырмыз», — дедi Еренчинов.

Сондай-ақ Еренчиновтiң айтуынша, балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсiмдеу үшiн эксаумақтық қағидатты енгiзу — мемлекеттiк қызметтердi алуды жеңiлдетудiң кезектi қадамы, себебi, бұл 4 бiрдей қызметтi алу үшiн қазақстандықтарға құжаттардың минималды топтамасы қажет  — бұл  — ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлiк және оның көшiрмесi (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәлiктiң көшiрмесiн бермейдi), баланың тууы туралы медициналық куәлiк (перзентханада берiледi), барлық балалардың тууы туралы куәлiктерi немесе ахуалдық жазбалардың көшiрмесi, банктiк шоттың нөмiрi жайлы құжат.

Пилоттық жобаны iске қосқан сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарды жүз мыңнан астам қызмет көрсеткендiгiн айта кету керек.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

05.01.2017

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiр жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiр жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылы қазақстандықтарға 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi, оның 33 миллионнан астамын мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясы көрсетсе, 1,3 миллионнан астамын «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы көрсеткен, сондай-ақ 703 мыңнан астам қызмет жылжымайтын мүлiк және жер кадастры саласы бойынша көрсетiлген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, тек қана «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторы арқылы жыл бойы 8 миллионнан астам кеңес берiлiп, қызмет көрсетiлген. «Бүгiнде бiз мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн барынша қолайлы жағдай жасау, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкiндiктерiн қолданудамыз. Осылайша, әрбiр бөлiмде азаматтар өз бетiнше электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегiне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алатын өз өзiне қызмет көрсету секторлары жұмыс iстеуде. Ол үшiн оларға осы жерде, яғни мемелекеттiк корпорацияның ғимаратында берiлетiн электрондық цифрлық қолтаңбасы болса болды», деп қосты Құмарғалиев.

Айта кетерлiгi, жыл бойы 3,5 млн. астам қазақстандықтар қолтаңбаның электрондық нұсқасына ие болды.

Сондай-ақ Қазақстанда көлiктi қайта ресiмдеу және жүргiзушi куәлiгiн беру қызметтерi көрсетiлетiн, автокөлiк иелерiне арналған 12 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстеуде. Жыл басынан берi мамандандырылған ХҚКО-ларда миллиондай автокөлiк қайта тiркелген, ал жүргiзушi куәлiктерiн 253 мыңнан астам адам алған.

Құмарғалиевтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорацияның бөлiмдерi жоқ шалғай елдi мекендерде мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. «Шалғай елдi мекендердегi тұрғындардың уақыты пен қаражатын үнемдеу мақсатында, бiздiң қызметкерлер қажеттi жабдықтармен оларға өздерi баруда. Шығу кестесi тоқсан сайын аудандық әкiмшiлiкпен бiрлесiп құрылып, жергiлiктi БАҚ-та жарияланып отырады», -деп қосты ол. Жыл басынан берi мобильдiк ХҚКО 13 мыңнан астам шығуларды ұйымдастырып, 500 мыңға жуық қызмет көрсеткен.

Естерiңiзге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы осы жылдың сәуiр айында құрылған, оның құрамына 4 РМК — «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» кiрдi. Қазiргi кезде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында 21 мыңнан астам адам жұмыс iстеуде. Қазақстан бойынша мемлекеттiк корпорацияның 530 мемлекеттiк қызмет көрсететiн барлығы 362 фронт-офисi жұмыс iстейдi. Осы ретте, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы көрсетiлетiн қызметтер саны тағы 53-ке артпақ.

29.12.2016

Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi қыстық сенбiлiк өткiздi

Работники госкорпорации устроили зимний субботникРаботники госкорпорации устроили зимний субботник

Азаматтарға арналған үкiметтiң орталық аппарат жұмыскерлерi жаңа жыл қарсаңында сенбiлiк өткiздi. «Таза өмiрдегi — таза болашақ» атты ұранмен екi жүзден астам әрiптес ғимарат маңындағы қарды тазалауға жиналды. Ұжымдық iс-шараға басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтiң бастауымен Қоғамның орталық аппаратының барлығы, сондай-ақдепартамент мамандары түгел қатысты. Тазалық таңертең жұмыс уақытына дейiн басталды.

Аппарат басшысы Қайратғали Хайрулланың айтуынша, мұндай iс-шаралар ұжымды ұйымшылдыққа бастап қана қоймай, денсаулықты да шынықтырады. «Күнде өз тереземiзден қаланың коммуналдық қызметтерi қала көшелерiн қардан тазартып жүргендерiн көремiз. Ал жаңа жыл алдындағы жауған қар барлық ұжымға далаға шығып, астананы қардан тазартуда өз үлестерiн қосуға тамаша бiр себеп болды», — дедi Хайрулла.

Сенбiлiктемемлекеттiк корпорация қызметкерлерiн қолдап, iске сәттiлiк және армандарының орындалуына тiлек бiлдiруге келген Аяз Ата мен Ақшақардың келуi ұжым үшiн күтпеген жаңалық болды. Ал қар тазалау жұмысы аяқталған кезде, орталық аппарат эстафетаны Алматы қаласы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру департаментiндегi әрiптестерiне жолдады.

13.12.2016

Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көштi

Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көштi

Өскемен қаласының Жiбек маталар комбинаты шағын ауданы тұрғындары үшiн жағымды жаңалық — Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көшуде. Ашылу салтанатына арнайы сапармен келген «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов, басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев және аппарат басшысы Қайратғали Хайрулла қатысты.

«Мемлекеттiк корпорация адамдарға көмек көрсету үшiн құрылған. Сонымен қатар, бiз шығындарды оңтайландыру жолдарын ойлауымыз керек. Жалға алынған ғимараттар үшiн үлкен қаражат төлеп қайтемiз, оның үстiне ол адамдар үшiн қолайсыз болса. Сондықтан бiз өз ғимаратымызда жөндеу жұмыстарын жасадық, көрiп тұрағандарыңыздай ол бұрынғыдан да жарық, жылы, үйлесiмдi. Бiздiң ең басты мақсатымыз — адамдардың өмiрiн жақсарту. Бұл бүгiн көрнекi түрде көрсетiлдi, — дедi ашылу кезiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына орай ашылып отырған жаңа да ыңғайлы ғимарат тұрғындар үшiн ерекше сыйлық болып отыр. Жаңа ғимарат барынша кең және мемлекеттiк қызметтердi сапалы ұсынға барлық жағдайлар жасалған. Реттеу залында 44 жұмыс орны және электрондық үкiмет порталы арқылы өз беттерiмен қызмет алуға орталық мамандары көмектесетiн «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы, мүмкiндiктерi шектеулi жандарға қызмет ұсынатын арнайы жұмыс орны бар, сонымен қатар азаматтарды тiркеу және құжаттандыру бағыты бойынша мемлекеттiк қызмет ұсынатын көшi-қон полициясы мамандары да осы жерде орналасқан. Азаматтарға ыңғайлы болу үшiн автотұрақ та қарастырылған.

Айта кетерiмiз, аталған бөлiм осы уақытқа дейiн көп қабатты тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, дүкенмен бiрге, бiр алаңда орналасқан едi. Ал ендi, бөлек тұрған жаңа ғимараттың бiрiншi қабатында Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментiнiң фронт-офисi орналасса, екiншi қабатында Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру департаментi мамандары орналасқан. Бұл оңтайландыру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясынң сәуiр айында құрылғандығынан мүмкiн болды, себебi екi департамент те мемлекеттiк корпорация құрамына енген. Көшiру жұмыстарының арқасында мемлекеттiк корпорация 6 млн теңге үнемдемек, себебi бұл қаражат бұрын жалға алу үшiн жылына төлетiн. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын өз қаражатымызға iстедiк.

Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiн Өскемен қаласы тұрғындары мына мекенжайдан алуларына болады: Сатпаев даңғылы 34/2. Фронт-офистiң жұмыс кестесi өзгерген жоқ: дүйсенбi мен сенбi күндерi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, үзiлiссiз жұмыс iстейдi. Айта кетер болсақ, бүгiнде мемлекеттiк корпорация арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

Анықтама үшiн: Күнiне №1 қалалық бөлiмге 500-600 қызметалушы келедi, соның 250 азаматы — ЫАЖ ХҚКО ақпараттық жүйесi арқылы көрсетiлетiн дәстүрлi қызметтер үшiн келсе, 200-ден астам азамат ҚҚП арқылы электронды қызмет алушылар. Әрқашан өзiне — өзi қызмет көрсету секторына үлкен жүк артылатын. Оған 100 қызмет алушы келедi. Көшi- қон полициясы бөлiмiне күнiне 100 қызметалушы келедi, оның 40-тан астамы құжаттандыру қызметi бойынша болса, 60-тан астамы тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелуге келедi.

22.11.2016

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында консультативтiк-кеңесшiкеңестiң алғашқы отырысы өттi

Консультативтiк-кеңесшi кеңес мемлекетттiк корпорация көрсететiн қызметтердiң сапасын одан әрi жақсарту бойынша шараларды жетiлдiру бойынша қабылданатын шешiмдердiң заңдылығын және тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған болатын.

Жиынға Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң ректоры Тiлектес Есполов,Астана қ. бойынша «Ұлттық ғылымакадемиясы» РҚБ Астана қаласы бойынша өкiлдiгiнiң директоры Зайролла Дүйсенбеков, Тиiмдi басқару және бәсекеге қабiлеттiлiктi дамыту халықаралық агенттiгiнiң президентi Гүлнар Құрбанбаева, еңбек ерi, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚМ бұрынғы бас директоры Әбдiкәрiм Төреқұлов, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчинов және басқа да кеңес мүшелерi қатысты. Консультативтiк-кеңесшi кеңесте Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Майра Айсина басшылық еттi.

Жиналыс барысында мемлекеттiк корпорацияныңстратегиялық жоспарының орындалуы мақұлданды және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берiлдi. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi саласы бойынша стандарттарға мұрағаттық құжаттарды сақтау мерзiмiн азайту бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу мәселелерi талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойыншакөлiк құралдарын тiркеу, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша және т.б. мемлекеттiк қызмет стандарттарына өзгерiстер енгiзу ұсынылды.

Айта кету керек, Консультативтiк-кеңесшi кеңесжұмысының негiзгi қағидаттары ашықтық пен айқындық, ал кеңестiң мүшелерi мемлекеттiк корпорация жұмысына бей-жай қарамайтын, жұмыс сапасын жақсарту бойынша сындарлы сын мен ұсыныстарынайта алатын азаматтар болып табылады. Консультативтiк-кеңесшi кеңесотырысы жылына кемiнде 2 рет туындайтын мәселелер сипатына байланысты өткiзiлiп тұратын болады.

14.11.2016

Астанада жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi талқылануда

Астанада «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi» атты халықаралақ конференциясы басталды. ҚР Ауыл шаруашылық министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiрлесiп ұйымдастырған iс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсiпорындардың және Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердiң ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлiгi, ҚР Әдiлет министрлiгi, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде» ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкiлдерi қатысуда. Конференция нәтижесiнде қатысушылар ынтымақтастық жөнiндегi меморандумға қол қоймақ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжiрибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүлiктiң бiрiңғай мемлекеттiк кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады.

«Бұл шара бiз үшiн — тек қана бiрегей диологтар алаңы емес, сонымен бiрге Қазақстан Республикасында Бiрiңғай кадастрлық есеп жүйесiн құру механизмi мен шешiм қабылдауда бiрыңғай түсiнiстiкке келу мүмкiндiгi болып табылады» — дедi Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында бiз жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай мемлекеттiк кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгiзген болатынбыз. Бiрыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi, жылжымайтын мүлiктi ресiмдеу барысында әкiмшiлiк кедергiлердi азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды есепке алу және тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтiң ашықтығын қамтамасыз етедi».

Бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорацияда жер телiмдерiнiң, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ — қабаттары, инженерлiк коммунакациялармен, жол-көшелiк желiлер және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай кадастрының мүмкiндiктерi жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделi құрылыстар мен құрылыстарды үйлестiрудi орындаған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Мемлекеттiк корпорацияда қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жоба iске қосылды

Ендi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркеу үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына бiр рет барсаңыз жеткiлiктi. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ХҚКО-ға кемiнде үш рет баруы қажет болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, деректердiң өзгерiстерiн тiркеуге 2 фактi — қайта өлшеу кезiнде анықталған алаңның өзгерiсi және жылжымайтын мүлiк объектiсiн қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiсi негiз болуы мүмкiн.

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесiнде алаң көлемi өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендiру деректерiнiң өзгерiстерiмен тiркелген техникалық паспортты және құқық белгiлейтiн құжатты (жекешелендiру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.

Жылжымайтын мүлiк қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркетуi қажет. Ол үшiн алдымен өзгерiстердi заңдастыру үшiн сәулет органдарына жүгiну қажет, нәтижесiнде ол пайдалануға қабылдау актiсiн алады. Бiрақ, Құмарғалиевтiң айтуынша, ендi барлық құжаттар топтамасын мемлекеттiк корпорация қызметкерi жинап бере алады. Ол сенiмхат негiзiнде өз бетiнше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның iшiнде пайдалануға арналған қабылдау актiсiн де ресiмдейдi. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.

Құжаттар топтамасын жинақтау қызметiн мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi ақылы негiзде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл сервис мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшiн ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргiзу жағдайларын жеңiлдетуге арналған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында Бiрыңғай гербарий қоры құрылды

Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясындағы Бiрыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердiң маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екiншi болып табылады. Оған Қазақстанның өсiмдiктер әлемiнiң 100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрi және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсiмдiк жабынының доминанттары, бағалы жемдiк, улы, арамшөп, дәрiлiк, сирек және жойылып бара жатқан өсiмдiктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсiмдiктерiнiң гербарийлерi жеке топтастырылған.

Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, Қазақстанда жерге орналастыру жүйесiнде геоботаникалық зерттеулер және геобатаникалық карталар жасау өткен ғасырдың 50 жылдарынан берi жоспарлы жүргiзiлуде, ол Қазақстанның өсiмдiктер әлемiндегi мұрасын сақтауға мүмкiндiк бередi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құрылымына негiзiне гербарий кiретiн геоботаникалық картаны құрумен айналысатын жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы кiргендiктен, бiз гербарий қорын жаңарту жұмысын әрдайым жүргiзiп отырамыз. Қазiргi кезде алқапқа шығу алдында геоботаник мамандар гербарий бойынша оқу курстарынан өтiп, өсiмдiк түрлерiмен танысады, оларды жүйелейдi, ал барып келген соң оның қорытындысы бойынша гербарийдi жаңа өсiмдiк түрлерiмен толықтырады», — дедi Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол, БГҚ құрудың мақсаты өсiмдiктер морфологиясын, олардың георафиялық, экологиялық және жекеше өзгермелiлiгiн зерттеу; кез-келген аумақтағы өсiмдiк әлемiнiң құрамын құжаттандыру, сондай-ақ өсiмдiктердiң жеке түрлерiн (аймақтарға) тарату; белгiлi бiр кезеңде өсiмдiктiң өзгеруi жайлы толық мәлiметтер жинау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияда Энглер жүйесi бойынша сандық гербарий құрылып, қораптарда орналасқан өсiмдiктердi тез табу үшiн каталог жасалған. Жақын уақытта гербарийдi облыстар бойынша цифрландыру жүргiзiлетiн болады және жемдiк, бал-шырынды, дәрiлiк және сол сияқты шаруашылық маңызы бойынша өсiмдiктер iрiктелiп алынады.

Бiрыңғай гербарий қорындағы өсiмдiктердiң толық флористикалық тiзiмiн құру үшiн Астана қаласы мен Қарағанды облысынан гербарийлер жеткiзiлген және аллдағы уақытта солтүстiк аймақтағы өсiмдiктер түрлерiмен толықтырылатын болады. Келешекте Бiрыңғай гербарий қорының ақпараттық-копмьютерлiк деректер базасын құру жоспарлануда.

Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының гербарийлерiн магистранттар, докторанттар, биологиялық, ауыл шаруашылығы және географиялық мамандықтардың ғылыми қызметкерлерi жаңа жиналған өсiмдiк даналарын нақтылау және анықтау, жекелеген аймақтардың флорасын құру және тақырыптық көрме жүргiзу үшiн қолдануда.

Қазан айында мемлекеттiк корпорацияның бiрiңғай гербарий қорын құру «Мәңгiлiк мұра» жобасы шеңберiнде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздгiнiң 25 жылдығы құрметiне өтiп жатқанын атап айтамыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Баланың туылуы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң толық спектрiн ендi Қазақстанның перзентханаларында ресiмдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жаңа пилоттық жобаны iске қосты, бұл жоба шеңберiнде баланың туылуын тiркеудi, балатуу мен оның күтiмiне жәрдемақытағайындауды, босану және жүктiлiкке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтiк төлемдердi ресiмдеудi, сондай-ақ баланы балабақша кезегiне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композиттi қызмет көрсету барлық 4 қызметке бiр уақытта перзентханада өтiнiш қабылдауды бiлдiредi.

«Естерiңiзге сала кетейiк, осы жылдың наурыз айында Әдiлет министрлiгi баланың туылуын тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тiркеуге өтiнiштi 3 жұмыс күнi iшiнде берулерi тиiс деген өзгерiстер енгiзген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн осы және оған iлеспе қызметтердi композиттiк түрде көрсету мүмкiндiктерiн қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмiрiн жеңiлдетiп, уақыттарын үнемдейдi» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтiң айтуынша, композит «Баланың туылуын тiркеу, оның iшiнде азаматтық ахуал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, түзетулер мен толықтырулар енгiзу», «Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтiк тәуекелдер жағдайларына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiн) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жiберу үшiнкезекке қою» қызметтерiне қатысты болып табылады.

Дайын болған туу туралы куәлiктi ата-аналар, құжат тапсырған күндi есептемегенде, 2 жұмыс күнi iшiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттiң ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түседi. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегiн egov.kz электронды үкiмет порталынан немесе мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiндегi «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулерiне болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтер көрсетiлген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлiк беру болып табылады.

Баланың туылуы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi

«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi

Өткен демалыста Қазақстанның барлық аумағында Аналар күнiн атап өттi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпрациясының жұмыскерлерi де бұл бейресми, бiрақ жанға жылы мейрамды тойлаудан шет қалмады және Астана қаласының №1 перинаталдық орталығына шығып, жас аналарға кеңес бердi.

Перзентханадағы кездесу барысында мемлекеттiк корпорация фронт-офистерiнiң инспекторлары жас аналарға «Мемлекеттiк корпорация» фронт-офистерi арқылы ұсынылатын жүктiлiк пен босану, бала тууы және басқа да қызметтер бойынша әлеуметтiк төлемдердi рәсiмдеу бойынша түсiндiрмелер бердi.

«Бiз перинаталдық орталықтың емделушiлерiне бала тууына жәрдемақыны бiр ғана өтiнiш арқылы рәсiмдеуге болатынын айтып бердiк» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы директорының орынбасары Серiкхан Сабыржанов. «Ол үшiн электрондық цифрлық қолтаңбасы мен электрондық үкiмет порталына қолжетiмдiлiк болса жеткiлiктi. Композиттiк қызмет ата-аналарға бала тууға бiр жолғы жәрдемақыны тағайындау және бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға бiр уақытта өтiнiш беруге мүмкiндiк бередi».

Бұдан басқа, әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығының инспекторлары Қазақстанда әйелдер үшiн жүктiлiк демалысы төлемдерiн рәсiмдеу процедурасы жеңiлдетiлгендiгiн — ендi жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтаманы ұсынудың қажетi жоқ екендiгiн айтып бердi. Ендi жүктiлiк демалысы төлемдерiн тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде көрсетiлген нақты аударымдар бойынша жүзеге асырылады.

Айтпақшы, қазақстандықтар 1411 — тегiн қызмет көрсету нөмiрi арқылы жәрдемақыны және зейнетақыны есептеу бойынша кез-келген сұрақтарын қойып, кеңес ала алады.

Сондай-ақ, Сабыржановтың айтуынша, республикалық бюджеттен жәрдемақы мен әлеуметтiк сақтандыру мемлекеттiк қорынан әлеуметтiк төлемдердi алушылар қалауы бойынша жәрдемақына аудару үшiн арнайы ағымдағы шот ашуларына болады. Бұндай арнайы шотқа түскен ақшалай қаражатты банктiң несие бойынша кешiктiрiлген қарызын өтеу үшiн арқылы ұстауына жатпайды.

Мемлекеттiк корпорация арқылы жыл басынан бастап барлығы 122 мыңнан астам жүктiлiк демалысы төлемдерi, 288 мың бала тууына бiржолғы төлем және 166 мың бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындалған.

Айта кетерлiгi, аталмыш акция Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеуге орайластырып, тек Астана қаласының перзентханасында ғана емес, сондай-ақ Павлодар, Орал, Атырау және басқа да қалаларда өттi. Мемлекеттiк корпорацияда мерейтойлық датаға арналған бұл алғашқы iс-шара емес. Жұмыскерлер мен олардың балалары «Мектепке жол», мемлекеттiк тiлдi бiлу конкурсына, спартакиадаға және балалар суреттерiнiң конкурсына қатысқан болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру үшiн «Азаматтарға арналған үкiметте» бiрқатар iс-шаралар өттi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру үшiн «Азаматтарға арналған үкiметте» бiрқатар iс-шаралар өттi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне төзбеушiлiк атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру» — дәл осы тақырыпта мемлекеттiк корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерiнiң жұмыскерлерi үшiн бiрқатар iс-шаралар өткiзiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» Тәуекелдердi басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң қолдауымен өткiзiлген iс-шараларға ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Анар Жайылғанова, «Нұр Отан» партиясы «Бiрлiк» филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментiнiң басшысы Тiлеген Каскин қатысты.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» Тәуекелдердi басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң директоры Бауыржан Талдықбаевтың айтуынша, мұндай iс-шаралардың негiзгi мақсаты — сыбайлас жемқорлық фактiлерiнiң алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн нығайту.

«Бүгiнде әрқайсымыздың алдымызда халықтың құқықтық сауаттылық деңгейiн арттыру, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет — гүлденген мемлекет» идеологиясын алға тарту, мемлекеттiк корпорацияның барлық қызметкерлерi арасында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен және ұйымдармен бiрлесiп, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдiк» төзушiлiк атмосферасын құру мәселесi тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу — баршаның және әр азаматтың мiндетi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершiлiгi тек қана мемлекетке емес, әрбiр жеке азаматқа жүктелетiнiн есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бiрлiгi және өзара сенiмдiлiгi ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкiндiк бередi», — дейдi Талдықбаев.

Бауыржан Талдықбаев атап көрсеткендей, мұндай iс-шаралар «Нұр Отан» партиясының, құқық қорғау органдарының, үкiметтiк емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекеттiк корпорацияның барлық аумақтық департаменттерiнде жүйелi түрде өткiзiлетiн болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк тiл — тәуелсiздiк нышаны» атты республикалық конкурстың қорытындысын жариялады

Азаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк тiл — тәуелсiздiк нышаны» атты республикалық конкурстың қорытындысын жарияладыАзаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк тiл — тәуелсiздiк нышаны» атты республикалық конкурстың қорытындысын жариялады

Конкурсқа облыстар, Астана мен Алматы қалалары филиалдарының арасында өткiзiлген облыстық конкурстардың қатысушылары қатысты. Үшiншi орынға Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң маманы Айжан Баялиева, екiншi орынға Алматы облысы бойынша «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментiнiң маманы — Дархан Болатов, ал бiрiншi орынға Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң маманы  — Пернехан Досан ие болды. Ол мемлекеттiк тiл туралы өзi шығарған патриоттық әсерлi туындысымен әдiл қазылар алқасының есiнде ерекше сақталып қалды.

«Бiздiң конкурс 5 кезеңнен тұрды, бұл — дәстүрлi өзiн-өзi таныстыру, мақал-мәтелдер сайысы, өнер сайысы, интеллектуалдық сұрақтар және де мемлекеттiк тiлде құжаттар дайындау. Өйткенi бiздiң басты мақсатымыз — мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету. Барлық үмiткерлер конкурсқа аса жауаптылықпен қарады, дегенмен ең мықтысы жеңiске жеттi», — деп атап өттi Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтiң айтуынша, конкурстың қазылар алқасының құрамы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетiнiң, «Нұр Отан» партиясының, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерiнен және т.б. тұрды.

«Бүгiнгi күнi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын республикадағы негiзгi мекемелердiң бiрiне жатқызамын, себебi сiздер қызметтер көрсету кезiнде адамдармен үнемi қарым-қатынаста боласыздар. Мен қазақ тiлi саласындағы маманы ретiнде аталған конкурсты — маңызды және өте дұрыс iс-шара деп айта алам. Менiңше, осы iспеттес шараларды ұлттық компанияларда, акционерлiк қоғамдарда, үкiметтiк емес ұйымдарда, тiптi мемлекеттiк органдар да өткiзiп тұрудың пайдасы зор, — деп атап өттi Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетiнiң Тiл саясатын талдау және мониторинг басқармасының басшысы Толқын Жолдыбайқызы Исақова.

Бұл орайда, конкурстың жеңiмпаздарына естелiк сыйлықтар берiлгендiгiн атап өту керек.

«Мен қазақ тiлiнiң мәртебесiн асқақтатып жүргенiме және Оңтүстiк Қазақстан облысының атынан осыны тағы бiр мәрте дәлелдей алғаныма аса қуаныштымын» дейдi конкурстың жеңiмпазы Пернехан Досан.

«Мемлекеттiк тiл — тәуелсiздiк нышаны» атты республикалық конкурсының Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына және жыл сайын Қазақстанда ҚР Тiлдер күнiне орайластырылып өткiзiлгендiгiн еске саламыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының 1-шi республикалық спартакиадасының жеңiмпаздары анықталды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының 1-шi республикалық спартакиадасының жеңiмпаздары анықталды«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ департаменттерi арасында жалпы командалық есепте бiрiншi орынды Оңтүстiк Қазақстан облысының құрамасы алды. Ал футбол бойынша бiрiншi орынды Қостанай облысы, волейбол мен шахмат бойынша ОҚО құрамасы, арқан тартуда Маңғыстау облысының құрамасы, эстафетада Солтүстiк Қазақстан облысының құрамасы алды.

Мемлекеттiк корпорация Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлауға орай өзiнiң жұмыскерлерi арасында 8-10 қыркүйек аралығында 1-шi республикалық спартакиада өткiздi. Шараға 14 облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттiк корпорацияның орталық аппаратының 17 команда құрамасы қатысты.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, өңiрлiк деңгейдегi iрiктеу турларында департаменттердiң 18 мыңға жуық қызметкерлерi қатысқан, бiрақ Алматы қаласына бiрiншi командалық орынға таласуға барлығы 289 адам қатысты. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» жас және перспективтi дамып келе жатқан ұйым. Ол 4 мекеменiң бiрiгуi арқылы құрылғандықтан, қазiргi уақытта ұжымның бiрiгуi мен ынтымақтасу қажеттiлiгi бар, ал спорт адамдарды жақындастырмайды ма? Бүгiн тек бiз ғана емес, барлық Қазақстан оған үлкен көңiл бөлуде», — деп атап өттi.

Медаль үшiн күрес 5 спорт түрi бойынша өттi, бұл мини-футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту және эстафета. Бастапқы кезеңде қатысушылар сегiзден бiр финалға, одан кейiн ширек финалға өту үшiн күрестi.

«Барлық қарсыластар өте күштi болды, дайындық республикалық спартакиадаға кiм қатысатындығы белгiлi болғаннан дейiн жүргiзiлдi. Соңына дейiн бiздiң жеңетiндiгiмiзге сенген жоқпын, мiне бүгiн еркiн демалуға болады, себебi спартакиаданың «алтыны» Оңтүстiк Қазақстанға барады», — дедi Оңтүстiк Қазақстан облысы құрама командасының капитаны, Оңтүстiк Қазақстан бойынша «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық төлеу орталығы» департаментiнiң директоры Бахыт Басынбек.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы осы жылдың сәуiрiнде «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталық», «Жылжымайтын мүлiк орталығы» және «Жер кадастры ғылыми-зерттеу орталығы» 4 РМК базасында құрылғандығын еске саламыз. Қазiргi уақытта мемлекеттiк корпорацияда әртүрлi лауазымдарда 21 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда өз тәжiрибелерiмен бөлiстi

Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда өз тәжiрибелерiмен бөлiстi Бурятияда «Ресей мен Еуразия елдерiнiң зейнетақы реформалары: проблемалар мен шешiмдер» тақырыбында конференция өттi. Қазақстанды «Азаматтарға арналған үкiмет» КЕ АҚ, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ және «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бiлдiрдi. Бiздiң елiмiз үшiн басқа елдердiң халыққа қызмет көрсетудегi тәжiрибелерiн зерттеу мүмкiндiгi ерекше назарда болды.

Қатысушылардың баяндамаларынан байқалғандай, көптеген республикаларда зейнетақымен қамтамасыз етудiң ортақ жүйесi әрекет етедi, ал жинақтаушы компонент — тек даму сатысында ғана. Қатысушы елдердiң күрделi экономикалық жағдайларын ескерсек, зейнетақы төлеудiң барабарлығын қамтамасыз етуде проблемалар туындайды.

Форумда Бурятия Республикасы электронды мемлекеттiк қызметтердi енгiзу бойынша РФ зейнетақы қоры арасында алдыңғы қатарда тұрғаны атап көрсетiлдi. Басқа өңiрлер үлгi ретiнде Бурятия Зейнетақы қорының орталықтандырылған зейнетақы төлеудi тағайындау тәжiрибесiн алып, қазiр оны зерделеуде.

Сонымен қатар, Бурятияда ұжымның қолайлы микроклиматын жасауға бағытталған iс-шаралар белсендi түрде жүргiзiлуде. Мәселен, кәсiподақ қаражаты есебiнен (жарналар жалақының 2%-ын құрайды әрбiр өңiрде психологиялық жеңiлдену бөлмесi, тренажер залы, би, йога залы ұйымдастырылған. Жыл сайын ұжымның кадрлық-психологиялық аудитi жүргiзiледi. Жұмысқа қабылдағанда психологтың кеңесi мiндеттi түрде қажет. Сондай-ақ қызметкерлер, зейнеткерлер арасында спартакиадалар ұйымдастырылады. Мұндай тәжiрибе көптеген қазақстандық компанияларға пайдалы болуы мүмкiн.

Қазақстан Рспубликасында мемлекеттiк қызет көрсетудiң бiрыңғай провайдерiнiң тәжiрибесiмен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының атынан мемлекеттiк корпорацияның Стратегиялық жоспарлау және даму департаментiнiң директоры Әлия Оспанова бөлiстi. Ол ағымдағы жылғы сәуiрде көп сұралатын мемлекеттiк қызметтердi бiрiктiрген және құрамына төрт мемлекеттiк кәсiпорынды: халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлiк орталығы, зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық және жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы кiретiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы құрылғанын айтты. Сондай-ақ мемлекеттiк корпорацияға елiмiздiң аумақтық ерекшелiктерiн ескере отырып, мысалы халыққа, оның iшiнде шалғай елдi мекендердiң тұрғындарына мемлекетiк қызмет көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету бойынша Елбасы қойған мiндеттердi орындау шеңберiнде, мемлекеттiк корпорацияда жұмыс iстейтiн, халыққа мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн 70 Мобильдi халыққа қызмет көрсету орталықтары секiлдi әртүрлi ноу-хаулармен бөлiстi. «Ауылдарға бару кезiнде тұрғындар тек мемлекеттiк қызметтердi алып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтiк көмек, жұмыспен қамту және жаңа мамандандықтарға оқыту мәселелерi бойынша кеңестер алады», — деп атап көрсеттi Әлия Оспанова. Қазақстаннның шалғайдағы елде мекендердiң тұрғындарына мобильдi ХҚКО құру арқылы мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәжiрибесi форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Конференцияда мемлекеттiк корпорацияның Қазақстанда Мемлекеттiк корпорацияны құру тәжiрибесiн енгiзу және тәжiрибе алмасу бойынша ақпараттық-консультативтiк пен әдiстемелiк қолдау көрсету аясында барлық елдермен өзара тиiмдi ынтымақтастыққа дайын екендiгi атап көрсетiлдi.

Форумды ұйымдастырушы Халықаралық зейнетақы және әлеуметтiк қорлар қауымдастығы (ХЗӘҚҚ) болды. Оның құрамына ТМД 10 елiнiң және Грузияның мекемелерi кiрдi. Форумда Ресейдiң, Белорусьтiң, Бурятияның, Молдованың, Тәжiкстанның, Грузияның, Қырғызстанның, Монғолияның және Өзбекстанның делегациялары қатысты. Сондай-ақ «Газфонд» мемлекеттiк емес зейнетақы қорының, «Еңбек министрлiгiнiң еңбек және әлеуметтiк сақтандыру ҒЗИ» ФМБМ, «Зейнетақы журналының редакциясы» ЖШҚ, «РотаК» ЖШҚ, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ, «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және Халықаралық зейнетақы және Халықаралық зейнетақы және әлеуметтiк қорлар қауымдастығының өкiлдерi қатысты.

Анықтама: «Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекет Басшының тапсырмасы бойынша құрылды. «ХҚКО», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» — төрт РМК-нi бiрiктiрген ұйым мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерi болып 2016 жылғы 11 сәуiрде жұмысын бастады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiметте» бiрыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгiзiлдi

«Азаматтарға арналған үкiметте» бiрыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгiзiлдi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында лауазымдардың бiрыңғай тiзiлiмi жасалып, еңбекақы төлеу жүйесi теңдестiрiлген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды бiрiздендiруге және оңтайландыруға мүмкiндiк бердi.

Бұған дейiн, 2016 жылғы сәуiрде құрылған мемлекеттiк корпорацияның құрамына кiрген «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК-де, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК-де, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК-де және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де еңбекақы төлеудiң бөлек-бөлек жүйесi және лауазымдар тiзбесi болған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» Басқармасы төрағасының орынбасары Диханбай Әбеновтiң айтуынша, құрылымды қайта ұйымдастыру қолданыстағы еңбекақы төлеу қоры шеңберiнде жүргiзiлген. «Төрт мекеме бiрiктiрiлгеннен кейiн бiз құрылымдық бөлiмшелер құрамына және әрбiр бағыт аясындағы қызметтiң бөлiнуiне талдау жасадық. Жалақы деңгейiнiң тек кәсiпорындардың өзiнде ғана емес, басқа өңiрлерде де айырмасы болды», — дедi Әбенов.

Сондай-ақ, бiрiздендiру аясында басшылық құрамның саны 53%-ға оңтайландырылды. Мұнда бiрде бiр қызметкер жұмыстан босатылған жоқ. Мемлекеттiк корпорацияның барлық қызметкерлерiне олардың мамандықтарына, кәсiбi мен бiлiктiлiгiне сәйкес жаңа лауазымдар ұсынылды.

Диханбай Әбенов: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құру мемлекеттiк қызметтердiң басым бөлiгiн бiрыңғай құрылымға бiрiктiрiп қана қойған жоқ. Құрылымдық бөлiмшелердiң басшылық әкiмшiлiк штатын оңтайландыру бiзге мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты құрайтын бюрократиялық кедергiден арылуға мүмкiндiк бердi. Атап айтқанда, мемлекеттiк қызмет көрсетуде үлкен жүктемесi болатын қарапайым инспекторлардың жалақысын арттыруға оңтайландырылғаннан кейiн босатылған қаржы бағытталады. Бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтпай ақ корпорацияның қарапайым қызметкерлерiнiң жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бередi» — деп түсiндiре отырып, қатардағы қызметкерлердiң айлықақысының көтерiлуi 20%-ды құрайтындығын атап өттi.

Сондай-ақ еңбекақы төлеу жөнiндегi жаңа ережеде қосымша еңбекақы төлеу қоры қарастырылған, мұнда жеке жұмыс нәтижесi, жүктемесi, сондай-ақ жұмыс өтiлi ескерiле отырып, ынталандырушы қосымша ақылар мен әртүрлi үстемеақылар болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы көрсететiн қызметтердi үйде отырып ала алады

1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» көрсететiн қызметтердi мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жұмысын бастағалы берi мобильдiк топтар 3 670 мүмкiндiгi шектеулi жандарға барып, 5 761 қызмет көрсеттi. Олардың iшiнде жылжымайтын мүлiк пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорация 1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандардың үйiне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжiрибесiн жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдiк топты шақыру үшiн Бiрiңғай байланыс орталығының 1414 нөмiрiне телефон шалулары керек. Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi оған 72 сағат iшiнде барады.

Жалпы, мемлекеттiк корпорация мүмкiндiгi шектеулi жандарға мемлекеттiк қызмет көрсетуге көп көңiл бөлiп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшiн пандустар, шақыру нүктелерi орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында әр түрлi қызметтерде 360 мүмкiндiгi шектеулi жандар жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-нiң қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз. Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi

Ашық үкiмет

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнiң дамыған 30 елдердiң қатарына кiру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшiн 100 нақты қадамдарды белгiлеген. Солардың iшiндегi соңғы 10 қадам «Есеп беруге мiндеттi үкiметтi қалыптастыру» реформасын iске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, 94-шi қадамда Ашық үкiметтi жүзеге асыру мiндеттерi белгiленген.

«Ашық үкiметтiң» мақсаты — ашық және халық алдында есеп беруге мiндеттi мемлекеттi құру, азаматтардың мемлекеттiк басқару саласындағы құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қолдану болып табылады.

Ашық үкiмет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтiк құқықтық актiлер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау. Бес порталдың iшiнен төрт портал қазiргi кезде жұмыс iстеуде, ал мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау порталы келесi жылдан бастап жұмысын бастайды.

Ашық үкiмет

ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi

2016 жылдың 2 тоқсанына «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильдiк ХҚКО шығу кестесi

Сәуiр

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік маркасының атауы және нөмірі Ескерту
1 «ХҚҚО» РМКФ СҚО бойынша филиалы Ақжар ауданының бөлімі Май а/о
Май а.
559 40 11.04.2016 ж. 18.04.2016 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі с 10-00 Надыров М.М. Садвакасов Д.М. Баржанова А.Ж. Ssang Yong T867 BW
Ақжарқын а/о Ақжарқын а. 1125 55 12.04.2016 ж. 19.04.2016 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі с 10-00 Калиев М.К. Садвакасов Д.М. Баржанова А.Ж. Ssang Yong T867 BW

Барлығы










Мамыр

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік маркасының атауы және нөмірі Ескерту
1 «ХҚҚО» РМКФ СҚО бойынша филиалы Ақжар ауданының бөлімі Новосел а/о Горький а. 1084 110 13.05.2016 ж. 19.05.2016 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі с 10-00 Нуртазин Ш.К. Садвакасов Д.М. Баржанова А.Ж. SsangYongT867 BW
Ұялы а/о Ұялы а. 1079 102 16.05.2016 ж. 20.05.2016 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі с 10-00 Карбаев Г.Ш. Садвакасов Д.М. Баржанова А.Ж. SsangYongT867 BW

Барлығы










Маусым

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік маркасының атауы және нөмірі Ескерту
1 «ХҚҚО» РМКФ СҚО бойынша филиалы Ақжар ауданының бөлімі Кіші-Қарой а/о Киевский а. 1582 103 13.06.2016 ж. 20.06.2016 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі с 10-00 Каиржанов Е.С. Садвакасов Д.М. Баржанова А.Ж. SsangYongT867 BW
Кенашы а/о Кенашы а. 692 93 14.06.2016 ж. 21.06.2016 ж. 2 Ауылдық округ әкімдігі с 10-00 Муратов А.Б. Садвакасов Д.М. Баржанова А.Ж. SsangYongT867 BW

Барлығы










Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздi

Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздiХалықаралық балаларды қорғау күнi қарсаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жұмыскерлерi Қазақстанның барлық өңiрлерiнде асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға және балалар үйлерiндегi әлеуметтiк жұмыскерлерге көшпелi кеңестер өткiздi.

«Халықаралық балаларды қорғау күнi мерекесiне орайластырылған акция Қазақстанның барлық өңiрлерiнде өттi. Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыныңжұмыскерлерi отбасы негiзiндегi балалар үйлерiнде қорғаншылықты ресiмдеу, жәрдемақы, зейнетақы ресiмдеу және т.б. әлеуметтiк маңызды қызметтердi көрсету бойынша көшпелi кеңестер өткiздi», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Сондай-ақ, Оршубековтың айтуынша, мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерi кеңестер берумен қатар, балаларға арнап жағымды тосынсыйлар жасады. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» қарағандылық филиалының өкiлдерi балалармен футболдан жолдастық кездесу өткiзiп, 16 жасқа толған жеткiншектерге дайын жеке куәлiктер тапсырса, ал Алматыда көп балалы ана сәбилердiң күтiмiн жасайтын құралдар түрiнде жағымды сыйлықтар алды.

Атап өтсек, бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорация арқылы азаматтарға 530 мемлекеттiк қызмет түрi қолжетiмдi. Олардың iшiнде зейнетақы төлемдерi, 18 жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақылар тағайындау, мүгедектiгiне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау және т.б.әлеуметтiк маңызды төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау қызметтерi бар.

Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Баспасөз-релизi
Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылды

Баспасөз-релизi Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылдыШалғай ауылдық округтерiнiң халқына ыңғайлы болу үшiн құрылған Мобильдiк Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетiлетiн кеңестердiң ауқымын кеңейттi. Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы департаменттерiнiң қызметкерлерiмен бiрге еңбек және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының өкiлдерi шығатын болады.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттiк қызмет қазақстандықтарға мобильдiк ХҚКОлары арқылы қолжетiмдi. Жобаны iске қосқан сәттен бастап 66 бiрлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттiк қызметтердi ғана алып қоймай, әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелерi бойынша да кеңестер алды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбдiлмановтың айтуы бойынша мобильдiк ХҚКОлар жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша бекiтiлген кестелер бойынша шығады. «Мобильдiк ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшiн құрылған болатын. Көрсетiлетiн қызметтердiң ауқымы мен сервистерiн кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшiн неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай iшiнде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елдi мекендi қамтыды», — дейдi Әбдiлманов.

Республиканың 14 өңiрiнде 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейтiнiн естерiңiзге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдiк ХҚКОлар 127 063 мемлекеттiк қызмет көрсеттi.

Сапарлар кестесiн «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкiмдiктердiң және өңiрлiк БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтемiз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi

Жеке куәлiк жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтiру

Сiздiн жеке куәлiгiңiз жоғалған немемесi үрналған жағдайда? Сiзге жеке куәлiк қажетпе?

Ұрланған кезде жеке куәлiктi қалпына келтiру үшiн өзiмен бiрге мынадай құжаттар топтамасы болуы керек:

  • АIIД құжаттың ұрланғаны туралы анықтама;
  • жеке куәлiктiң жоғалған жағдайларын көрсетумен жазбаша өтiнiш;
  • ұрланған жеке куәлiктiң көшiрмесi (бар болған жағдайда);
  • төлқұжат (бар болса (тексеру үшiн түпнұсқа және көшiрме));
  • мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi ((үй кiтабы) тексеру үшiн түпнұсқа және көшiрме);
  • 3,5 x 4,5 см. өлшемдi 2 фотосурет.

Жеке куәлiк жоғалған жағдайда сондай-ақ тiркелу орны бойынша келесi құжаттар тiзiмiмен ХҚКО жүгiну қажет:

  • жеке куәлiктiң жоғалған жағдайларын көрсетумен жазбаша өтiнiш;
  • төлқұжат (бар болса (тексеру үшiн түпнұсқа және көшiрме));
  • 3,5 x 4,5 см. өлшемдi 2 фотосурет.

Жеке куәлiктi бiр жылдың iшiнде қайта жоғалтқан жағдайда азаматтар ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодекстiң 377-бабының 1-тармағы бойынша 5 АЕК (9910 тенге) мөлшерiндегi айыппұл түрiндегi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.

Жеке куәлiктi жоғалтқанда және жаңа құжатты алғанға дейiн уақытша жеке куәлiк берiледi. Оны ХҚКО қызметкерi азаматтың қалауы бойынша — мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде қолмен анық толтырады. Уақытша жеке куәлiкке азамат туралы мынадай мәлiметтер енгiзiледi: тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi және орны, ұлты (қалауы бойынша), тұрғылықты мекенжайы, орган және берiлген күнi, қолданылу мерзiмi, азаматтың қолы.

Тiркеусiз жеке куәлiктi қалпына келтiру «Қазақстан Республикасының халықты құжаттандыру және тiркеу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 Қаулысына сәйкес мүмкiн емес. Бұл жағдайда алдымен тiркелу, одан кейiн құжатыңызды қалпына келтiру рәсiмiн бастау қажет. Тiркелу үшiн сiзге ХҚКО-да уақытша жеке куәлiктi жасау қажет.

Баланың (16 жасқа дейiн) төлқұжатын жоғалтқанда құжатты қалпына келтiру туралы өтiнiштi оның ата-аналарының бiрi немесе заңды өкiлi ұсынады. 14 жасқа дейiнгi балалар өз құжатын қалпына келтiру кезiнде болуы қажет.

Баланың төлқұжатын қалпына келтiруге арналған құжаттар тiзiмi (16 жасқа дейiн):

  • төлқұжатты жоғалту жағдайларын көрсетумен жазбаша өтiнiш;
  • жоғалған паспорттың көшiрмесi (бар болған жағдайда);
  • баланың туу туралы куәлiгi (тексеру үшiн түпнұсқа және көшiрме);
  • ата-аналардың бiрiнiң жеке куәлiгi (тексеру үшiн түпнұсқа және көшiрме);
  • мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi ((үй кiтабы) тексеру үшiн түпнұсқа және көшiрме);
  • 3,5x4,5 см өлшемдi 3 фотосурет.

Жеке куәлiктi қалпына келтiру процесi 30 күнтiзбелiк күндi алады, бiрақ қажеттiлiгi болғанда қызмет жылдамдатылған мерзiмде 7, 10 және 15 жұмыс күнi iшiнде көрсетiлуi мүмкiн.

Бiлiм беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау

Қазiр азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және электрондық үкiмет порталында «Бiлiм беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау» алуға мүмкiншiлiгi түскенi айтылғандай, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Сiзге:Қызметтi онлайн режимiнде пайдалану.

  1. Негiздеме — өтiнiш/таңдап алынған зерттеу тақырыбы бойынша эссе.
  2. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрi — Жұмыс органы) белгiлеген нысан бойынша толтырылған сауалнама.
  3. Жеке куәлiктiң және/немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
  4. Қосымшасымен бiрге бакалавр немесе маман дипломының нотариалды расталған көшiрмесi, бар болған жағдайда басқа оқу орындарында оқығаны туралы куәландырылған құжаттардың көшiрмелерi/ қосымшасы бар дипломның (бакалавр, маман, магистр және/немесе ғылым кандидаты) көшiрмесi.
  5. Шетелге бара жатқан адамдар үшiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.

Қызметтiң құны — ақылы.

Қызмет көрсету мерзiмi — 4 ай.

Қызмет көрсету нәтижесi

Тану, нострификация туралы куәлiк беру.

Еgov порталында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнiң өтемақысына қосымша келiсiмдi жасауға болады

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ 467 мыңнан аса шарт иелерiне, оның iшiнде салымында 1 млн. теңгеден жоғары қаржысы бар салымшыларына өтемақы төлейдi. Өтемақы төленетiн салымдардың жалпы сомасы бүгiнгi күнi 171,9 млрд. тенгенi құрап отыр. Бағамдық айырмашылық бюджет қаражаты есебiнен және банктiң меншiктi қаражатынан төленедi.

Өтемақы алу үшiн ҚТҚЖБ-мен жасалған келiсiмге www.egov.kz порталында электронды-санды қолтаңба арқылы қол қою керек.

Порталда авторланғаннан кейiн «Азаматтар» бөлiмiнде «Жылжымайтын мүлiк» санатын тауып, одан кейiн «Тұрғын үй қатынастары» парағында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ салымдары бойынша өтемақылық сыйақы» қызметiне өту қажет.

«Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасына басқаннан кейiн пайдаланушы салымдарды алуға келiсiмге қол қояды, өтiнiш бергiсi келетiн салымды таңдап, мiндеттi жолдарды толтырады, бұдан кейiн қосымша келiсiмнiң шарттарымен танысып, ЭЦҚ көмегiмен сұранысқа қол қояды. Электрондық қосымша келiсiм Пайдаланушының жеке кабинетiне түседi.

ҚТҚЖБ баспасөз-қызметiнiң хабарлауы бойынша, салым сомасына ешқандай шектеулер қойылмаған.

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына жасалатын қосымша келiсiмге қол қою 2016 жылдың 8-шi ақпанынан басталып, 1-шi маусымына дейiн жалғасады (соңғы қабылдау күнi — 2016 жылдың 31-шi мамыры).

Еске сала кетейiк, ұлттық валюта бағамы өзгерiске ұшырағаннан кейiн Мемлекет басшысы Үкiметке ҚТҚБЖ салымшыларының жинағын сақтау бойынша дербес механизм қарастыруды табыстаған болатын. Өткен жылдың соңында «Бәйтерек» басқарушы Холдингi ҚР Қаржы министрлiгiмен, Ұлттық экономика министрлiгiмен, Инвестиция және даму министрлiгiмен әрi Ұлттық Банкпен бiрiге отырып, өтемақы төлеудiң оңтайлы тетiгiн әзiрлеген едi.

eGov порталына БҒМ төрт қызметi шығарылды

Қазақстанның электрондық үкiмет порталында бiлiм және ғылым министрлiгiнiң төрт қызметi қолжетiмдi болды. Ендi eGov порталының көмегiмен «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесi туралы анықтаманы алуға, экстернат нысанында бастапқы, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдарда оқуға рұқсат алуға, бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдарды есепке қоюға және баланы патронаттық тәрбиелеуге беруге болады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесi туралы анықтаманы алу қызметi тегiн көрсетiледi. Бұрын анықтаманы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ беретiн. Анықтаманы алу үшiн өтiнiш берушi орталыққа жеке куәлiкпен жүгiнiп, өтiнiш толтыру керек едi, анықтама 4 күннiң iшiнде дайындалатын. Ал портал арқылы өтiнiш берген кезде анықтама ұсынылған ұйымның атауын көрсету қажет. 1 күннiң iшiнде пайдаланушының жеке кабинетiне электрондық құжат түрiнде анықтама жiберiледi.

Экстернат нысанында бастапқы, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдарда оқуға рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi жергiлiктi атқарушы органға экстернат нысанында оқуға өтiнiш бередi, сонымен қатар дәрiгерлiк-кеңестiк комиссияның қорытындысын, бiлiм алушылардың ата-аналарының немесе оларды ауыстырушының шетелде уақытша тұратыны туралы анықтаманы, шетелде оқуды растайтын құжатты, қызмет алушының оқудың соңғы сыныбы үшiн үлгерiм табелiнiң көшiрмелерiн және туу туралы куәлiктiң көшiрмесiн ұсынады. Қызмет тегiн, 15 жұмыс күннiң iшiнде көрсетiледi.

Порталда, сонымен қатар, бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдарды есепке қою мүмкiндiгi пайда болды. Бұрын қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi жеке куәлiктiң көшiрмесiн, жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келiсiмiн, жиынтық табыс мөлшерi туралы анықтаманы, отбасы жағдайы туралы анықтаманы, аурудың болмауын растайтын азаматтардың денсаулық жағдайы туралы анықтаманы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйдi пайдалану құқығын растайтын құжатты тапсыруы керек едi. Қызметтi порталда алу үшiн пайдаланушы электрондық нысанды толтырады, мұндағы деректер әр түрлi мемлекеттiк деректер қорларынан алынады. Ерлi-зайыптылар арасында келiсу порталдың жеке кабинетi арқылы жүзеге асырылады. Өтiнiшке жиынтық табыс мөлшерi туралы, денсаулық жағдайы туралы анықтама мен жақын туыстарының бала асырап алуға келiсiмiнiң электрондық көшiрмелерi қоса берiледi. Қызмет көрсету нәтижесi болып бала асырап алуға үмiткер болудың мүмкiндiгi туралы қорытынды табылады.

Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру қызметiн қолдану үшiн патронат тәрбиешi болуға тiлек бiлдiргенi туралы өтiнiш толтырып, денсаулық жағдайы мен бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмесiн қосу керек. Ерлi-зайыптылар арасында келiсу порталдың жеке кабинетi арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсетiлу нәтижесi бойынша пайдаланушының жеке кабинетiне баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт немесе бас тарту туралы негiздi жауап түседi.

Барлық жаңа қызметтер «Азаматтарға» айдары, бұдан әрi «Отбасы» немесе «Бiлiм» бөлiмдерiнде қолжетiмдi. Жаңа қызметтердi алу үшiн порталда тiркелу мен электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет.

Электрондық үкiмет порталында пайдаланушының Жеке кабинетi жаңартылды

Қазақстанның www.egov.kz электрондық үкiмет порталының пайдаланушыларына Жеке кабинеттiң жаңа нұсқасы қолжетiмдi болды. Ендi кабинетте бұдан да артық мәлiметтер және пайдалы сервистер бар.

Осылайша, пайдаланушыға әр түрлi мемлекеттiк деректер қорларынан дербес ақпарат қолжетiмдi болады, мысалы: әкiмшiлiк айыппұлдар, тұрғын-үйге кезек, некеге тұру, баланы туу туралы және басқа да ақпарат график түрiнде берiледi.

Ыңғайлылық үшiн Жеке кабинеттен мемлекеттiк органдар басшыларының блог-платформасына, «Азаматтардың өтiнiшi», «ХҚКО кезектi брондау» және қызметтердi алу тарихына өту жүзеге асырылған.

«Дербес мәлiметтердi қорғау мақсатында барлық пайдаланушылар үшiн авторлану әдiсiне байланысты қолжетiмдiлiктi бөлу енгiзiледi. Дербес деректерге толық тек электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегiмен авторлану кезiнде қол жеткiзуге болады, ал логин пен құпия сөз бойынша тек жартылай ғана», — деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов түсiнiк бередi.

eGov-та заңды тұлғалар үшiн де жеке кабинет пайда болды. Ол мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен компания туралы мәлiметтi қарауға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте компания басшысы басқа қызметкерлерге қол жеткiзу құқығын ажырата алады.

«Бiз сонымен қатар қорғалған электрондық сақтау орнын қарастырдық, мұнда кейбiр құжаттардың көшiрмелерiн жүктеуге болады. Болашақта еGov порталында қызметтердi алу кезiнде олар әрқашан қоластыңызда болады», — деп атап өттi Бекбауов.

Бұдан басқа, Жеке кабинетте мобильдiк телефонды жоғалту жағдайында SIM-картадағы ЭЦҚ-ны өз бетiнше бұғаттау және тапқан кезде бұғаттан шығару мүмкiндiгi пайда болды.

Сонымен қатар пайланушының жеке кабинетiне әр түрлi хабарламалар келетiн болады. Мысалы, сот үдерiсiне қатысуы немесе мемлекеттiк қызмет үшiн ақының бюджетке түсуi туралы. Азамат «Ашық үкiмет» порталының жаңартылуы туралы да хабардар болады. Сондай-ақ, жеке кабинет адам өмiрiнiң негiзгi оқиғаларын (баланың тууы, неке, зейнетақыға шығу және т.б.) қадағалайды да, әрбiр өмiрлiк жағдайға байланысты мүмкiн болатын қызықты және керектi мемлекеттiк қызметтердi ұсынады.

Қылмыс жасағаны туралы мәлiметтi алу

Қазiргi уақытта жұмысқа орналасу немесе жұмыс орнына Қазақстан азаматының қылмыс жасағанының болуы (болмауы) анықтамасын талап етедi. Бұл мемлекеттiк қызмет ХҚКО операторлардың қазақстандық азаматтарына өте жиi берiледi. ХҚКО қызметкерiне өзiнiң жеке куәлiгiңiздi ұсынып бұл мемлекеттiк қызметтi ала аласыз және нәтижесi ретiнде қолыңызға қағазға басылған анықтамасы берiледi. Бұл анықтаманы бiрден немесе 3 күннiң iшiнде алатындығы сiздiң өтiнiшiңiз қай уақыт iшiнде өнделгенiне байланысты болады.

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау»

Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушi;
  2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi — ХҚО);
  3. үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы ақпарат беру бөлiгiнде www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 10 (он) жұмыс күнi iшiнде;
  2. құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;
  3. көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минуттан аспайды.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге не ХҚО-ға:

  1. өтiнiш;
  2. көрсетiлетiн қызметтi алушының, заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжат;
  3. тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
  4. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
  5. мүгедектiгi туралы анықтама;
  6. банктегi шоттың болуы туралы құжат;
  7. мүгедек баланың үйде оқу фактiсiн растайтын оқу орнының анықтамасы.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК
КЕАҚ СҚО бойынша филиалы
«Халыққа қызмет көрсету
орталығы» Ақжар аудандық
бөлiмiнiң инспекторы
Нурпиисова Г.М.

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру»

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк қызметiн сәулет және қала құрылысы, автомобиль жолдары саласындағы сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы көрсетедi. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi. ХҚКО-ның аудандық бөлiмiне жүгiнген кезде паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады (құжаттар жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiне жеткiзiлетiн 2 күн және ХҚКО-ға орындалған құжаттар жеткiзiлетiн 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi). Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мынадай құжаттар ұсынуы,тиiс:

  1. еркiн, нысандағы, жазбаша өтiнiштi;
  2. түстiк шешiмi және өлшемдерi бар объектiлердiң эскиздерiн ұсынады.

Елдi мекендерге сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi, алушы мынадай құжаттарды:

1) мыналарды көрсете отырып, еркiн нысандағы жазбаша өтiнiштi:

  • жеке тұлғалар үшiн — өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты,
  • пошта мекенжайы жеке сәйкестендiру нөмiрiн (ЖСН); заңды тұлғалар үшiн — ұйымның атауы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер, басшының тегi, аты, әкесiнiң аты, пошта мекен-жайы бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (БСН);
  • сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң мақсаты мен негiзгi параметрлерiн;
  • өтiнiш берушiнiң сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру орнын негiздеу арқылы оның болжамды орналасқан жерiнiң мекенжайын;

2) сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру ұсынылатын жер учаскесiне немесе объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттың немесе кондоминиум объектiлерiн басқару органдары немесе өтiнiш берушiнiң өзге де заттық құқықтарға ие адамдардың сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруы ұсынылатын объектiсiнiң меншiк иесiмен (меншiк иелерiмен) бекiтiлген сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру туралы шарттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;

3) сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру ұсынылатын объектiнiң сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң күндiзгi және түнгi бейнеленуiн құрайтын эскиз, сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң жұмыс етуiн инженерлiк қамтамасыз ету бойынша шешiмдерiн ұсынады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК
КЕАҚ СҚО бойынша филиалы
«Халыққа қызмет көрсету
орталығы» Ақжар аудандық
бөлiмiнiң инспекторы
Нурпиисова Г.М.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы өз жұмысын бастады

«Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-лерiн қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуiрден бастап өз қызметiн бастады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi корпорацияны құру бойынша iшкi құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиiстi уәкiлеттi органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қатысты 140-тан астам нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдады.

Мемлекеттiк корпорация бiрiншi кезеңде 522, ал екiншi кезеңде 700-ден астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басты ерекшелiгi, барлық бизнес-үдерiстердi автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Бiрiктiрiлген кәсiпорындарға ХҚКО-лардың қолданысындағы қызмет көрсету мониторингi мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС-хабарлау, кедергiсiз қызмет көрсету, кезектi броньдау сервисi тәрiздi мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай стандарттары енгiзiлген.

Корпорацияның көрсететiн қызметтер санының едәуiр артуына байланысты, корпорация құрамына кiрген барлық кәсiпорындардың 3 600 қызметкерiне оқыту-үйрету жұмыстары жүргiзiлдi. Қызметкерлердiң жұмысының нәтижелiлiгiн анықтау үшiн тиiмдiлiктiң негiзгi көрсеткiштерi бекiтiлдi (КРI).

Мемлекеттiк корпорация қызметiндегi жаңалықтардың бiрi — қызметтi көрсетуге өтiнiмдi қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеудi жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгiзiлген ақпараттық жүйенiң арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етiлетiн құжаттар едәуiр қысқарады.

Азаматтардың мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiгi де әртүрлi араналар арқылы — қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар өзiне-өзi қызмет көрсету секторларының көмегiмен, электрондық және мобильдiк үкiмет арқылы қаматамасыз етiледi. Сондай-ақ, шалғай елдi мекендерде тұратын азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн мобильдi ХҚКО-лар жұмыс iстейтiн болады.

ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi
Тел.: 74-03-43

«Тiлдi құқықтық қорғау»

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды.

Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Мемлекеттiк бағдарламамен қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесi Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленедi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi терминология, ономастика жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк комиссияларды және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдарды құрады.

Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен азаматтардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде және басқа тiлдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергi келтiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады.

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тиiстi Ережемен реттелiп отыратын уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде: тiлдi дамыту саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге; тiлдердi қолдану мен дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеуге, оның орындалуын жүзеге асыруға; тiл туралы заңның орындалуын бақылауға, оны бұзу фактiлерiн қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға; Қазақстан Республикасында ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiруге мiндеттi. өз құзыретiне сәйкес тiл туралы заңның орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға; министрлiктерден, ведомстволардан, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан заңдардың, тiлдердi қолдану мен дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының орындалуы жөнiнде ақпарат, мәлiметтер, құжаттар сұратып алуға; заңдарда белгiленген өзге де функцияларды атқаруға құқылы.

Ана тiлi

Ана тiлi — бұл әкеңнiң, анаңның тiлi. Әр халықтың өз ана тiлi болады. Орыс халқының ана тiлi — орыс тiлi. Қазақ халқының ана тiлi-қазақ тiлi.Ана тiлiн адамдар кiшкентай кезiнен әке-шешесiнен, әжесi мен атасынан үйренедi. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кiтаптан, газет пен журналдан, радио мен теледидардан, кинотеатрлардан үйренедi.

Қазақ тiлi — бай тiл. Ол қазақ халқының жазуы,кiтабы, мектебi жоқта болған тiл.Қазақ халқы ана тiлiнде дүние жүзiне әйгiлi « Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын», сияқты батырлар жырын, «Қыз Жiбек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы — ертегiлерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл үйренсең, осыларды өзiң де оқисын.

Бұл күнде қазақ тiлi мемлекеттiк мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты халық басқа халықтар да қазақ тiлiн үйренуге көңiл қояды. Олар қазақ тiлiн үйiрмелерде, мектептер мен институттарда оқып бiледi.

Қазақстанда қазақ тiлiмен қатар орыс тiлiнде де ерекше көңiл бөлiнедi.Өйткенi елiмiзде тұратын басқа ұлттың адамдарымен бұл күндерi орыс тiлi арқылы түсiнiсуге болады.

Оқырмандармен кездесудiң бiрiнде қазақтың белгiлi ақыны Олжас Сулейменов пен Надежда Лушникова бiрге отырыпты. Сонда оқырмандардың бiрi Олжастан: «Сiздiң ұлтыңыз қазақ бола тұрып, шығармаларыңызды неге орыс тiлiнде жазасыз?», — деп сұрыпты.

Надеждадан ұлты орыс бола тұрып, шығармаларын неге қазақ тiлiнде жазады екен, соны сұраңыз», — дептi. Бұдан ары ол: «Бiз үшiн екi тiл де ана тiлiмiз», — деп өзi жауап берiптi.

«Қазақ тiлiн оқыту әдiсi»

«Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнiң тарихы» — институттың филология бөлiмдерiнде бастауыш және орта мектеп үшiн мұғалiм даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық бiлiм мен практикалық дағды, iскерлiк қалыптастыратын негiзгi пәннiң құрамдас бөлiгi.

Қазақ тiлi — сан ғасырдан берi ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелi дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кенi. Тiл — адам баласының әлем бейнесiн тану жолындағы түсiнiгiнiң, ойының, сезiмнiң, идеясының, дүниетанымының көрiнiсi.

Тiл — халық тарихы. Тiлде халық жасаған мәдениет пен өркениеттiң даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тiлдiң болашағын бағамдау үшiн, оның кешегi өткен тарихын бiлу — қажеттiлiк. Тiл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетiн ең негiзгi де тұғырлы белгiсi — тiлi. Тiлдiң қасиетiн түйсiну — ұрпаққа парыз.

Пәннiң негiзгi мақсаты — студенттердi қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнiң қайнар көздерi даму тарихына қатысты iлiммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми бiлiмдерiн мектеп грамматикасы негiзiнде жүйелi түрде оқушыларға тиiмдi жеткiзудiң жолдары мен тәсiлдерiн таныту үрдiсiне негiз болу. Мектеп мұғалiмiнiң шығармашылық тұрғыда жұмыс iстеуiне бағыт-бағдар беру, сабақ бере бiлудiң тиiмдi әдiстерiн салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдiстемелiк жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын алу

Бiлiм жөнiндегi құжатты жоғалттыңыз ба? Қайғырмаңыз. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, сонымен қатар негiзгi орта және жалпы орта бiлiмi туралы телнұсқаларды Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» және «Техникалық және кәсiптiк бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметтерiн алу үшiн сiзге ХҚКО-ға келесi құжаттарды ұсыну қажет: оқу орнының басшысы атына нысан бойынша өтiнiш, мерзiмдiк баспасөз басылымына құжаттың тiркеу нөмiрi және беру күнi көрсетiлген құжаттың жоғалуы туралы хабарламаның көшiрмесi (10 күн мерзiмiнен аспайды), алушының жеке куәлiгi, сонымен қатар, қажет болған кезде: тегiн ауыстырғанын растайтын құжат және жарамсыздыққа келген немесе құжатты толтыру кезiндегi қателерi бар (бар болса) бiлiмi туралы құжаттың түпнұсқасы.

Ал «негiзгi орта, жалпы орта бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» қызметiн рәсiмдеу үшiн сiзге баланың ата-анасының немесе қызмет алушының жеке куәлiгiмен туу туралы куәлiктiң (2008 жылға дейiн туылған жағдайда) көшiрмесi, азаматтың немесе ата-анасының өтiнiшi, егер бала кәмелеттiк жасқа толмаса, сонымен қатар құжаттың нөмiрi және берiлген күнi көрсетiлген құжаттың жоғалғаны жөнiндегi жарияланған мерзiмiнен 10 күн өтпеген мерзiмдi баспасөз басылымынан үзiндi.

Барлық үш қызмет тегiн көрсетiледi. ХҚКО-ға аптаның алты күнiнде үзiлiссiз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейiн өтiнiш бiлдiруге болады. Құжаттар пакетiн тапсырғаннан кейiн бiр айдан кейiн сiздiң қолыңызда бiлiм туралы құжаттың телнұсқасы болады.

Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Петропавл қаласының №1 бөлiмiнде 2016 жылдың қаңтар айында инвесторларға қызмет көрсету секторы iске қосылды. Аталған секторда кез-келген шетелдiк немесе отандық инвестор 300 аса қызмет түрiн ала алады.

Инвесторлардың мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын жеңiлдету инвесторларға бағытталған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу үшiн «бiр терезе» қағидатын енгiзудiң арқасында мүмкiн болды.

«Инвесторлардың қолайлығы үшiн ХҚКОда мемлекеттiк қызметтердiң негiзгi мiндеттерi инвестициялық мүмкiншiлiктер мен мемлекеттiк қызметтердегi мәселелер бойынша қабылдау және кеңес беру, мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттарды дайындауда көмек және ресiмдеу, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде орталық және жергiлiктi органдарда инвестициалық жобаларды сүйемелдеу бойынша болып табылатын инспекторлар көрсетедi», — дедi «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының директоры Руслан Шамшиев.

Инвесторға өзiнiң сұранымы бойынша барлық құжаттарды дайындаса болды, ал қалған барлық үрдiстi Инвесторларға қызмет көрсету секторы орындап, бақылайтын болады. Ендi барлық әкiмшiлiк сатыларды өз бетiнше өтудiң қажетi жоқ. Барлық құжаттар көрсетiлген уақытта дайын болады және инвесторға жiберiледi.

Инвесторға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетудiң барлық процесi автоматтандырылады. Интернет жүйесiнде тiркелуге, ақпарат алуға, сонымен қатар құжаттарды жеткiзудi online режимде қарастыруға мүмкiндiк бар.

Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар комитетiнде инвестор ақпараттық және кеңестiк қолдау ала алатын Call center орталығы қызмет етуде. Call center тел: 8 (7172) 75-45-40.

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру

Қазiр азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және электрндық үкiмет порталында «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» алуға мүмкiншiлiгi түскенi айтылғандай, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Сiзге: Қызметтi онлайн режимiнде пайдалану

  1. Өтiнiш;
  2. Жеке тұлғаның жеке куәлiгi (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн түпнұсқасы ұсынылады);
  3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы.

Қызмет көрсету құны және төлеу тәртiбi — Тегiн

Қызмет көрсету мерзiмi — 15 минут

Қызмет көрсету нәтижесi

Менежайдың тiркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын нақтылау, беру, жою.

Beeline Қазақстан абоненттерi электрондық цифрлық қолтаңбасы бар SIM-карталарға қол жеткiзе алады

SIM-картада ЭЦҚ-ның болуы қазақстандықтарға Қазақстанның мобильдi үкiметi мен www.egov.kz электрондық үкiмет порталы ұсынатын анықтамаларды және қызметтi алу мүмкiндiгiн бередi.

Мобильдi ЭЦҚ-ның басты артықшылығы — оның қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы және қауiпсiздiгi, себебi оны SIM-картадан ешкiм көшiре алмайды немесе жоя алмайды. Beeline Қазақстан абоненттерi ұялы телефонның кез келген үлгiсiмен электронды қызметтердi алу өтiнiшiне қол қоя алады.

Оған қоса, смартфон қолданушылар мемлекеттiк қызметтердi, бүгiнгi сәтте iOS және Android платформаларында жұмыс iстейтiн «Egov» қосымшасы арқылы ала алады, ал қарапайым батырмалы телефон иелерi ақпаратты SMS-сауал жолдау арқылы алса болады.

Бүгiнгi таңда «Egov» мобильдi қосымшасы арқылы қазақстандықтар 80-астам әртүрлi қызметтерге қол жеткiзе алады, олардың 30-астамын алу үшiн ЭЦҚ қажет. Олардың iшiнде: мекенжай анықтамасын алу, жылжымайтын мүлiгi бар немесе жоқ екенi туралы анықтама алу және зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу бар.

ЭЦҚ жазуға болатын Beeline Қазақстан SIM-картасының құны 1500 теңгенi құрайды, оның 200 теңгесi абоненттiң теңгерiмiне аударылады. Егер абонентте Beeline Қазақстан SIM-картасы болса, ол оны криптаплетi бар SIM-картаға ауыстыра алады. SIM-картаны ауыстыру құны 1300 теңге.

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

Бұл сан жыл басынан жаңа жүргiзушi куәлiктерiн алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36 115 жүргiзушi куәлiгi, оның iшiнде әйелдерге — 10 776 жүргiзушi куәлiгi берiлдi.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргiзушi куәлiгiн алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсiп келедi. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргiзушi куәлiгiн алды, олардың iшiнде 4 мыңы — әйелдер. 2015 жылдың 2 айына — 27 мыңнан астам, олардың iшiнде 8 мыңнан астамы — әйелдер. Осы жылы да бiз сол сияқты жүргiзушi куәлiктерiн беру бойынша қызметтердiң өсу динамикасын көрдiк», — деп айтып өттi ол.

Автокөлiк құралдарын тiркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейiннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтемiз. Бүгiнде Қазақстанда автокөлiк иелерiне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстейдi.

Бизнес-процесстердi автоматтандырудың және мемлекеттiк органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерiн интеграциялаудың арқасында жүргiзушi куәлiктерiн алу уақыты 2 сағатқа дейiн қысқарды. Бұдан басқа, мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрiгерлерiнiң кабинеттерiн және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық iлеспе анықтамаларды бiр жерде алуға мүмкiндiк бердi.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда мiндеттердi бөлiсу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлерi құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлерi жүргiзушi куәлiктерi мен көлiк құралдарын тiркеу куәлiктерiн жасау процесiне қатыстырылады.

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша баспасөз қызметi

Бiлiм туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады

Бiлiм туралы құжаттарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық үкiмет порталы арқылы апостиль қоюға болады. Бұл мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет «Қазақстан Республикасы бiлiм беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» деп аталады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қорытындысын Астана тұрғындары 5 жұмыс күнiнен кейiн ала алады, ал басқа өңiрлердiң тұрғындары үшiн бұл мерзiм күнтiзбелiк 30 күндi құрайды. Қабылдау күнi қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Бiлiм туралы құжаттарды апостильдеу ақылы — 0,5 АЕК. Оған ақы төлеудi екiншi деңгейлi банктер және Казпочта кассасы арқылы жүргiзуге болады. Өтiнiштi портал арқылы ресiмдеу кезiнде ақы төлеу электрондық үкiмет шлюзi арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға өтiнiш беру үшiн өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжат; апостильдеу үшiн ұсынылатын құжаттың түпнұсқасы және мемлекеттiк бажды төлеу туралы түбiртек болуы керек.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда қызметтi ұсынудан бас тартылуы мүмкiн.

ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Қызмет 15 жұмыс күнi iшiнде тегiн көрсетiледi. Бұл ретте өтiнiштi қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Экстернат нысанында оқуға өтiнiш беру үшiн тiркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгiну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы бiлiм беру мекемелерiнде оқуға мүмкiндiгi жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады.

«Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтiнiш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейiн олардың мүддесiн ата-аналары немесе заңды қамқоршылары бiлдiредi», — деп атап өтедi «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева. — Айтпақшы, уақытыңыз шектеулi болса, ХҚКО-ға кезектi электрондық үкiмет порталы арқылы брондауға болады. Бұл үшiн сiзге электрондық цифрлық қолтаңбаның керегi де жоқ. ЖСН-ды енгiзiп, қызметтi алғыңыз келетiн ХҚКО-ны көрсетсеңiз жеткiлiктi».

Қызметтi алу үшiн өтiнiштi толтыру керек, сол сияқты өзiңiзбен бiрге мынадай құжаттар болсын: дәрiгерлiк-консультативтiк комиссияның қорытындысы;1/е нысаны, соңғы оқыған сыныбындағы үлгерiм табелiнiң көшiрмесi және көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (2008 жылға дейiн туылған болса), сондай-ақ салыстыру үшiн түпнұсқа. Қажет болған жағдайда бiлiм алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат керек болуы мүмкiн.

15 жұмыс күнiнен кейiн сiз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелдi бас тартуды ала аласыз. Айта кетейiк, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсат берiлдi.

Әскери қызметiн өткерудi растау туралы анықтама алу

Қазiр азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және электрндық үкiмет порталында «Әскери қызметiн өткерудi растау туралы анықтама алу» алуға мүмкiншiлiгi түскенi айтылғандай, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Сiзге:Қызметтi онлайн режимiнде пайдалану.

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтiнiмдi толтыру және жiберу ( ЭЦҚ талап етiлмейдi).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу және талап етiлген жерге ұсыну.

Қызметтi ХҚКО-да алу (қажеттi құжаттар):

  1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
  2. Жеке куәлiктiң түпнұсқасын.

Қызметтi ЖӘБО арқылы алу:

  1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
  2. Жеке куәлiктiң түпнұсқасын.

Қызмет көрсетiлетiн жерi

  • www.egov.kz порталы;
  • ХҚКО;
  • Жергiлiктi әскери басқару органдары.

Қызмет құны — тегiн.

Қызмет көрсету нәтижесi

Әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтама беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйектi жауап.

Баспасөз релизi
ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Қызмет 15 жұмыс күнi iшiнде тегiн көрсетiледi. Бұл ретте өтiнiштi қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Экстернат нысанында оқуға өтiнiш беру үшiн тiркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгiну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы бiлiм беру мекемелерiнде оқуға мүмкiндiгi жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады.

«Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтiнiш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейiн олардың мүддесiн ата-аналары немесе заңды қамқоршылары бiлдiредi», — деп атап өтедi «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева. — Айтпақшы, уақытыңыз шектеулi болса, ХҚКО-ға кезектi электрондық үкiмет порталы арқылы брондауға болады. Бұл үшiн сiзге электрондық цифрлық қолтаңбаның керегi де жоқ. ЖСН-ды енгiзiп, қызметтi алғыңыз келетiн ХҚКО-ны көрсетсеңiз жеткiлiктi».

Қызметтi алу үшiн өтiнiштi толтыру керек, сол сияқты өзiңiзбен бiрге мынадай құжаттар болсын: дәрiгерлiк-консультативтiк комиссияның қорытындысы;1/е нысаны, соңғы оқыған сыныбындағы үлгерiм табелiнiң көшiрмесi және көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (2008 жылға дейiн туылған болса), сондай-ақ салыстыру үшiн түпнұсқа. Қажет болған жағдайда бiлiм алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат керек болуы мүмкiн.

15 жұмыс күнiнен кейiн сiз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелдi бас тартуды ала аласыз. Айта кетейiк, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсат берiлдi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi

Электрондық үкiмет порталында «Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi» қызметi қол жетiмдi.

Қызметтi онлайн тәртiпте алу үшiн, Сiзге:

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтiнiмдi толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Қызметтердiкөрсетуүшiнмемлекеттiкбажалымынтөлеу
  4. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында) көрсетiлген уақыт iшiнде келiп түсетiн, сiздiң өтiнiмiңiздi өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  5. Куәлiктi алу үшiн мемлекеттi корганға жүгiну.

Тiркеу есебiне тұру үшiн Өтiнiш берушi жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде бұған дейiн тiркелмеу iтиiс. Салық органының коды өтiнiш берушiң тұрғылықты жерi бойынша тiркелген мекенжайына сәйкес таңдалады.

Қазiргi уақытта «электронды үкiмет» порталында жүзеге асырылатын «Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi» мемлекеттiк қызметi,өзi тұратын (тiркелген) мекен жайды жеке кәсiпкер, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокат орналасқан орны ретiнде жеке тұлғаларғағана қол жетiмдi.

Егер, жеке кәсiпкер, жеке нотариустың, жеке сот орындаушының, адвокаттың орналасқан орны ретiнде жоспарланып отырған мекен жайы жеке тұлғаның тұрғылықты (тiркелен) мекен жайынан өзгеше болған жағдайда, жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркелу мақсатында салық органдарының ақпаратты қабылдау өңдеу орталығына жүгiнуiңiздi ұсынамыз».

Қызмет көрсету нәтижесi — жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.

«ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi»

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек — жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлiк деңгейiнен төмен жеке тұлғаларға мемлекетпен ақшалай түрде ұсынылады.

Жанбасына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлiк деңгейiнен төмен Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалармемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке құқыққа ие.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалмайды:

  1. Қазақстан Республикасында азаматтарды жұмыспен қамту және жұмысқа қабiлеттi сұрақтары бойынша уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасына белсендiқатысудан жазбаша түрде бас тартқандарға, бiр айдан аса ауруханада емделуде жатқан кезеңiндегi тұлғалармен мүгедектерден басқа, студентер, тыңдаушылар, курсанттар және күндiзгi бөлiмде оқитын магистранттар, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi бағып күтумен жұмыс iстейтiндер, сексен жастан үлкен тұлғалар, жетi жаска дейiнгi балалары бар азаматтар;
  2. Жұмысқа орналасуға уәкiлеттi органдар ұсынымнан дәлелдi себепсiз бас тартқан жұмыссыздар, соның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнынан немесе қоғамдық жұмыс, мамандыққа даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiктi көтеру сияқты жұмыстарға және оқытуларға қатысуын өз ерiктерiмен тоқтатқандар.

Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау уәкiлеттi органмен атаулы әлеуметтiк көмек көрсетубюджетiне сәйкес қарастырылған сома iшiнде жүргiзедi

Атаулы әлеуметтiк көмек көлемi уәкiлеттi органмен жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мен областа белгiленген кедейлiк деңгейiн әр отбасы мүшесiне санағандағы айырмашылығына байланысты.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баланы балабақшаға кезекке қою

Бiлiм бөлiмдерiнiң мамандарының есiгiнiң алдында балабақшаға балаларын орналастыруға қалаушы ата-аналар тобын әрбiр ана жақында қорқынышты түсiндей елестететiн. Қазiр бәрi басқаша. Балаңызды мектепке дейнгi балалар мекемесiне кезекке қалай қоюды сiз осында оқи аласыз:

Өзiңiздiң балаңызға туу туралы куәлiгiн ресiмдеу кезiнде, сiз балаңызды мемлекеттiк балабақшаға кезекке қоя аласыз, ол үш-төрт жасына дейiн келедi. Егерде сiз жергiлiктi атқарушы орган арқылы аталған рәсiмдi бұрынғыдай өткiзгiңiз келсе, онда бұл да мүмкiн.

Егерде сiз ХҚКО-ға жүгiнсеңiз, онда портал арқылы өтiнiш бiлдiрген сәттен бастап 30 минут iшiнде сiз өз кезегiңiздiң нөмiрiн бiлетiн боласыз, бұл жайлы қызметтi алушыға кезектiң нөмiрi көрсетiлген қолхат берiледi. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

ХҚКО-ға екi құжат қана қажет:

  1. Қызмет алушының заңды өкiлдерiнiң бiрiнiң жеке құжаты (сәкестендiру үшiн);
  2. Мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орынды алуға құқығын растайтын құжат.

Қалған қажеттi деректердi ХҚКО қызметкерi сәйкесiнше мемлекеттiк ақпараттық жүйеден уәкiлеттi тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Балабақшаға кезекке www.egov.kz электрондық үкiмет порталы немесе iOS және Android үшiн қолжетiмдi egov.kz мобильдi қосымшасы арқылы қонлайн қоюға болады. Жас ата-аналар үшiн кезекке онлайн қою тәсiлi ыңғайлы, өйткенi бұны үйден шықпай-ақ жасауға болады. Кезектi интернет арқылы egov.kz порталында «Балабақшаға кезек нөмiрiн қарау» сервисiнiң көмегi арқылы қадағалауға болады.

Бiрiншi орынды алу құқығына ие:

  • мүгедек балалар;
  • ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • жетiм балалар;
  • көп балалы отбысылардың балалары;
  • жеңiлдiктер және кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалардың балалары.

Портал арқылы қызметтi алуда тұлғалардың жеңiлдiктi санатына портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаға ие болу қажет.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жас жұбайларға естелiк!

Некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлерге, қазiр некенi тiркеуге үшiн арызды АХАТ жүгiну қажет емес. Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЙҚ) және интернет-ресурсына қолжетiмдiлiкке ие болсаңыз www.egov.kz порталында некенi тiркеуге арызды Онлайн бере аласыз. Осындай қағидада арыз беру Сiздiң уақытыңызбен жол шығыныңызды үнемдейдi.

Неке тiркеуге арызды берушiге қызметтi онлайн алушыға қажет:

  1. Egov.kz порталында Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту;
  2. Өтiнiмде ерiнiң немесе зайыбының ЖСН көрсету және неке тiркелетiн АХАТ таңдау;
  3. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет;
  4. Бұрынғы ерiнiң немесе зайыбының өтiнiш берудi растауын алу. Өтiнiш 48 сағаттан артық емес растауды күтуi мүмкiн, одан кейiн күшiн жояды.

Некенi тiркеу арызын растаушыға қажет:

  1. Egov.kz порталында Авторлану және «Қызметтердi алу тарихы » тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
  2. Өтiнiмдi толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
  3. Егер өтiнiштi беруш iтөлемесе, қызметтi төлеу қажет.
  4. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Өзiне өзi қызмет көрсету секторы жылдам және кезексiз жасауға мүмкiндiк бередi

Өзiне өзi қызмет көрсету секторлары аудан ХҚКО-да азаматтардың қолайлығы үшiн қызмет етуде, «Connection Point» деп аталатын, аудан тұрғындары инспекторды күтпестен электронды қызметтердi алуға мүмкiншiлiктерi бар.

Аталған секторда инспекторлар қызмет етуде, егерде мемлекеттiк қызметтi азамат алғаш рет алған жағдайда, мiндеттi түрде оған көмектеседi.

Айта кетейiк, www.egov.kz электронды үкiмет арқылы азаматтар арасында аса сұранысқа ие қызметтердiң iшiнде — жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама, мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама. Одан басқа ХҚКО клиенттерi өздiгiнен өзiнiң ЖК тiркеуге, тегiмен атын ауыстыруға өтiнiм беруге, баланы балабақшаға кезекке қоюға мүмкiндiктерi бар.

Инспекторлар мемлекеттiк баж төлеуге, салық, жол жүру ережесiн бұзғаны үшiн айыппұлды, коммуналдық қызметке қалай төлеуге болатынын түсiндiредi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

ЭЦҚ мүмкiншiлiгi

Электронды цифрлық қолтаңба — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi.

Электрондық сандық қолтаңбаны пайдалана отырып, Сiз:

  • облыс ғана емес, сондай-ақ республика мемлекеттiк органдар виртуалдық қабылдауына өтiнiштердi жүзеге асырасыз (бұл қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарына өз өтiнiштерiн мемлекеттiк органдарға тапсыруға мүмкiндiк және өтiнiштiң дәрежесiн: мемлекеттiк органға жеткiзiлгенiн, орындалуға берiлгенiн, орындалғанын және т.б. тексеруге мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк орган тарапынан жауапты әрекетке кепiлдiк бередi);
  • үйден шықпай тәулiгiне 24 сағат аптасына 7 күн мемлекеттiк қызметтердi ала аласыз;
  • тауарлардың және қызметтердiң электрондық саудада, аукциондарда және тендрларда ең тиiмдi баға ұсыныстарын ұсына және таңдай аласыз.

Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жанында орналастырылған Ұлттық куәландыру орталығынан ала аласыз немесе www.pki.gov.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландiрушi орталығының сайтында онлайн тапсырыс бере аласыз.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизi
Субсидиялауға өтiнiмдi қазақстандықтар ендi ХҚКО арқылы бере алатын болады

Баспасөз релизi Субсидиялауға өтiнiмдi қазақстандықтар ендi ХҚКО арқылы бере алатын боладыАуыл шаруашылығы саласында субсидиялауды жеке және заңды тұлғалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресiмдей алады. Бұрын осы қызметтердi ресiмдеу үшiн белгiлi бiр кесте бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне тiкелей жүгiну талап етiлсе, ендi қазiр қызметтер ХҚКО арқылы қолжетiмдi болып отыр, оның iшiндегi үшеуiне электрондық үкiмет порталы арқылы қол жеткiзуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары субсидиялау бойынша мемлекеттiк қызметтерге құжаттарды өздерiнiң қалыпты кестесi бойынша қабылдайды — аптасына 6 күн, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9-дан кешкi сағат 8-ге дейiн.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша ХҚКО-лар арқылы субсидиялаудың 8 түрiн алуға болады, олардың iшiнде — а/ш өндiрушiлерiне су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын; а/ш өнiмдерiн өңдеуге арналған гербицидтер мен биопрепараттардың құнын; асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды; жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру шығындарының құнын; тұқым шаруашылығын дамытуды; тыңайтқыштардың құнын; ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын, сондай-ақ өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмi әр түрлi — күрделiлiгiне қарай 6 жұмыс күнiнен бастап 41 жұмыс күнiне дейiн созылады. Алайда, ХҚКО арқылы құжаттар топтамасын тапсырған кезде құжаттарды қабылдау күнi бұл мерзiмге кiрмейтiндiгiн есте сақтаған жөн.

Қажеттi құжаттар туралы электрондық үкiмет порталының con.gov.kz ресми сайты және 1414 тегiн нөмiрi бойынша бiрыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы бiлуге болады. Субсидиялау жөнiндегi қызметтер тегiн көрсетiледi.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылған сәтiнен бастап мұнда ұсынылатын мемлекеттiк қызметтер спектрi 212-ге дейiн көбейдi, ал бизнес-процесстердi оңтайландыру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға қажеттi құжаттар санын төмендетуге, сол сияқты ресiмдеу мен кезек күту уақытын қысқартуға және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу мерзiмдерiн азайтуға мүмкiндiк бердi. Бүгiн елiмiзде 270 ХҚКО бөлiмi жұмыс жасайды.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспа сөз қызметi

Баспасөз релизi
ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерiнiң тiзбесi артты

Баспасөз релизi ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерiнiң тiзбесi арттыХҚКО-лар салық органдарының бағыты бойынша пилоттық режимде тағы да 8 қызметтi көрсетудi бастады. Бұған дейiн ХҚКО-лар аталған ведомствоның 17 қызметiн ұсынған болатын. Ендi қызметтер тiзбесi кеңейтiлдi және Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң ХҚКО-ға берген қызметтер саны 25-ке келiп жеттi.

Атап айтсақ, ендi ХҚКО-ларға салық төлеушiлердi тiркеу, салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу, ҚР-дағы көздерден алынған кiрiстер сомасы және ұсталынған (төленген) салықтар туралы анықтама, сондай-ақ ҚР резиденттiгiн растау және т.б. үшiн жүгiнуге болады.

Бұрын қазақстандықтар аталған қызметтердi ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң аумақтық органдарынан ғана ала алатын. Ендi оларды мемлекеттiк органдар және баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетедi. Қызметтердi ресiмдеу үшiн ХҚКО-ға дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9.00-ден бастап кешкi сағат 20.00-ге дейiн жүгiнуге болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, пилоттық қызметтердiң басым бөлiгi толығымен автоматтандырылған және оларды ХҚКО-лардың электрондық үкiмет порталында, сондай-ақ «Connection Point» секторларында өз бетiнше алуға болады. «Бұл үшiн электрондық кезек талонын алу қажет емес, онлайн қызметтi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба болса ғана жеткiлiктi. ЭЦҚ болмаған жағдайда ХҚКО инспекторлары клинеттерге оны жеке куәлiкке не флеш-картаға жазып беруге көмектеседi», — деп атап өттi ол.

Балташева қазiргi уақытта көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары келiсу үстiнде екендiгiн айтып өттi. Олар бекiтiлiсiмен пилоттық жоба аяқталып, қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негiздерде көрсетiлетiн болады.

Анықтама ретiнде, Бүгiнгi күнi Қазақстанда 212 мемлекеттiк қызметтi көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. 2015 жылғы 10 айға ҚР ХҚКО-ларында 30 милионнан астам қызмет, оның iшiнде 22 миллион қызмет — электрондық нысанда көрсетiлдi.

«ХҚКО» РМК баспасөз қызметi

Жемқорлық. Негiзгi ұғымдар

Баспасөз релизi
Фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды ендi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады

Баспасөз релизi Фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды ендi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға боладыҚР ХҚКО-ларында пилоттық жоба iске қосылды. Оған сәйкес ҚР АШМ агроөндiрiстiк кешенiндегi Мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды беруi ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның сөзiне қарағанда, бұрын аталған қызметтердi азаматтар ҚР АШМ агроөндiрiстiк кешенiндегi Мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекцияларында ғана ала алатын. «Ендi оларды баламалы негiзде мемлекеттiк орган мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетедi. Бұл ретте қызметтердi ресiмдеу үшiн ХҚКО-ларға дүйсенбiден бастап сенбiге дейiн, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9.00 минуттен бастап кешкi сағат 20.00 минутке дейiн жүгiнуге болады», — деп қосып өттi Балташева.

Карантиндiк және фитосанитариялық сертификаттарды алу мерзiмдерi — 3 және сәйкесiнше 5 жұмыс күнiн құрайтындығын атап өту керек. ХҚКО-да ҚР аумағында карантинге жатқызылған өнiмдi ауыстыруға карантиндiк сертификат алу үшiн өзiңiзбен бiрге тек қана жеке куәлiгiңiз болу керек. Ал карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты беру үшiн, сондай-ақ импортер-елдiң өсiмдiктер карантинi бойынша ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын ұсыну керек. Айта кетейiк, екi жағдайда да өтiнiмдi толтыру керек.

Балташеваның айтуына қарағанда, жуық арада аталған қызметтер 32 ХҚКО-да пилоттық режимде ұсынылатын болады, олардың тiзiмiн http://con.gov.kz/normativno-pravovie-akti/%20files/MSH_ru.pdf көруге болады. Болашақта оларды жалпы негiзде барлық ХҚКО-ларда көрсету жоспарланып отыр.

Бүгiнгi күнi Қазақстанда 212 қызмет көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi. 2015 жылғы 10 айда ҚР ХҚКО-ларында 30 миллионнан астам қызмет ұсынылды, олардың 22 миллионы — электрондық нысанда көрсетiлдi.

Әскери қызметшiлердi тұрғын үймен қамтамасыз ету

Мемлекет шамадан тыс жүктемеде, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы шарттарында әскери қызметтi атқаруға байланысты әлеуметтiк қызметкерлер үшiн әлеуметтiк қолдауды көздейдi. Бiздiң ел әскери қызметкерлердiң өздерiне де, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне де қажеттi көмектi көрсетуге тырысады. Қазақстанда нормативтiк құжаттарға сәйкес әскери қызметкерлерге белгiлi бiр жеңiлдiктер бар.

Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшiлер мен олармен бiрге тұрақты тұратын отбасы мүшелерi:

  • жұбайы (зайыбы);
  • ортақ немесе ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң кәмелетке толмаған (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары;
  • күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм беру ұйымдарында оқитын (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) жиырма үш жасқа толмаған балалары және жұбайының (зайыбының) балалары;
  • он сегiз жасқа толмаған мүгедек балалары (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары;
  • әскери қызметшiнiң асырауындағы ата-аналары

мемлекет есебiнен әскери қызмет өткеру кезеңiне тұрғын жаймен қамтамасыз етiледi.

Әскери қызметшiлердi тұрғын үймен қамтамасыз ету «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

«Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту»

Сотқа қуынымдық өтiнiш беру

БЖЗҚ анықтамасы ендi eGov порталында қолжетiмдi

Бала тууға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оны күтуге жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу

Баланы балабақшаға қай уақытта беру керек

«Электронды үкiмет» портал өкiлi қаражаты мен оның филиалдарын тiркеу есебi, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу тәртiбi туралы

Бала туудың арызын электронды тапсыр

Электронды үкiметтiң порталы арқылы бала туудың арызын электронды тапсыру мүмкiндiгi бар. Жаңа қызметтi пайдалану арқылы туған балаға ЖСН немесе туу туралы куәлiк берiледi.

Бұл үшiн зайыбының жеке сәйкестендiру нөмiрiн енгiзу жеткiлiктi (ЖСН) немесе арызданушы оңлайн — тапсырысын электронды үкiмдi қолтаңбамен куәлiндiредi.

Бұл қызметке екi жағдай бар — бала туылған кезден екi айдан кешiктiрмей арыз тапсыруға мiндеттi, ата-аналарының некесi 2008 ж. 1 маусымынан тiркелсе. Тапсырыс сәттi өту жағдайында жеке кабинеттi пайдалану, белгiленген ақпарат анықтамасы туралы баланың ЖСН енгiзу немесе АХАТ туу туралы куәлiк алу мүмкiндiгi бар.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

ҚР IIМ жаңа пилотты қызметтi ХҚКО көрсетедi

«ХҚКО» РМК СҚО филиалының Ақжар ауданының бөлiмi хабарлайды, нақты уақытта ҚР IIМ қызметiн, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы баламалы негiзде алуға болады.

Нақты қызметке мыналар жатады:

  • тұрғылықты мекен жайынан Қазақстан Республикасынан шет елiне шығуға құжат ресiмдеу;
  • жеке iс бойынша Қазақстан Республикасынан шығуға шақыруға ресiмдеу.

Қазақстан Республикасының Iшкi Iстер министiрлiгiнiң аумақтық құрылтайшысы болып, жоғарыдағы мемлекеттiк қызметтi көрсетудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Қажеттiнi белгiлеу, 2015 жылдың маусым айынан бұл қызметiң тiзiлiмi берiледi, ХҚКО арқылы қызмет көрсетiледi, 35 жаңа қызметпен толтырылды.

Жоғарыдағы мемлекеттiк қызметтке кеңес алу үшiн ХҚКО мына мекен жайынан алу: Талшық с., Женiс к., 67 телефон 22-111.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Бiрiңғай байланыс орталығы «1414»

Бiрiңғай байланыс орталығы «1414»2013 жылдың қазан айынан 1-2 топтық мүгедектiгi бар азаматтар мемлекеттiк қызметтердi үйiнде алу мүмкiндiгi бар екендiгiн естерiңiзге саламыз. Ол үшiн бiрыңғай 1414 нөмiрiне қоңырау шалып, өтiнiм беру жеткiлiктi. ХҚКО қызметкерлерi қызметалушымен хабарласып, қызмет алуға қажеттi құжаттар тiзiмiн анықтап, қызметалушыға ыңғайлы уақытты таңдайды.

Мобильдi топ 72 сағат iшiнде үйiне барып қызмет көрсетедi. Қызметалушының келiсiмi бойынша және интернет желiсiне қосылған дербес компьютерi бар болған жағдайда ХҚКО қызметкерi мемлекеттiк қызметтердi ЭҮПнан алуды үйретедi. 1414-ке қоңырау шалу (ұялы байланыс операторларының бәрiне) тұрақты телефоннан сондай-ақ, ұялы телефоннан да тегiн. Қазақстандықтар кез келген уақытта мемлекеттiк қызмет көрсету туралы кеңестi ала алады: ББО тәулiк бойы, күнделiктi жұмыс iстейдi.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Мобильдiк ХҚКО

Халықтың бұқара тобына, сонын iшiнде алыстағы елдi-мекен тұрғындарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң қол жетiмдiлiгi бойынша Елбасымен қойылған тапсырманы орындау шеңберiнде бүгiнгi таңда Ақжар ауданы бойынша мобильдiк ХҚКО қызмет етедi, олар 12 елдi мекендi қамтиды. 2015 жылдан бастап алыстағы елдi мекендерге 40 шығу жасалынды. Шығулар арнайы бекiтiлген кестеге сай жүргiзiледi.

Мобильдi ХҚКО-ның шығу кестесiмен azh.sko.kz. ресми сайтында танысуға болады. Қазақстан Республикасының денсаулық және әлеуметтiк даму Министрлiгi «Зейнетақы беру бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚК, Қазақстан Республикасының инвестиция және даму Министрлiгi «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК және «Казпочта» АҚ арасында жасалған 3 жақты меморандумға сәйкес 2015 ж. 16 наурызынан бастап бiрлескен мобильдi ХҚКО шығулары жүзеге асырылуда, берiлген меморандумның мақсаты алыстағы елдi мекен тұрғындарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

Мобильдiк ХҚКО-ның шығулары кезiнде тұрғындарға электронды үкiмет порталының жұмыстары және электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың артықшылығын түсiндiру жұмыстарын өткiзедi. Халыққа кеңесшiлiк көмек көрсетiледi. Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа жұмыс форматына ауысуы халыққа сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге мүмкiндiк бердi, бизнес-үдерiстердiң автоматтандырылуы, барлық мемлекеттiк органдардың дерекқорларының және ақпараттық жүйелерiнiң бiрiктiрiлуiнiң нәтижесiнде бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң үлкен бөлiгi электронды форматқа ауыстырылды, бұл қызмет алу тәртiбiн жайдақтайды.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы — сiздiң көмекшiңiз

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы — сiздiң көмекшiңiз«Connectoin Point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы Қазақстандықтар үшiн ХҚКО-дағы кеңiнен таралған, сұранысы артқан бөлiм болып отыр. Аталған сектордың арқасында заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң маңызды мәселелерiн электронды үкiмет порталының онлайн-режимiнде шешiп алуда. Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы мамандарының айтуынша қызмет көрсету бойынша мекен-жайлық анықтама алу, жылжымайтын мүлкi жоқ екендiгi туралы анықтама алу, зейнетақы қорын есептеу анықтамасы, сотты болғандығы немесе болмағандығы туралы анықтама. Арнайы құралдармен және техникалармен жабдықталған орындар қызмет алушыларға қажеттi қызметтерiн ыңғайлы, әрi қысқа мерзiмде элетронды үлгiде алуына мүмкiндiк бередi. Сектор қызметкерлерi электронды үкiмет порталымен жұмыс iстеуге, мемлекеттiк қызмет көрсетудi онлайн арқылы алу қызметтерiне машықтануға үйретедi, онлайн-режим арқылы мәселелердi шешуге байланысты қажеттi барлық сұрақтар бойынша кеңес бередi, ЭСҚ алу тәртiбiн және оның мүмкiндiктерiн көрсетедi, сондай-ақ, мобильдi байланыс құралдары арқылы Мобильдi үкiмет жұмысының артықшылықтарын көрсетедi.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру»

Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру»Жылжымайтын мүлiктi сату күннен күнге өсуде. Жылжымайтын мүлiктi рәсiмдеу маңызды факторлардың бiрi болып табылады. Тiркеушi орган арқылы қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн алу үшiн, сiзге «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» қызмет түрi бүкiл ХҚКО-да ұсынылуда.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.Қызметтi көрсету мерзiмi: бiр жұмыс күнi iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн қалғанда берiледi).

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

  1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес белгiленгеннысандағы сұрау салу;
  2. Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат(түпнұсқа көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн берiледi);
  3. Заңнамада белгiленген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжат.

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандартынмен www.con.gov.kz сайтынан таныса аласыздар.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Мекенжай анықтамасы

Мекенжай анықтамасыМекенжай анықтамасы Қазақстан тұрғындарының арасында аса үлкен талап етiлетiн электронды қызмет болып қала бередi. Мекен-жайлық анықтаманы сiздер тек қана Халыққа қызмет көрсету орталығынан ғана емес, өздерiңiз электронды үкiмет порталынан да ала алатындарыңыз туралы бiз сiздердiң тағы да естерiңiзге салайық деп отырмыз. Бұл үшiн ЭСҚ көмегiмен порталда авторлансаңыз жеткiлiктi. Ал егер сiздiң қолыңызда компьютер немесе ғаламтор болмаған жағдайда, ХҚКО әрқайсысында бар «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторынан қызмет алуыңызға болады. Бұл анықтаманы порталдан тек қана жеке тұлғалар ғана ала алады. Сондай-ақ, 2007 жылдың 13 тамызынан бастап азаматтық хал актiлерiне тiркелген балалардың ата-аналары үшiн онлайн-қызмет қолжетiмдi.

Егер анықтамадағы ақпарат толық емес немесе дәл емес (мекен-жай дұрыс емес немесе тiркеуге отырған күнi көрсетiлмеген) болса ХҚКО келiп, көшi-қон полициясы қызметкерiне мекен-жайлық мәлiметтерге түзету енгiзуге келуi қажет.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Мұрағаттық анықтамаларды алу

Мұрағаттық анықтамаларды алуСiзге еңбек өтiлiн растау керек пе? Алдынғы жұмыс орнынан еңбекақы, зейнетақы және әлеуметтiк аударылым көлемi туралы ақпарат жинап жүрсiз, ал фирма әлдеқашан жабылып қалған? Бiлiмiңiздi және бiлiктiлiгiңiздi растау қажет пе? Ендi бұлар ғана емес, басқа да мұрағаттық құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар электрондық үкiмет порталы арқылы алуыңызға болады. Жоғарыда аталғандардан басқа «Мұрағаттық анықтамалар беру» қызметi көмегiмен жасы, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттармен марапатталғаны, ғалым дәрежесi мен атағын беруi, қамау, қоныс аударту және сауықтыру орындарында, экологиялық апат аймағында емдеуде болғаны жөнiнде, күштеп айдап кету және отанына қайта оралу, азаматтық хал актiлерi немесе мүлiктiк құқық туралы мәлiметтер алуға болады.

Қажеттi мұрағаттық құжатты өтiнiш бiлдiргеннен кейiн 15 күннен соң алуға болады, құжаттарды тапсыру күнi бұл мерзiмге кiрмейдi. Мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiштi рәсiмдеу кезiнде өзiмен бiрге қажет: жеке куәлiк, сонымен қатар сенiмхат, егер басқа тұлға үшiн анықтама алса. Электрондық үкiмет порталы арқылы анықтаманы алу үшiн ЭЦҚ-ның болғаны жеткiлiктi.

Мәлiмет үшiн, жеке және заңды тұлғалар үшiн әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мұрағаттық құжаттарды алу-тегiн.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Бала тууға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оны күтуге жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу

Ең танымал әрi қажеттi қызметтердiң бiрi «Бала тууға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оны күтуге жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу» болып табылады.

Бұл электрондық қызметтi алу үшiн ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) жаздыру жеткiлiктi және оның көмегiмен қажеттi қызметтi санаулы уақытта ХҚКО не болмаса өз үйiңiзде алуыңызға болады.

Қызметтi онлайн алу

  1. Авторлану және «Қызметтi онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтiнiмдi толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында») көрсетiлген уақыт iшiнде келiп түсетiн хабарламамен танысу.

Қызмет жәрдемақы тағайындау нәтижелерiн тексеру үшiн арналған болып табылады. Жәрдемақы алуға құжаттар тапсыру үшiн Баланың тууы және оның күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау парағына өту қажет.

Қызмет көрсету нәтижесi

Баланы тууға және бiр жасқа дейiн баланы бағу бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу туралы ақпараттық сипаттағы анықтама алу.

Қосымша ақпаратты Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорын филиалының Ақжар аудандық бөлiмiнен, 8 715 46 22-111 телефоны арқылы және тәулiк бойғы анықтама қызметiнен 1414 нөмiрiне тегiн қоңырау шалу арқылы алуға болады.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Мобилдi үкiмет — бұл халыққа қосымша қызмет беретiн канал

Мобилдi үкiмет — бұл көптеген халық үшiн ыңғайлы тәсiл, жасқа қарамайды, арнайы мәртебе, тұрғылықты жерi бойынша ыңғайлы, ол сондай-ақ жергiлiктi.

Мобилдi үкiмет — бұл планшет, смартфон арқылы халыққа қызмет бередi, сондай-ақ ұлттық телефонда болады.

Бұл үшiн, Мобилдi үкiметтi пайдалану өз телефон нөмiрiне байланысты электронды үкiмет порталына қажеттi есептi жазады. Бұл бүгiнде халыққа қызмет көрсету орталы арқылы немесе egov. kz арқылы жүзеге асырылуда.

Хабарламаны хабарлап алу немесе ескертпе түрде. Мысалы үшiн:

  • ЭҮП мен ХҚКО дайын құжаттарды беру туралы, балабақшаға кезекке қоюды өзгертуге;
  • мемлекеттiк қызметтi алу iркелкi парол болу(ЭҮҚ баламалы);
  • мемлекеттiк қызмет алуда, мобилдi үкiметтiң көмегiмен олар куәләндiрiледi;
  • мемлекеттiк қызметтi алуда SMS-хабарлама.

Бүгiнгi күнде бұл жобаны мобилдi телефоннан 50 мiндеттенген қызметпен алу. Бұл жобаның бiрi болып техникалық мобилдi қолтаңба жобасы, сондай-ақ 2015 жылға жоспар енгiзiлуде. Сонымен қоса, ЭҮҚ арнай байқауда ғана емес сим-картада ала алады.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды әлеуметтiк қорғау

Мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды әлеуметтiк қорғау кез-келген мемлекеттiң қызметi болып табылады. Әлеуметтiк қоғамның дәрежесiн растау, оның даму кезеңiн сақтап құтқару немесе басқада олардың бiр жүйесiн жүзеге асыру.

Қазақстанның нақты уақытында ондай тұлғаға көп көңiл бөлу, өз бетiнше қамтамасыз етуге күшi жоққа ескерту. Әрқарай Қазақстан Республикасының әлеуметтiк саясатын дамытуда жұмысқа қабiлетсiз азаматты қолдау, сондай-ақ тiршiлiк әрекетi қайырымдылық жағдайын олар үшiн құру.

Бүгiнгi күнде халыққа қызмет көрсету орталығында 1 мен 2 топ мүгедегi үшiн мемлекеттiк қызметтi үйне барып беру мүмкiндiгi жүзеге асты. Нақты түсiмге тұлғаны әлеуметтiк қолдау мақсатында сервер түсiмi, халыққа қызмет көрсету орталығының нақты шарада болады. «Мобилдi топтың» баруы үшiн мемлекеттiк қызметтi ресiмдеуде, мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға 1414 телефонына CaII-орталығына тегiн тапсырыс беру қажеттi. Үйне барып құжат қабылдауда 72 жұмыс сағаты iшiнде жүзеге асырылады, дайын құжаттарды беруде солай өндiрiледi. Нақты кеңес алу үшiн СҚО Ақжар ауданының «Халыққа қызмет көрсет орталығына» мына мекен жайына телефон соғу 8715(46)22-111 арқылы толық ақпарат алу мүмкiндiгi бар.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Уақытша жердi пайдалану құқығына акт рәсiмдеу

Саяжай немесе гараж үшiн жердi пайдалану үшiн акт қажет пе? Жеке қосалқы шаруашылығыңызды немесе фермерлiк шаруашылығыңызды рәсiмдеп жатырсыз ба? Бүгiн бiз сiздерге ХҚКО арқылы «Уақытша өтемелi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жердi пайдалану (жалға алу) құқыққа акт рәсiмдеу және оны беру» меммлекеттiк қызметiн қалай алуға болатынын айтып беремiз.

Қызмет ақылы көрсетiледi, оның құны жалға алу субъектiсiне байланысты 1,9-дан 5,2 АЕК дейiн түрленедi. Жетiм блалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 18 жасқа толғанға дейiн растау құжаттарын көрсеткенде қызмет ақысыз көрсетiледi.

Егер сiз жердi жалға алуды ресiмдесеңiз, онда ХҚКО-да өтiнiштi толтыруыңыз қажет; жалға алу туралы шешiмнен көшiрменi беру; бекiтiлген жерқұрылысының жобасының көшiрмесiн; жер учаскесiнiң белгiленген шекарасы бойынша материалдардың көшiрмесiн; жалға алу шартының көшiрмесi; төлегенi туралы түбiртек; жеке куәлiгi және сенiмхатты (қажет болан жағдайда) беру. Жеке тұрғын үй құрылыс алаңына жер телiмдерiн орналастырудың жерқұрылысы жобасының болғаны кезде жерқұрылысы жобасының бөлiгi нақты жерге берiледi және көрсетiлген жұмыстарды орындаған ұйыммен берiлетiн оның шекарасын белгiлейтiн материалдарды бередi.

Егер сiзге жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамасын ауыстыру қажет болғанда аталған құжаттарға сәйкестендiру сипаттамасының өзгергенi туралы шешiмнiң көшiрмесiн қоса беру қажет.

Жалға алу актiсiн ауыстырған кезде, сәйкестендiру сипаттамасының өзгерiсi жоқ болғанда және жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамасының өзгерiсi жоқ болғанда жер учаскесiне құқықбелгiлеушi құжаттың өзгергенi кезде келесi құжаттар қажет: өтiнiш; қызметке төлем жасағаны туралы түбiртек жеке куәлiгi және қажет болғанда сенiмхат.

Өтемелi жердi пайдалану құқығына дайын акттi 6 жұмыс күнiнен кейiн алуға болады. Құжатты қабылдау күнi бұл мерзiмге кiрмейдi.

Айтқандай, қызметтi тiкелей қызмет берушi арқылы немесе «электрондық үкiмет» порталы арқылы алуға болады.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Қазiргi кезде азаматтар «Connection point» арқылы Нұр Отан партиясы өкiлдерiне жүгiнулерiне болады

Connection Point — бұл клиенттердiң ХҚКО қызметкерiнiң қызметiн қолданбай, операциялық залда кезектi тоспай, ХҚКО бөлiмдерiнде өзбетiнше электрондық қызметтi ала алатын өзiне-өзi қызмет көрсету секторы. Осындай секторлар ХҚКО 2013 жылдан бастап жұмыс iстей бастады. Қажеттi анықтамалар, оның iшiнде өте сұранысқа ие мекенжай анықтамалары, зейнетақы салымдары туралы анықтама, жылжымайтын мүлiктiң бар/жоқ екендiгi жөнiнде және басқа анықтамалардан басқа қызмет алушылар Кредиттiк оқиғаны алуына, Жоғарғы Сотқа өтiнiш берiп, «Нұр Отан» партиясы өкiлдерiнiң жеке қабылдауына жазылуға мүмкiндiктерi бар.

Connection Point мүмкiндiгi арқасында азаматтар онлайн режiмiнде «Нұр Отан» қоғамдық қабылдауына өтiнiш жiбере алады, клиенттiң қалауынша ХҚКО қызметкерлерi оған тегiн кеңес көмек көрсетедi. Қызмет заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшiн қол жетiмдi.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу

ХҚКО тұтынушыларын «Элетрондық үкiмет» порталымен жұмыс iстеуге шақыру

Қазақстан Республикасының элетрондық үкiметтi қалыптастыру мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша қолға алынды. Е-үкiметтi енгiзу бағдарламасы 2004 жылғы 10 қарашада Президенттiң жарлығымен бекiтiлдi. 2006 жылдың сәуiр айында «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz порталы iске қосылды.

2006 жылдан бастап Қазақстан элетрондық үкiметтi дамытудың үш кезеңiн өткердi (ақпараттық, интерактивтiк, транзакциялық) және қазiргi күнi дамудың төртiншi кезеңiнде.

Бiрiншi кезең — ақпараттық. Бұл кезеңде порталды ақпараттық, контекстпен толтыру жұмыстары жүргiзiлiп, портал iске қосылды.

Екiншi кезең — интерактивтiк. Бұл кезеңде мемлекеттiк қызметтердi интерактивтi режимде ұсыну мүмкiндiктерi iске қосылды. Азаматтар қажет анықтамаларды мемлекеттiк органдарға бармай-ақ, ұзын — сонар кезекте тұрмай-ақ санаулы минут iшiнде электрондық нұсқада алу мүмкiндiгiне ие болады.

Үшiншi кезең — транзакциялық. Аталған кезеңде «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi iске қосылып, азаматтар салық түрлерi мен мемлекеттiк баж салығын, айыппұлдар мен бюджетке төленетiн өзге де алымдарды онлайн тәртiбiнде төлеу мүмкiндiгiне ие болды.

Төртiншi кезең — «ақпараттық қоғам құру» кезеңi. Қазақстан Республикасының порталы дәл қазiргi уақытта осы кезеңдi басынан өткеруде. Аталған кезеңнiң мақсаты мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынастың тиiмдi әрi жедел түрде жүруi үшiн дамыған ақпараттық коммуникациялық ортаны қалыптастыру.

Электрондық үкiмет порталында ұсынылған қызметтердiң iшiнде тұрғындар арасында ең көп сұрасынқа ие қызметтер: жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, жылжымайтын мүлiктiң бар не жоқ болуы туралы анықтама, мекен-жай анықтамасы, салымшы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы мәлiмет.

Қорытындылай келгенде қарапайым халыққа айтарымыз «Электронды Үкiмет порталымен» жұмыс iстеу өте тиiмдi, ыңғайлы және қолайлы. «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының Ақжар ауданының бөлiмiнде үш өзiн-өзiне қызмет көрсету секторы жұмыс iстеп тұр. Электрондық Үкiмет порталымен жұмыс iстеуге барлық тұтынушыларды шақырамыз.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

2015 жылғы 4-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Баспасөз релизi
«Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құруды қарастыратын заң жобасы мақұлданды

Баспасөз релизi «Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құруды қарастыратын заң жобасы мақұлдандыҚР Парламентiнiң Мәжiлiсi «ҚР мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңның жобасын екiншi оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасының мақсаты — мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша бiрыңғай провайдердi құру, халыққа қызметтердi ұсынуды реттейтiн нормаларды заңды түрде бекiту және халықты әлеуметтiк қорғау, жер қатынастары және жылжымайтын мүлiктi ресiмдеу салаларында қызмет көрсету сапасының бiрыңғай стандарттарын сақтау», — деп ҚР ИДМ вице-министрi Сәкен Сәрсенов атап өттi.

«Қазiргi уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi. Мемлекеттiк корпорация бiрiншi кезеңде 522, ал екiншi кезеңде 700-ден астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi. Қызметтердi iрiктеу үшiн ведомствоаралық комиссия құрылады, оның құрамына қызмет көрсететiн барлық мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi. Қызметтердi мемлекеттiк корпорацияға беру шарттарының бiрi оларды оңтайландыру және автоматтандыру болып табылады», — деп қосты ол.

Кәсiпорындарды бiрiктiрген соң, онда ХҚКО-лардыңа қолданысындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай стандарттары қолданылады. Мысалы, «ЗТМО» РМҚК өз қызметтерiн сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, ал ЖерҒӨО сағат 9.00-ден 18-30-ға дейiн көрсететiн болса, онда мемлекеттiк корпорацияда барлық қызметтер сенбiнi қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20-00-ге дейiн көрсетiлетiн болады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi қызметтi көрсетуге өтiнiмдi қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, оларды өңдеудi жүзеге асырады. Сондай-ақ, шалғай елдi мекендерде тұратын азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн «Қазпочта» инфрақұрылымы пайдаланылатын болады.

Қазiргi уақытта заң жобасы ҚР Парламентi Сенатының қарауына жолданды.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Қазақстанда «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорын өзектендiру жалғасуда

Қазiргi уақытта жергiлiктi атқарушы органдар (әкiмдiктер) «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорында азаматтар туралы мәлiметтердi өзектендiру жөнiнде бүкiл елiмiзде кампаниялар жүргiзуде. Олардың қызметкерлерi жергiлiктi тұрғындардың пәтерлерiн аралауда және сәйкессiздiктер анықталған жағдайда азаматтарды мекенжай мәлiметтерiн түзету немесе қайта құжаттандыру үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына жiбередi.

Деректер қорындағы көптеген сәйкессiздiктер оның құрылған сәтiнен орын алған, ол кезде ақпарат жүйеге қағаз тасығыштардан түсiрiлген болатын. Бiреулерi жаңа тұрғылықты жерi бойынша қайта тiркеуден өтпеген, ендi бiреулерi басқа елге көшiп кеткен, бiрақ құжаттарын тапсырмағандықтан, базада есепте тұра берген. Қайтыс болғандардың туыстары қайтыс болу туралы куәлiктi алмағандықтан, деректер қорында тiрi адамдар ретiнде тiркелген жағдайлар да орын алды.

Сондай-ақ, бүгiнгi күнi қолданылу мерзiмi өткен құжаттар бойынша тұрып жатқан көп азаматтар саны анықталды. Осыған байланысты, өткiзiлiп жатқан iс-шаралар аясында:

  • қолданылу мерзiмi өткен жеке куәлiктер;
  • тұрғылықты жерi нақты заңды мекенжайына сәйкес келмейтiн, оның iшiнде мекенжайларында қысқартылған облыстар мен аудандар көрсетiлген ескi үлгiдегi жеке куәлiктер (мысалы: Торғай, Көкшетау және т.б.) ауыстыруға жатады.

Айта кетейiк, өзектi деректерi бар ескi үлгiдегi жеке куәлiктердiң болуы және қолданылу мерзiмi өтпеген жаңа үлгiдегi куәлiктер мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу мен зейнетақы төлеуден бас тартуға негiз болып табылмайды.

Алайда, қоллданылу мерзiмi өткен не деректерi ескiрген құжаттары бар барлық азаматтарға мекенжай анықтамаларын түзету, қажет болған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру үшiн ХҚКО-ларға (көшi-қон бөлiмдерiне) жүгiну керектiгiн естерiңiзге саламыз.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Нурпиисова Г.М.

Баспасөз релизi
Қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиатының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-ларда ала алатын болады

2015 жылғы 21 қыркүйек
Астана қ.

Аталған анықтаманы алу үшiн азаматтың өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және қажеттi өтiнiштердi толтыруы тиiс. Егер клиент ХҚКО-ға жеке өзi келе алмаса, қызметтi алуға жүгiнген өкiлге нотариалды куәландырылған сенiмхат керек.

«ХҚКО» РМК бас директорының айтуы бойынша бұрын бұл қызмет ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Халықаралық бағдарламалар орталығында ғана ұсынылатын, ендi «Болашақ» халықаралық стипендиатының мәртебесi туралы анықтаманы ҚР-дың барлық 267 ХҚКО-сынан алуға болады. «Шетелдiк жоғары оқу орындарының түлектерi кез келген ХҚКО-ға барып, электрондық кезек тәртiбiмен жүгiне алады және де олардан аталған қызметтi алуға өтiнiм қабылданады», — деп қосып өттi ол.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi Астана тұрғындары үшiн 1 жұмыс күнiн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа өңiрлердiң тұрғындары үшiн — күнтiзбелiк 15 күндi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды.

Мемлекеттiк қызмет тегiн ұсынылады.

Балташева сондай-ақ 1 және 2 топ мүгедектiгi бар адамдардың үйiне барумен қызмет ала алатындығын хабарлады. Бұл үшiн оларға 1414 нөмiрi бойынша Бiрыңғай байланыс орталығына жүгiну және қызметтi алу үшiн қолайлы уақытты көрсету керек.Мобильдiк топ 72 сағат iшiнде қызмет көрсету үшiн үйге барады.

Анықтама ретiнде: Бүгiнгi күнi Қазақстанда 191 мемлекеттiк қызметтi көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет жасауда.

Ағымдағы жылдың 8 айына ҚР ХҚКО-ларында 24 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Баспасөз-релизi
Соңғы аптада ХҚКО келушiлердiң саны 3 есе артты

2015 жылғы 24 тамыз
Астана қ.

Клиенттер санының күрт өсуi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзiп жатқан «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорында мәлiметтердi өзектендiруге байланысты.

Қазiргi уақытта әкiмдiктердiң қызметкерлерi азаматтарды аула аралап тексеру жүргiзуде және мәлiметтер сәйкес келмеген жағдайда, мәлiметтерiн өзектендiру талап етiлетiн барлық азаматтарды жеке басы куәлiктерiн ауыстыру немесе мекенжай мәлiметтерiн түзету үшiн ХҚКО жолдайды. Нәтижесiнде соңғы аптада ХҚКО келушiлердiң саны 3 есе артты.

«Бүгiн таңертеңнен жеке басы куәлiктерiн ауыстыру немесе мекенжай мәлiметтерiн түзету үшiн 3 мыңнан астам талон берiлдi, бұл әдеттегi күнде осы қызметтi алушылар санынан үш есе артық. Келушiлердiң ең көбi Астана қаласында, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында. Құжаттандыру жүргiзудi қалайтын азаматтар саны жақын арада тек өсу мүмкiндiгi туралы болжам бар», — деп «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева атап өттi.

Сондай-ақ, Балташеваның айтуы бойынша қазiргi уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтары кезек болдырмау және азаматтарға күту мерзiмiнен кешiктiрмей қызмет көрсету үшiн барлық мүмкiндiктердi жасауда. ХҚКО 238 қызметкерi көшi-қон полициясы қызметкерлерiне мекенжайжай-анықтамалық мұрағат бойынша тексеруге көмек көрсету үшiн жiберiлген.

Көшi-қон полициясының қызметкерлерi жұмыс күндерi жылжымалы кесте бойынша үзiлiспен 09-00-ден бастап 18-30-ға дейiн және сенбi күнi 09-00-ден бастап 13-00-ге дейiн жұмыс уақытына өткен.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен  қабылданды.

Бағдарламаның мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты.

Бағдарламаның өзектi мiндеттерi мыналар болып саналады:

  • мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау;
  • мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
  • мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру;
  • мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесiн арттыру;
  • мемлекеттiк тiлге сұранысты арттыру;
  • қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу;
  • тiл мәдениетiн жетiлдiру;
  • коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi;
  • Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау;
  • ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену.

Қазақстанда Тiлдердi дамыту мен қолдану бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесiнде мынадай негiзгi көрсеткiштерге қол жеткiзiлуге тиiс:

  • мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн («Қазтест» тапсырудың нәтижесi бойынша 2014 жылға қарай — 20%, 2017 жылға қарай — 80%, 2020 жылға қарай — 95%);
  • мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесiн (2017 жылға қарай — 70%, 2020 жылға қарай — 100%);
  • мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2014 жылға қарай — 53%, 2017 жылға қарай — 60%, 2020 жылға қарай — 70%);
  • тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесiн (2014 жылға қарай — 60%, 2017 жылға қарай — 75%, 2020 жылға қарай — 90%);
  • қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесiн (2014 жылға қарай — 20%, 2017 жылға қарай — 60%, 2020 жылға қарай — 100%);
  • республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн (2020 жылға қарай — 90%);
  • ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесiн (2014 жылға қарай — 60%, 2017 жылға қарай — 80%, 2020 жылға қарай — 90%);
  • республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай — 10%, 2017 жылға қарай — 15%, 2020 жылға қарай — 20%);
  • үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай — 10%, 2017 жылға қарай — 12%, 2020 жылға қарай — 15%-ға дейiн) ұлғайту.

Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Қазақстан халқы Ассамблеясы 

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативтi-кеңесшi орган.[1] Ел Президентi Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсiздiктiң бiрiншi жылына арналған Қазақстан халқының бiрiншi форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттiлiгi саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсiз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттiң тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған едi. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңiнiң негiзiн қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерiн жоғары деңгейде шешуге мүмкiндiк жасайтын әлемдiк тәжiрибедегi тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулi өзгерiстердi бастан кешiрдi. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келiсiмнiң қазақстандық үлгiсi қалыптасты. Осы жылдар iшiнде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуетi толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгiнде Ассамблея ел Президентi Төрағалық ететiн конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесiн айқындайды.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Мұрағат анықтамалары және мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерi

Халыққа қызмет көрсету орталығы баламалы негiздемұрағат анықтамаларын және мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелге жолданатын құжаттарды беру бойынша құжаттарды қабылдайды.

Бүгiнгi күнде ХҚКО бұл қызметтi алу үшiн, қажет: Қызмет алушының жеке куәлiгi және (немесе) өкiлеттiлiкке сенiмдi адамд куәландыратын құжат (қызмет алушының тұлғасын теңестiру үшiн), Толтырылған өтiнiм үлгiде, Мемлекеттiк мұрағаттың iлеспе хатымен дәйекшеге қойылған мөртабан, мемлекеттiк мұрағатпен берiлген мұрағат анықтамасын және (немесе) мұрағат құжаттарының көшiрмелерiн, Мемлекеттiк баж салығын төлегенi туралы төлемдi куәландыратын құжат.

Мұрағат анықтамалары мен мұрағат құжаттарын жеке және заңды тұлғалар үшiн айлық есеп көрсеткiшiнен мемлекеттiк баж салығы 50% құрайды.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспорты — бұл мүлiктiң нақты жай-күйiн көрсететiн ақпараттық-анықтамалық құжат. Бұл қызметтi сiзге бiздiң Республикамыздың кез келген ХҚКО-да алуыңызға болады. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспортты алу үшiн сiз ХҚКО-ға мына құжаттарды ұсынуға қажет боласыз: 

  • жеке басын куәландыратын құжат; 
  • бар болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар; 
  • жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беретiн акт; 
  • техникалық паспорт бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат.

Қызмет көрсету мерзiмi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрiне байланысты болады: 

  • 3-шi жұмыс күнiне (пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге); 
  • 7-шi жұмыс күнiне (жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына); 
  • 10-шы жұмыс күнiне (жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне); 
  • 20-шы жұмыс күнiне (жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге).

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

E-gov порталы арқылы жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондықөтiнiштi беру

Электронды үкiмет порталында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтiнiштi беруге болатындығы жайлы бiлдiңiз бе?

Қазiргi таңдаЭлектронды үкiмет порталында (www.egov.kz) жоғарыда аталған қызметтi алу үшiн қызметалушыда электронды сандық қолтанба және келесi құжаттар болуы тиiс: жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжат және есеп-шот (немесе чек). Е-gov электрондық үкiмет порталында авторландырылғаннан кейiн, «Жылжымайтын мүлiк» бөлiмiнде берiлген қызметтер тiзiмдерiнiң iшiнде «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтiнiштi беру» таңдап, кейiн өтiнiмдi толтыру қажет. Өтiнiмге сканерленген құқық белгiлеушi құжаттардың көшiрмелерi мен есеп-шотты тiркегеннен кейiн, жеке кабинеттiң «Қызметтi алу тарихы» бөлiгiнде сiздiң өтiнiмiңiздiң өңделгенi туралы белгiленген уақыттан кейiн түсетiн хабарламамен мiндеттi түрде танысу керек. Содан соң белгiлi уақытта құжатпен, жеке куәлiк және хабарламамен жылжымайтын мүлiк орталығына жолығу қажет.

Порталда қызмет көрсету мерзiмi 20 жұмыс күнiнен аспайды, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрiне байланысты техникалық паспортты сiз келесi мерзiмдерде ала аласыз:

  • 3-шi жұмыс күнiнде (пәтерлер, жатақхананың бөлмелерiнде);
  • 7-шi жұмыс күнiнде (жеке тұрғын үйлерi, жеке гараждар, берiлген құрылыстар);
  • 10-шы жұмыс күнiнде (қалған жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң көлемi 1000 ш.м.);
  • 20-шы жұмыс күнiнде (1000 ш.м.-ден аспайтын объект көлемдерiне).

Қызметпен Қазақстан Республикасының азаматтары пайдалана алады, сонымен қатар заңды тұлғалар. Тағы да берiлген қызмет баламалы негiзде Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетiле алады.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Қазақстанның Тұрғын-үй, құрылыс жинақтау банкi» АҚ депозиттiк/несиелiк шотын толтыру

Қазақстандықтар өздерiнiң «Қазақстанның Тұрғын-үй, құрылыс жинақтау банкi» АҚ депозиттiк және несиелiк шоттарын www.egov.kz электрондық үкiмет порталында толтыра алады.

Порталда шотты толтырудың басты артықшылығы, шотты үйден шықпай толтыру болып келедi.

Шотты толтыру үшiн электрондық-цифрлiк қолтаңбаның болуы мiндеттi емес. Сiзге порталда авторландыруыңыз, «Онлайн төлеу» батырмасы арқылы өтiп, шоттың кодтық нөмiрiн енгiзуiңiз қажет. Одан соң операцияның үлгiсiн (несие, депозит) көрсету және төлейтiн соманың мөлшерiн көрсету керек.

Енгiзiлген деректердi және төлем мөлшерiн енгiзгеннен соң, төлем картасының дербес шоттың деректерiн енгiзу: нөмiрiн, иеленушiнiң ТАӘ, СVV-кодын және қолдану мерзiмiн.

Жеке кабинеттiң («Қызметтi төлеу тарихы» бөлiгiнде) төлеу жөнiндегi чекпен танысу.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Азаматтар үшiн ақпарат
Мекенжай анықтамасын үйден шықпай-ақ алу

Үйден шықпай-ақ мекенжай анықтамасын алу ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) бар азматтарға қолжетiмдi. Мекенжай анықтамасын алу үшiн сiзге тек интернет желiсiне қосылу керек болады. www.egov.kz Электрондық үкiмет порталына шығып, «Азаматтарға» дәрежесiнде, «Жұмысқа орналастыру» кейiн, «Еңбек қатынастары» тарауын таңдап «Мекенжай анықтамасын алу» батырмасын басып, одан «Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасын басыңыз, өтiнiмдi толтырып және ЭЦҚ қол қоясыз. (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысып және талап етiлген жерге ұсына аласыз.

Порталдамекенжай анықтамасын тек жеке тұлғалар ғана алуы мүмкiн. Онлайн-қызмет 2007 жылдың 13 тамызынан ерте емес кезеңде жазылған баланың тууы туралы жазба кесiмi бар азаматтар үшiн қолжетiмдi.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

ХҚКО хабарлайды

Сiз шақыру учаскiлерiне тiркеу туралы куәлiктi әскери коммисариаттан ғана емес сондай-ақ ХҚКО арқылы алуға болатындығын бiлдiңiз бе?

«Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелерiне тiркеу туралы куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметi тегiн көрсетiледi. Халыққа қызмет көрсету орталығындадүйсенбi — сенбi аралығында сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн үзiлiссiз келiп аталған қызметтi алуыңызға болады.

Егерде сiз тiркелу туралы куәлiгiңiздi жоғалтып алсаңыз, онда сiзге өтiнiш толтырып, жеке куәлiгiңiздi және 3х4 екi фотосурет ұсынуыңыз қажет. Құжаттың бүлiнген жағдайында, басқа есептiк деректерге өзгертулер енгiзсеңiз немесе тегiңiздi, атыңызды, әкеңiздiң атын өзгертсеңiз сәйкесiнше өтiнiштi толтыру қажет, сондай ақ тiркелу туралы куәлiктiң түп нұсқасын, жеке куәлiгiңiздi және фотосуреттi қоса беруiңiз қажет.

30 (отыз) жұмыс күнi өткеннен кейiн сiз дайын әскерге шақыру учаскелерiне тiркеу туралы куәлiгiңiздi ала аласыз (өтiнiштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

ХҚКО хабарлайды
Мүмкiншiлiктерi шектеулi азаматтарға үйде қызмет көрсету

2015 жылдың 2 тоқсанында Жамбыл ауданы бойынша мүмкiншiлiктерi шектеулi адамдарға 31 шығу жасалып қанша қызмет көрсетіледі және қандай жиі көрсетілетін қызметтер болып саналады. Барлық өтiнiмдер белгiленген 72 сағатта атқарылды. Үйге шығу жасалып, қызмет көрсеткен уақытта қызметкерлер мүгедектерге қарасты тұлғалармен әдеп ережелерiн ұстанады. Осы уақытқа дейiн шағым түскен жоқ.

Жамбыл ауданы әкiмiнiң ресми сайтында әрдайым мемлекеттiк қызметтердi мүмкiншiлiктерi шектеулi азаматтарға үйде көрсету туралы 1414 нөмiрi арқылы ББО өтiнген «Үйге шығу жасау» жарнамасы орналастырылған.

Сонымен қатар «Мобильдiк ХҚКО» белгiленген селолық округке шығу жасау алдында бұл селолық округтың мүгедектерiне ХҚКО арқылы атқарылатын мемлекеттiк қызметтер туралы телефон шалынады.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

ХҚКО хабарлайды
Мобильдiк ХҚКО

Жамбыл ауданында «Мобильдiк ХҚКО» шығу кестесiне сәйкес 2 тоқсанда 12 шығу жоспарланған, оның iшiнде iс жүзiнде 13 жүзеге асырылды, 1 шығу кезектен тыс. Селолық округтерге шығу кезiнде мемлекеттiк қызметтердi алуға 340 өтiнiм, дәстүрлi түрде — 275, е-қызмет — 65 қабылданды.

Қазiргi кезде мобильдiк ХҚКО арқылы ХҚКО көрсетiлетiн барлық мемлекеттiк қызметтердi алуға болады, ХҚКО қызметкерлерiмен қоса елдi мекендерге көшi-қон полиция қызметкерлерi, «ЗТМО» РМКК және «Қазпошта» АҚ төлемдерi қабылданбайтын мекендерге қызметкерлер шығады. Сонымен қоса тұрғындар ауданға шықпай-ақ барлық қызметтердi ала алады.

Бекiтiлген кестеге сәйкес 1 айда екi елдi мекенге 4 шығу жоспарланған. Бiрiншi шығуда қызметкерлер құжаттарды қабылдаса, келесi шығуда дайын құжаттарды тапсырады.Тағы да «Мобильдiк ХҚКО» экипажы мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерi бойынша кеңес бередi.

«Мобильдiк ХҚКО» кестесiмен аудан әкiмiнiң ресми сайтында және селолық округ әкiмдiгiнде танысуға болады.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

«II, III және IV санаттағы объектiлерге мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру»

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметын «II, III және IV санаттағы объектiлерге мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi әзiрлеген.Осы мемлекеттiк қызметтi облыстардың қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1. көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2. ХҚКО

3. «электрондық үкiмет» веб-порталы

Рұқсат беру мерзiмiнде келесiлер жүзеге асырылады:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде: мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру — 1 (бiр) айдан аспайды; қайталама мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру — 10 (он) жұмыс күнiнен аспайды; алдын ала сараптама — 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайды;
  2. көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут, ХҚО-да — 15 минут;
  3. көрсетiлетiн қызметтi берушiде көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут, ХҚО-да — 15 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық және қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — II, III және IV санат объектiлерi үшiн уәкiлеттi лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «келiсiледi/келiсiлмейдi» деген тұжырыммен мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық және қағаз түрiнде.Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

«Жоғары және жоғары оқудан кейiнгi бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

Мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, 2014 жылдың 26 мамырдағы № 544Қазақстан республикасы Үкiм етiнiң қаулысын бекiтуде «Жоғары және жоғары оқудан кейiнгi бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызметтi жоғары оқу орындары көрсетедi.Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiқызмет алушы ХҚКО толық пакет құжаттарын тапсырғаннан сәттен бастап — бiр айдан кешiктiрмей;

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн негiзде көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

  1. осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына бiлiм туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептерi көрсетiлген өтiнiш;
  2. құжаттың нөмiрi мен тiркеу күнiн көрсете отырып, құжаттың жоғалғандығы туралы мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшiрмесi;
  3. көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы (салыстыру үшiн);
  4. қажет болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегiнiң (атының, әкесiнiң атының) өзгергенiн растайтын құжат;
  5. жарамсыз немесе алдыңғы жылдары толтырған кезде қателерi бар (болған жағдайда) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы.

ХҚО-ға:

  1. осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО басшысының атына бiлiм туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептерi көрсетiлген өтiнiш;
  2. құжаттың нөмiрi мен тiркелген күнiн көрсете отырып, құжаттың жоғалғандығы туралы мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшiрмесi;
  3. көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы (салыстыру үшiн);
  4. қажет болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегiнiң (атының, әкесiнiң атының) өзгергенiн растайтын құжат;
  5. жарамсыз немесе алдыңғы жылдары толтырған кезде қателерi бар (болған жағдайда) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жоғары және жоғары оқудан кейiнгi бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқасы.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

«Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу»

«Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу» мемлекеттiк қызметтi Агенттiк және оның облыстық аумақтық бөлiмшелерi көрсетедi. Өтiнiштердi қабылдау «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы, ХҚКО, көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiну арқылы жүзеге асырылады

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiштi «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берген сәттен бастап қолхатта көрсетiлген күнi және уақытта.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi тестiлеу әкiмшiсiнiң және оператордың қолы қойылған және мөрмен расталған қағаз жеткiзгiштегi белгiленген үлгiдегi сертификат және шектi мәннен төмен нәтижелерiмен тестiлеуден өткенi туралы анықтама.

Мемлекеттiк қызмет тегiз негiзде көрсетiледы.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

«Тұрғын үй көмегiн тағайындау»

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

  1. ХҚКО
  2. «электрондық үкiметтiң веб-порталы

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтiнiш берген кезде — күнтiзбелiк 10 (он) күн.

Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын ұсынады;

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi -тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрi — хабарлама) не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрде.

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: аталған жерде тұрақты тұратын, тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларға тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) ХҚО-ға:

  • осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады);
  • тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды;
  • тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшерi туралы шот;
  • коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шот;
  • телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
  • жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлген мерзiмде қызметтiң нәтижесiн алуға келмеген жағдайда, ХҚО бiр ай бойы оның сақталуын қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтауға бередi.

2) порталда:

  • көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
  • тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшерi туралы шоттың электрондық көшiрмесi;
  • коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттың электрондық көшiрмесi;
  • телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шоттың электрондық көшiрмесi немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
  • жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шоттың электрондық көшiрмесi.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

«Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелерiне тiркеу туралы куәлiктер беру»

«Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелерiне тiркеу туралы куәлiктер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру:

1) ХҚКО

2) жергiлiктi әскери басқару органдары (бұдан әрi — ЖӘБО)

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi ЖӘБО-ға немесе орталыққа өтiнiш жасаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — 30 (отыз) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағазда.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағазда.

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

ЖӘБО-ға:

  1. тiркеу туралы куәлiк жоғалған кезде: осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; жеке куәлiк (жеке басын сәйкестендiру үшiн); 3х4 екi фото;
  2. тiркеу туралы куәлiк бүлiнген кезде: осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; қолда бар тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы; жеке куәлiк (жеке басын сәйкестендiру үшiн); 3х4 екi фото;
  3. тегi, аты, әкесiнiң аты немесе басқа да есепке алу деректерi өзгерген кезде: осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; тiркеу тiралы куәлiктiң түпнұсқасы; 3х4 екi фото;

Орталыққа:

  1. тiркеу туралы куәлiк жоғалған кезде: осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; жеке куәлiк (жеке басын сәйкестендiру үшiн); 3х4 екi фото;
  2. тiркеу туралы куәлiк бүлiнген кезде: осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; қолда бар тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы; жеке куәлiк (жеке басын сәйкестендiру үшiн); 3х4 екi фото;
  3. тегi, аты, әкесiнiң аты немесе басқа да есепке алу деректерi өзгерген кезде: осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы; 3х4 екi фото.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелерiне тiркеу туралы куәлiктер беру болып табылады.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру»

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру:

  1. ХҚКО
  2. «электрондық үкiметтiң» веб-порталы

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтiнiш берген сәттен бастап — 5 минуттан аспайды;

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi электрондық форматта ұсынылады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi қағаз жеткiзгiште алу үшiн өтiнiш берген жағдайда, нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, қағазға басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қолымен расталады.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

ХҚО-ға жүгiнген кезде:

  1. осы мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының (қорғаншының (қамқоршының) өтiнiшi;
  2. баланың туу туралы куәлiгiнiң деректерi (2007 жылғы 13 тамызға дейiн туылған жағдайда).

Көрсетiлетiн қызметтi алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу туралы куәлiгiнiң мәлiметтерiн (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейiн туылған жағдайда) ХҚО қызметкерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден мемлекеттiк органдардың уәкiлеттi адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.

порталда:

  1. көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
  2. баланың туу туралы куәлiгi.

Порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк ақпараттық жүйелердегi көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың туу туралы куәлiгiнiң (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейiн туылған жағдайда) мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден мемлекеттiк органдардың уәкiлеттi адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жетiм балаға (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы анықтама.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуiне арналған арнайы рұқсат беру»

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуiне арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi жеке және заңды тұлғаларға Министрлiктiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары және Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiндегi кеден органдары көрсетедi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

  1. отандық көрсетiлетiн қызметтi алушы үшiн: ХҚО; Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiндегi кеден органдары;
  2. шетелдiк көрсетiлетiн қызметтi алушы үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiлер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге және (немесе) ХҚО-ға өтiнiштi тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:

iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне алым сомасын төлеу үшiн мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру туралы хабарламаны (бұдан әрi — хабарлама) қағаз немесе электронды түрде беру — 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде, ал тасымалдау бағытын келiсу қажет болмаған жағдайларда 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде;

мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру (қызмет берушiге күнтiзбелiк он бес күн iшiнде алым сомасының республикалық бюджетке төленгенiн растайтын төлем құжаты түскен кезден бастап) — 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде;

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ақылы негiзде көрсетiледi.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

2015 жылғы 2-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильді ХҚКО шығу кестесі

Сәуір
Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн
1 «ХҚҚО» РМКФ СҚО бойынша филиалы Ақжар ауданының бөлімі Восход а/о
Восход а.
439 72 13.04.2015 20.04.2015
Айсара а/о
Айсара а.
260 82 14.04.2015 21.04.2015
 
Мамыр
Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн
2 «ХҚҚО» РМКФ СҚО бойынша филиалы Ақжар ауданының бөлімі Уялы а/о
Уялы а.
1079 102 14.05.2015 20.05.2015
Новосел а/о Горький а. 1084 110 15.05.2015 21.05.2015
 
Маусым
Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн
3 «ХҚҚО» РМКФ СҚО бойынша филиалы Ақжар ауданының бөлімі Май а/о
Май а.
559 40 11.06.2015 18.06.2015
Акжаркын а/о
Ақжарқын а.
1125 55 12.06.2015 19.06.2015

Қостанайлық жүргiзушiлерде авто және мотодром пайда болады (Zip 190 Kb)

Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары Ахуалдық орталығына қосылды (Zip 11 Kb)

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Zip 10 Kb)

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Zip 10 Kb)

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Zip 8 Kb)

«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Zip 7 Kb)

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпыбілім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Zip 7 Kb)

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Zip 9 Kb)

Қазақстанның дамуы бойынша факторлар

Қазір Қазақстанда елдің ұлттық-мәдени алуандылығын қоғамдық дамудың оң ықпал етуші факторына айналдырудың барлық алғышарттары бар. Бүгінде байтақ елімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстар патриотизм ұғымын жаңаша түсіне бастады. Олар бұл ұғымды тек ата тегімен ғана байланыстырып қоймай, Қазақстанның мемлекеттілігі, басқа ұлттың мәдениеті мен дәстүріне деген толерантты көзқарас сияқты қасиеттер арқылы қарастыруда.

Бірінші фактор — адамдардың елдің болашағына сеніммен қарауы. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясы нақ өмірлік болашаққа деген сенімділікті, түсінушілікті арттырған құжатқа айналып, қоғамымыздың қарқынды түрде дамуын алға жетелеудің болжамды жоспарын ұсынды. Ал Стратегияда айтылған жоспарларды сатылай жүзеге асыру ел азаматтарының әлеуетін жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер береді.

Екінші фактор — еліміздің өткен тарихы. Халқымыз бірде кең байтақ елінің ен даласынан көз алартқан сырт дұшпанға ұлтарақтай да жерін қимай, жауымен қасық қаны қалғанша шайқасатын қаһарлы қазақ болса, енді бірде табалдырығын аттаған қонағын құдайдай күтіп, оған дастархан боп жайылуға, төсек боп төселуге дайын дархан қазақ. Толеранттылық сөзінің бір синонимі «қазақы мінез» болар, сірә.

Үшінші фактор — мемлекет құраушы жергілікті халықтың өзіндік ерекшелігі. Қазақтар мыңдаған жылдар бойы сыртқы жағдайлардың өзгеріп тұруында өзіндік бейімделу мүмкіндіктерін көрсете алған ұлы көшпенділер мәдениетінің мұрагерлері. Қазақ жері арқылы өткен Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығыс өркениетін байланыстырушы алтын көпір іспеттес қызмет атқарып, керуен жолдары мәдениет және біліммен екі бағытты да сусындатты. Көне қазақ жеріне өзіндік зор ықпалын тигізді. Жалпы, Жібек жолының қазақ жерінен өтуінің өзі мәдениет әртүрлілігін, басқалар мәдениетіне, тіліне және діни көзқарасына деген түсінушілігін қалыптастырғаны белгілі.

Төртінші фактор — қазақтың ұрпағын кек сақтамайтын етіп тәрбиелей алу қасиеті. Қазақ басынан тағдырдың талай қатал сынын кешірді. Беріден қайырғанның өзінде, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы, Ресей империясының езгісі мен кешегі Кеңес өкіметі заманындағы зобалаң аштықты басынан кешіріп, саяси қуғын-сүргіннің де құрбаны болған халық. Алайда, қылышынан қан тамған замандарда таңдары азаппен атса да, басқадан кек алу мақсатында қылышын қайрамаған, тағдырдың ауыртпалығына қайсарлық танытқан халық. Өткенге бой ұсынбай, келешекті аңсап ел бірлігі мен молшылығын бата тілегіне қосып ұрпағына аманат ретінде қалдырып отырған халық.

Бесіншіден, жазба әдебиеті кешірек дамығанмен, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жеткен, сарқылмас мол қазына болып табылатын ауыз әдебиеті, батырлар жырлары, Қазтуған, Шалкиіз толғаулары мен Доспамбет, Бұқар жырау, Дулат, Махамбет сынды жауынгер ақын-жыраулардың отаншыл шығармашылығы арқылы бүгінгі ұрпағына Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеп, қазақ болып туғанын мақтанышпен ауыз толтыра айтуға мүмкіндік беріп отыр. Тарихы бар халық қана — ұлы халық.

Алтыншы — халықтың ұлылығын танытатын тағы бір белгі — оның тілі. Сонау ХІХ ғасырда қазақ мәдениеті мен тілін зерттеген Еуропа ғалымдары түркітанушылар В. Радлов, П.Мелиоранскийлер «түркі тілдерінің ішінде ең таза тіл — қазақ тілі» екенін атап кетеді. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А. Байтұрсынов қазақ тілін былай деп бағалайды: «түркі тілін ХХ ғасырға дейін аздырмай, қаз-қалпында сақтап келген алғыс пен абырой қазаққа тиіс». Тілге деген бұдан асқан баға болмаса керек. Қандай қиын кезеңдерді бастан кешірсе де, қиыннан қиыстыра алатын тілінің байлығын, оның тазалығын кейінгі ұрпағына жеткізе алған халық ұлы халық емес пе?!

Жетінші — жаугершілік замандарды басынан кешіріп, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында болған қазақ «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін танытып, бауырына сан ұлттың баласын басып, дастарқанын бөлісіп, талайға баспана беріп отыр. Бүгінгі көп этносты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен қазақтың ұлылығын танытса керек.

Мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы елдегі этносаралық бірлік пен келісімнің сақталуына қалай жауапты болса, басқа этностар да мемлекеттің алдында өз жауапкершілігін соншалықты сезінуі қажет деп ойлаймыз.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

2015 жылғы 1-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалымобильдiк ХҚКО шығу кестесi

Қаңтар

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік маркасының атауы және нөмірі Ескерту
1
«ХҚКО» РМКФ СҚО бойынша филиалы Ақжар аудандық бөлімі Май а/о
Май а.
631 40 14.01.2015 ж.
19.01.2015 ж.
Мадиев Е.Т., Баржанова А.Ж. Ssang Yong T867 BW  
2
Акжаркын а/о
Акжаркын а
1306 55 15.01.2015 ж.
20.01.2015 ж.
Мадиев Е.Т., Баржанова А.Ж. Ssang Yong T867 BW  

Ақпан

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік маркасының атауы және нөмірі Ескерту
1 «ХҚКО» РМКФ СҚО бойынша филиалы Ақжар аудандық бөлімі Кішіқарой а/о
Бостандык а.
1582 103 12.02.2015 ж.
18.02.2015 ж.
Мадиев Е.Т., Баржанова А.Ж. Ssang Yong T867 BW  
2
Кенашы а/о
Кенащы а.
692 93 13.02.2015 ж.
19.02.2015 ж.
Мадиев Е.Т., Баржанова А.Ж. Ssang Yong T867 BW  

Наурыз

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығынан арақашықтығы (км) Қызмет көрсету күн ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ Автокөлік маркасының атауы және нөмірі Ескерту
1
«ХҚКО» РМКФ СҚО бойынша филиалы Ақжар аудандық бөлімі Ленинград а/о
Ленинград а.
5341 41 12.03.2015 ж.
16.03.2015 ж.
Мадиев Е.Т., Баржанова А.Ж. Ssang Yong T867 BW  
2
Алкатерек а/о
Алкатерек а.
960 66 13.03.2015 ж.
17.03.2015 ж.
Мадиев Е.Т., Баржанова А.Ж. Ssang Yong T867 BW  

«Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (Zip 4 kb)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлiк қоғамының Бiртұтас байланыс-орталығының мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға үй-жағдайында мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорын филиалдарымен өзара әрекет регламентi (Zip 3 kb)

Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпаратты алу үшiн (Zip 4 kb)

ЖҚЕ айыппұлды онлайн қалай төлеу керектiгi туралы бейнероликтi қараңыз (Zip 4 kb)

ХҚКО операторына 5 жиi қойылатын сұрақтар (Zip 5 kb)

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» (Zip 6 kb)

2014 жылғы 4-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы Ақжар аудандық бөлiмi мобильдiк ХҚКО шығу кестесi

«Салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтер, салық мiндеттемесiн, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйi туралы дербес шоттан үзiндi көшiрмелер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөнiндегi қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Қосымша ақпарат

«Электрондық үкiмет» порталында балаларға арналған бiрнеше қызмет көрсетiледi, атап айтқанда:

Осы қызметтердi алу үшiн мейлiнше аз мәлiметтер мен құжаттар қажет, сондай-ақ сiз ЖСН туралы мәлiмет алу жылдам сервисiн пайдалана аласыз.

Ескi үлгiдегi әскери билеттi жаңаға ауыстыру тәртiбi

Әскери билеттi ауыстыру «Қордағы сержант, солдатқа (әскери билеттiн орнына уақытша куәлiк) әскери билет беру» мемлекеттiк қызметтiң стандарт мiндеттерiнiң талаптарына сәйкес 2014 жылдың 11 наурыздағы №219 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген қаулысымен орындалады.

Құжат қабылдау мен берiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiн беру мыналар арқылы жүзеге асырады.

  1. халыққа қызмет көрсету орталығы;
  2. әскери басқармасының жергiлiктi органдары

Әскери билеттi ауыстырудын мерзiмi — 30 (отыз) жұмыс күнiн құрайды;

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаға тегiн көрсетiледi.

Ескi үлгiдегi әскери билеттi жаңа үлгiге ауыстыру үшiн келесi құжат тiзiмi берiледi:

  1. белгiленген нысанға сәйкес арыз;
  2. ескi үлгiдегi әскери билеттiң түпнұсқасы;
  3. жеке куәлiк (жеке салыстыру үшiн);
  4. екi фотосурет 3х4.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

2014 жылғы 3-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының Ақжар аудандық бөлiмiнiң мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Әлеуметтiк қорғаныстың қызметтерi пилоттық тәртiбiнде

2014 жылғы 2-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильдi ХҚКО шығу кестесi

2014 жылғы 1-тоқсанға арналған «ХҚКО» РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы мобильді ХҚКО шығу кестесі

Мобильдiк үкiмет бойынша сауалнамаға қатысыңыз!

Egov.kz порталында азаматтардың электрондық үкiметтiң сол немесе өзге де мобильдiк сервистерiн пайдалануғад айындығын, сондай-ақолардың қажеттiлiгiн бағалауға көмектесетiн сауалнамаiске қосылды. Алынған ақпарат Қазақстан Республикасының «Мобильдiк үкiметi» жобасын iске асыру аясында ескерiлетiн болады.

Сауалнамаға қатысу үшiн www.egov.kz электрондық үкiмет порталына кiру, «Көлiк және коммуникация» бөлiмiн, сонан соң «Коммуникациялар» салымынтаңдау, пайда болған тiзiмде «Мобильдiқ ұрылғылар үшiн қызметтер мен сервистер жөнiндегi сауалнаманы» табу қажет. Сонымен қатар сауалнамаға тiкелей сiлтеме бойынша өтуге болады: goo.gl/xEHms8.

Әзiрлеушiлер ата пөткендей, сауалнамабарлығы 15 сұрақтанғана тұрады және оны толтыру көп уақыттықа жететпейдi. Бұл ретте әрбiр пiкiр «Мобильдiк үкiмет» жобасымамандары мен мiндеттi түрде зерделенiп және ескерiлетiн болады.

Жыл басында қазақстандықтар мобильдiк құрылғымен қандай қызметтер мен сервистердi алғысы келетiндiгi туралы сауалнамаға қатысқан. Барлықалынған деректерендiгi осы жылы мобильдiк үкiмет платформасында қолжетiмдi болатын 50 қызметтердi таңдаған кезде ескерiлген болатын.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

Онлайн режимiнде автобильды басқаруға сенiмхат алу

«Электрондық үкiмет» порталы Қазақстан Республикасының iшкi iстер Министрлiгiнiң жаңа электрондық қызметiмен толықты. Ол онлайн режимiнде автобомильдi басқаруға сенiм хаталуға мүмкiндiк бередi. Сонымен нотариусқа немесе ЕБТ-ғажүгiну қажетемес.

Осы электрондық қызмет түрiн алу үшiн интренет немесе электрондық цифорлық қолтаңба қажет. Осы қызмет түрiн сенiмхатты кiмнiң атына (сенiм бiлдiрушi) жаздыруды қалайтын азамат ресiм дейдi. Құжаттардың нұсқаларын ұсыну қажет емес тек сұраудағы жолдарды толтыру қажет: тексерiлген тұлғаның ЖСН көрсету, оның мекен-жайын,сонымен мемлекеттiк нөмiр белгiсi,сериясы және көлiктi тiркеу туралы куәлiк нөмiрi. Содан кейiн электрондық цифорлық қолтаңба сұраухатына қол қою.

Осы қазметтiң мерзiмi — екi сағаттан көп емес.

Өтiнiм өңделгеннен кейiн қызметтi алатын тұлға өзiнiң өз кабинетi арқылы дайын сенiм хатты шығара алады. Бұл сенiмхат мiндеттi түрде иенiң қолтаңбасы немесе сенiм берген тұлға түрiнде.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО
бойынша филиалының Ақжар ауданының
бөлiмiнiң инспекторы
Г.М. Нурпиисова

25.04.2017 16:50


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика