Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдауын іске асыру

Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдауын іске асыру

Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысының Ақжар ауданы бойынша iс-шаралар жоспары

Іс- шаралар атауы Орындалу мерзімі Жауаптылар
  1. Ұйымдастыру-тәжірбиелік іс-шаралар
1 Аудандық бөлімдер, ұйымдар және кәсіпорындардың басшыларының және ауылдық округтердің әкімдерінің қатысуымен Елбасы Жолдауының бағыттарын түсіндіру және жүзеге асыру бағыттарын анықтау, талқылау бойынша жиналыстар өткізу. 2017 жыл Айтмұхаметов Ғ.Қ. Ішкі саясат бөлімі
2 Аудандық газеттерге Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсаттарды есепке ала отырып, «күн тәртібі» және «оқиғалар қатарын» қалыптастыруды қамтамасыз ету Ай сайын Ішкі сасат бөлімі Амрин Б.А.
3 Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін аудандық, ауылдық ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру Ай сайын Ішкі саясат бөлімі
4 Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру және жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың салалары бойынша «дөңгелек үстелдердің» өткізуін қамтамасыз ету Жыл бойынша Айтмұхаметов Ғ.Қ. Ішкі саясат бөлімі, аудандық бөлімдер, ауылдық округ әкімдері
5 Жалпы білім беретін мектептердің, ауыл шаруашылық колледжі педагогикалық ұжымдары, оқушылары мен студенттері арасында аудандық мәслихаттың депутаттарын тарта отырып, Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуді ұйымдастыру Жыл бойынша Білім бөлімі, ауылдық округ әкімдері
  1. Ақпараттық-насихаттау шаралары
6 Аудандық газеттерде Президенттің Жолдауын жария ету Жыл бойынша Ішкі саясат бөлімі, Аудандық газет редакциясы
7 Президенттің Жолдауы бойынша аудандық газеттердің арнайы айдарларында ауданның тұрғындардың ой-пікірлерін, аудандық мемлекеттік басқару органдардың басшыларымен интервью, олардың мақалаларын, ақпараттық анықтамалар жария ету Медиа-жоспарға сәйкес Ішкі саясат бөлімі, Аудандық газет редакциясы
8 Презиенттің Жолдауы бойынша мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындар, білім және мәдениет ошақтарында ақпараттық стендтерді жаңарту қаңтар Ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшысы
9 Барлық ауылдық округтерде және аудан орталығында көрнекі ақпараттарды Президенттің 2017 жылғы Жолдауына сәйкес жаңарту Қаңтар, наурыз Ауылдық округтердің әкімдері, ішкі саясат бөлімі
10 Президенттің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша біріңғай ақпараттық күндер өткізу Жыл бойы Ішкі саясат бөлімі
11 Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауының жүзеге асырылу барысы бойынша жарияланған мақалалардың көлеміне және сапалылығына мониторинг жүргізу Үнемі Ішкі саясат бөлімі
  1. Ғылыми-методикалық шаралар
12 Аудандық газеттерде тұрғын үй құрылысы, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жұмспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын жүзеге асырылу барысын жариялау Үнемі Құрылыс, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, білім, мәдениет, спорт бөлімдері, орталық аурухана, ауылдық округ әкімдері
13 Газеттерде ауданда ауыл шаруашылығының дамуы бойынша мақалалар жариялау Ай сайын Ауыл шаруашылық бөлімі
14 Газеттерде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша ақпараттар жариялау. Ай сайын Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауылдық округ әкімдері
15 Салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың арасында бұқаралық спорттық дамытуға бағытталған шаралар туралы аудандық газеттерде мақалалар жариялау Ай сайын Дене тәрбиесі және спорт туралы
16 Аудандық ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысы барысын аудандық газеттерде жарықтандыру Ай сайын Ішкі саясат бөлімі, аудандық газет редакциясы
17 Президенттің биылғы Жолдауы бойынша тұрғындардың арасында социологиялық сауалнамалар жүргізу Ай сайын Ішкі саясат бөлімі
18 Қазақстандық қоғамның маңызды біріктіретін «Мәңгілік ел» патриоттық сезім оятатын мақалалар жария ету Ай сайын Ішкі саясат бөлімі, Аудандық газет редакциясы

Iшкi саясат бөлiмi
басшысы Ә.
Бекбулатова


Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2015 жылғы 30 қараша «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму»

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын насихаттау мен түсiндiру бойынша Ақжар ауданының 3 тоқсан бойынша жұмысын жүргiзудiң барысы туралы ақпарат

Мемлекетте жүргiзiлiп жатқан саясатты, Елбасының Жолдауын халыққа түсiндiру және нәсихаттау, оның орындалуы барысы туралы халықты ақпараттандыру үшiн аудан әкiмiнiң 2014 жылғы 19 қаңтардағы №11-ө өкiмiне сәйкес аудандық ақпараттық-үгiт топтарының (мемлекеттiк органдар басшылары мен аудан әкiмi аппаратының қызметкерлерi — 20 адам) құрамы жаңартылды. Сонымен қатар 12 селолық округте, құрамында селолық округ әкiмi, мектеп директорлары, шаруашылық басшылары бар округтiк ақпарат-үгiт топтары жұмыс жүргiзуде.

Ел Президентi Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын насихаттау мен түсiндiру бойынша аудандық және селолық ақпараттық-үгiт насихат тобының түсiндiру жұмысын жүргiзудiң барысы туралы сұрақ аудан мәжiлiсiнде 3 рет қаралды (2014 жылғы наурыз, мамыр айларында).

Жолдаудың қазақ және орыс тiлдерiндегi толық нұсқасы аудандық «Дала дидары» және «Ақжар хабар» газеттерiнде жарияланды. Сонымен қатар облыстық iшкi саясат басқармасымен 300 дана брошюра, 300 дана әдiстемелiк таратылып берiлдi.

Iшкi саясат бөлiмiмен жасалған медиа-жоспар негiзiнде Жолдауды насихаттайтын мақалалар мен үнқосулар тұрақты түрде жарияланып отырады. 17 қаңтардан берi Жолдауға байланысты 5 жедел үнқату, Жолдауды насихаттау, Жолдаудың iске асырылуы туралы 33 материал жарық көрдi. Сонымен қатар ай сайын облыстық үгiт-насихат тобы мүшелерiнiң өткiзген кездесулерi туралы да ақпараттық материалдар тұрақты жарияланып келедi.

Жолдауды насихаттау жөнiнде Талшық селосында 9, округтерде 11 сыртқы жарнама орналастырылып, қамтамасыз етiлген.

Барлық селолық округ әкiмдерi аппаратының ғимараттарында, мекемелер мен ұйымдарда, мектептерде Жолдаудың мәтiнi iлiнген 61 стендтер жаңартылған.

Жолдауды насихаттау мен түсiндiру жұмысы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалы тарапынан да бақылауға алынып, бiрлесе жұмыс жүргiзiлуде. Партияның саяси кеңес мүшелерiнiң, барлық аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен 25 кездесу өткiзiлдi.

2014 жылғы 12 қыркүйектегi мәлiмет бойынша ақпараттық үгiт-насихат топтарының Жолдауды насихаттау мен талдауы бойынша 585 отырыс, оның iшiнде ақпараттық үгiт-насихат тобының облыстық мүшелерiмен — 17 кездесу (1595 адам), АҮНТ аудандық мүшелерiмен — 144 (5184 адам) кездесу, селолық округ мүшелерiмен мекеме, ұйым және коллективтерде 412 кездесу (14832 адам) өткiзiлiп, олардың барлығына 21611 аудан тұрғындары қатысты.

Iшкi саясат бөлiмiмен Талшық селосы тұрғындарының арасында 50 және селолық округ тұрғындары арасында 50 респондентке Президент Жолдауының қаншалықты ақпараттандырылуы туралы жедел анкеталық сұрау жүргiзiлдi, анкетаға барлығы 100 респондент қатысты.

Президенттiң 2014 жылғы 17 қаңтардағы халыққа Жолдауын насихаттау мен түсiндiру бойынша облыстық және аудандық ақпараттық-үгiт топ мүшелерiнiң өткiзген кездесулерi тұрғындардан қолдау тауып, оң баға берiлуде.

Iшкi сясат бөлiмiнiң басшысы А. Хоршат

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын насихаттау мен түсiндiру бойынша Ақжар ауданының 2 тоқсан бойынша жұмысын жүргiзудiң барысы туралы ақпарат

Мемлекетте жүргiзiлiп жатқан саясатты, Елбасының Жолдауын халыққа түсiндiру және нәсихаттау, оның орындалуы барысы туралы халықты ақпараттандыру үшiн аудан әкiмiнiң 2014 жылғы 19 қаңтардағы №11-ө өкiмiне сәйкес аудандық ақпараттық-үгiт топтарының (мемлекеттiк органдар басшылары мен аудан әкiмi аппаратының қызметкерлерi — 20 адам) құрамы жаңартылды. Сонымен қатар 12 селолық округте, құрамында селолық округ әкiмi, мектеп директорлары, шаруашылық басшылары бар округтiк ақпарат-үгiт топтары жұмыс жүргiзуде.

Ел Президентi Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын насихаттау мен түсiндiру бойынша аудандық және селолық ақпараттық-үгiт насихат тобының түсiндiру жұмысын жүргiзудiң барысы туралы сұрақ аудан мәжiлiсiнде 1 рет қаралды (2014 жылғы наурыз айында).

Жолдаудың қазақ және орыс тiлдерiндегi толық нұсқасы аудандық «Дала дидары» және «Ақжар хабар» газеттерiнде жарияланды. Сонымен қатар облыстық iшкi саясат басқармасымен 300 дана брошюра, 150 дана әдiстемелiк таратылып берiлдi.

Iшкi саясат бөлiмiмен жасалған медиа-жоспар негiзiнде Жолдауды насихаттайтын мақалалар мен үнқосулар тұрақты түрде жарияланып отырады. 17 қаңтардан берi Жолдауға байланысты 5 жедел үнқату, Жолдауды насихаттау, Жолдаудың iске асырылуы туралы 28 материал жарық көрдi. Сонымен қатар ай сайын облыстық үгiт-насихат тобы мүшелерiнiң өткiзген кездесулерi туралы да ақпараттық материалдар тұрақты жарияланып келедi.

Жолдауды насихаттау жөнiнде Талшық селосында 9, округтерде 11 сыртқы жарнама орналастырылып, қамтамасыз етiлген.

Барлық селолық округ әкiмдерi аппаратының ғимараттарында, мекемелер мен ұйымдарда, мектептерде Жолдаудың мәтiнi iлiнген 61 стендтер жаңартылған.

Жолдауды насихаттау мен түсiндiру жұмысы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалы тарапынан да бақылауға алынып, бiрлесе жұмыс жүргiзiлуде. Партияның саяси кеңес мүшелерiнiң, барлық аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен 24 кездесу өткiзiлдi.

2014 жылғы 12 маусымдағы мәлiмет бойынша ақпараттық үгiт-насихат топтарының Жолдауды насихаттау мен талдауы бойынша 333 отырыс, оның iшiнде ақпараттық үгiт-насихат тобының облыстық мүшелерiмен — 13 кездесу (1240 адам), АҮНТ аудандық мүшелерiмен — 107 (4435 адам) кездесу, селолық округ мүшелерiмен мекеме, ұйым және коллективтерде 213 кездесу (6353 адам) өткiзiлiп, олардың барлығына 12028 аудан тұрғындары қатысты.

Iшкi саясат бөлiмiмен Талшық селосы тұрғындарының арасында 50 және селолық округ тұрғындары арасында 50 респондентке Президент Жолдауының қаншалықты ақпараттандырылуы туралы жедел анкеталық сұрау жүргiзiлдi, анкетаға барлығы 100 респондент қатысты.

Президенттiң 2014 жылғы 17 қаңтардағы халыққа Жолдауын насихаттау мен түсiндiру бойынша облыстық және аудандық ақпараттық-үгiт топ мүшелерiнiң өткiзген кездесулерi тұрғындардан қолдау тауып, оң баға берiлуде.

Iшкi сясат бөлiмiнiң басшысы А. Хоршат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысының Ақжар ауданының 1 квартал бойынша іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын насихаттау мен түсіндіру бойынша Ақжар ауданының атқарушы орындарымен, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізудің барысы туралы анықтама

Мемлекетте жүргізіліп жатқан саясатты, Елбасының Жолдауын халыққа түсіндіру және нәсихаттау, оның орындалуы барысы туралы халықты, ақпараттандыру үшін аудан әкімінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 11-ө өкіміне сәйкес аудандық ақпараттық-үгіт топтарының (мемлекеттік органдар басшылары мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері — 22 адам) құрамы жаңартылды. Сонымен қатар 12 селолық округте, құрамында селолық округ әкімі, мектеп директорлары, шаруашылық басшылары бар округтік, ақпарат-үгіт топтары жұмыс жүргізуде.

27 қаңтар күні барлық ауылдық және селолық округтерде, мекемелер мен коллективтерде Елбасының халыққа Жолдауын тыңдау бойынша 9634 адамды қамтыған ұжымдық көру ұйымдастырылды.

2012 жылғы 2 ақпанда тұрғындарға Жолдауды түсіндіру және үгіт ұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан орталығы Талшық селосында Президент Жолдауын талқылау бойынша аудан активі өткізілді. Активке 25 елді мекен тұрғындарын қамтыған 320 адам қатысты.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын насихаттау мен түсіндіру бойынша аудандық және селолық ақпараттық-үгіт насихат тобының түсіндіру жұмысын жүргізудің барысы туралы сұрақ аудан әкімдігінің отырысында 2 рет қаралды (2012 жылғы 31 наурызда және 2012 жылғы 31 тамызда).

Жолдаудың қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы аудандық «Дала дидары» және «Ақжар хабар» газеттерінде жарияланды. Сонымен қатар облыстық ішкі саясат басқармасымен 350 дана брошюра, 150 дана әдістемелік таратылып берілді.

Ішкі саясат бөлімімен жасалған медиа-жоспар негізінде Жолдауды насихаттайтын мақалалар мен үнқосулар тұрақты түрде жарияланып отырады. 27 қаңтардан бері Жолдауға байланысты 7 жедел үнқату, Жолдауды насихаттау, Жолдаудың іске асырылуы туралы 41 материал жарық көрді, оның ішінде 13 облыстық мүшелерімен болған кездесулер туралы материалдар.

Жолдауды насихаттау жөнінде Талшық селосында 11, аудан бойынша 34 сыртқы жарнама орналастырылып, қамтамасыз етілген.

Барлық селолық округ әкімдері аппаратының ғимараттарында, мекемелер мен ұйымдарда, мектептерде Жолдаудың мәтіні ілінген 61 стендтер жаңартылған.

Жолдауды насихаттау мен түсіндіру жұмысы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалы тарапынан да бақылауға алынып, бірлесе жұмыс жүргізілуде. Партияның саяси кеңес мүшелерінің, барлық аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен 84 кездесу өткізілді.

2012 жылғы 20 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, ақпараттық үгіт-насихат топтарының Жолдауды насихаттау мен талдауы бойынша 173 отырыс, оның ішінде, ақпараттық үгіт-насихат тобының республикалық тобымен 7 кездесу (мәжіліс депутттары Мадинов Р.Р., Маковский А.П., Сорокин Б.В., транспорт және коммункация вице министрі Скляр Р.В., сауда жәнеэкономикалық даму Министрлігінің аумақты дамыту Комитетінің төрағасы Қалиев А.Г.), облыстық мүшелерімен — 13/1083, АҮНТ аудандық мүшелерімен — 92/9461 кездесу, селолық округ мүшелерімен мекеме, ұйым және коллективтерде 61/6152 кездесу өткізіліп, олардың барлығына 28648 аудан тұрғындары қатысты.

Осы кездесулердің селолық округтер бойынша өткізілген кестесі (ұйымдар мен коллективтердегі кездесулерді қоспағанда):

Селолық округтер атауы Өткізілген кездесулер саны Қатысқандар саны Жолдау бойынша банерлер саны
1 Айсары 9 948 1
2 Алқатерек 10 983 2
3 Восход 10 1103 2
4 Кенащы 9 1162 2
5 Кіші-Қарой 11 1256 3
6 Қулыкөл 12 1219 2
7 Ленинград 25 3614 7
8 Май 8 1098 1
9 Новосель 11 1206 2
10 Ақжарқын 13 1532 1
11 Талшық 47 13574 11
12 Ұялы 8 953 1
  Барлығы: 173 28648 34

Кездесулер барысында қойылған сұрақтардың ең маңыздысы Қазақстан Республикасының Транспорт және коммуникация вице-министріне Көкшетау-Омбы автожолын күрделі жөндеу және Кішкенекөл-Омбы темір жолын қайта қалпына келтіру сұрақтары болды. Басқа сұрақтарға кездесулер барысында жауап беріліп, қойылған мәселелердің барлығы оң шешімін табуда.

Ішкі саясат бөлімімен Талшық селосы тұрғындарының арасында 50 және селолық округ тұрғындары арасында 50 респондентке Президент Жолдауының қаншалықты, ақпараттандырылуы туралы жедел анкеталық сұрау жүргізілді, анкетаға барлығы 100 респондент қатысты.

Президенттің 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа Жолдауын насихаттау мен түсіндіру бойынша облыстық және аудандық ақпараттық-үгіт топ мүшелерінің өткізген кездесулері тұрғындардан қолдау тауып, оң баға берілуде.

Ақжар ауданының әкімі А. Тастеміров

Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауларының мұрағаты (2008-2014 жж.)

28.05.2017 14:53

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика