Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Мәдениет және спорт

Мәдениет және спорт

Ақжар ауданында 2017 жылдың 1 тоқсаны iшiнде дене шынықтыру және спорт саласының дамуы туралы ақпарат

Спорт

Денешынықтыру мен спорт мемлекеттiң айрықша назарында болуы тиiс. «Нақ сол саламатты өмiр салты ұлт денсаулығының кiлтi болып саналады» дедi өз Жолдауында Президент.

Бұл бағытта ауданда нақты және жүйелi жұмыс жүргiзiлiп келедi. Бүгiнде аудан бойынша 165 спорттық нысандар бар, оның iшiнде 28 спорт залы, 4 стадион, 20 хоккей қорапшалары, 20 ату орындары, 7 қосымша спорт орындары және 86 жазықтық құрылыстар бар.

Бүгiнгi күнi спортпен және дене шынықтырумен жүйелi түрде айналысушылар саны 5380 адамға жеттi, бұл барлық аудан тұрғындарының 31,7 пайызын құрайды, оның iшiнде мектептерде — 1165 адам, Ленинградский ауылшаруашылық колледжiнде — 115, БЖСМ-568, ФДБЖК — 357, ауылдық округтерде — 3172 адам спортпен айналысады.

Спортпен шұғылданатын балалар мен жасөсiпiрiмдердiң саны ауданның мектеп оқушылары арасында 99,4% жетiп, 2513 құрап отыр.

2016 жылы спорт мектебi мен клубында спортпен шұғылданатын 7 жастан 18 жасқа дейiнгi балалар саны 925 адамды немесе мектеп оқушылары арасында 36,6% құрады.

2012 жылдан бастап ауданда физикалық дайындық балалар-жасөспiрiмдер клубы қызмет етедi, онда 21 үйiрмеде 357 бала дайындалуда, 21 тренер жұмыс атқаруда.

Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебiнде спорттың 10 түрi бойынша дайындық жүргiзiледi: волейбол, футбол, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, ауыр атлетика, жеңiл атлетика, бокс, еркiн күрес, «қазақ күресi», грек-рим күресi. Барлығы 568 оқушыға 20 тренер сабақ бередi.

2016 жылы демеушiлiк есебiнен Дәуiт ауылында қазiргi жасанды төсенiшiмен көпфункционалды алаң орнатылды. 10 млн.теңге сомасындағы жобаның демеушiсi жеке кәсiпкер Болат Әубәкiров, «Дәуiт Астық» ЖШС директоры.

Талшық ауылында көпқабатты үйлер аулаларында жалпы 1 млн.207 мың теңге сомасына 12 жаттығу құрылғылары орнатылды.

Ұялы және Горьковское ауылдарында «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қазiргi материалдардан жаңа хоккей қорапшаларының құрылысы жүзеге асты.

Талшық ауылында киiм ауыстыратын бөлмесi, мiнбесi мен қоршауы бар жаңа жабық хоккей корты салынуда. Бұл мақсатқа жергiлiктi бюджеттен 30,2 млн. теңге сомасында қаражат бөлiндi.

Жыл сайын халық спорты ойындарында 1500 астам ауылдықтар қатысады. Аудан командаларының облыстық жарыстардағы көрсеткiштерi жақсартылды: «Ақ бидай-2016» жазғы ойындарында аудан командасы 10 орынға (2015 ж. — 12 орын), ұлттық спорт ойындары спартакиадасында 9 орынға (2015 ж. — 11 орын), «Солтүстiк-2016» қысқы ойындарында 11 орынға (2015 ж. — 12 орын) ие болды.

Ақжар ауданында 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша мәдениет саласының дамуы туралы ақпарат

Мәдениет

Қазiргi уақытта аудан бойынша 33 мәдени нысан, оның iшiнде аудандық орталық мәдениет үйi, С. Сәдуақасов атындағы тарихи-өлкетану музейi, 7 ауылдық мәдениет үйi, 9 ауылдық клуб, 16 ауылдық кiтапхана бар. Кiтапханаларда жалпы кiтап қоры 135,6 мың дана. Ауданның кiтап қорының жаңаруына жалпы сомасы 3,9 млн. теңгеге 4147 әдеби кiтап келуi үлкен үлес қосты.

Мәдениет саласының қызметкерлерiнiң саны 81 штаттық бiрлiктi құрайды, оның iшiнде 52 шығармашыл қызметкер.

2016 жылы мәдениет саласын қаржыландыру сомасы 83,6 млн. теңгенi құрады, 2015 жылы — 59,8 млн. теңге. Өткен жылы ауданда барлығы 1527 iс шара өтiп, онда 111 мың адам қатыстырылды.

Аудан аумағында 5 ескерткiш, 4 обелиск, 9 стелла және С. Сәдуақасовтың мүсiнi бар.

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолдану мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 2016 жылы мемлекеттiк және азаматтық қызметкерлерге мемлекеттiк тiлдi жетiк меңгерген деген 62 облыстық сертификаттар берiлдi.

2016 жылы «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Қазан ауылдық клубына 23 млн. теңгеге күрделi жөндеу жасалды.

2011 жылы Талшық ауылында өнер мектебi, Ленинградский ауылында музыкалық мектебi құрылған болатын, бұл мектептерде барлығы 232 бала фортепиано, баян, домбыра, қобыз, жетiген және хореография сыныптарында қамтылған.

2013 жылы өнер мектебiнде «Айтұмар» хореорграфиялық ансамблi құрылды. 2013-2016 жылдары бұл ұжым облыстық «Каблучок» конкурсында қатысып келедi, «Тұлға» халықаралық конкурсының жеңiмпазы, «Сәлем, Астана-2015» республикалық конкурсының бас жеңiмпазы атанды. Ленинградский музыкалық мектебiнде құрылған «Мұрагер» ансамблi 2014 және 2016 жылдары облыстық «Дебют» конкурсының жеңiмпазы, 5 тәрбиеленушi Көкшетау қаласының мәдениет колледжiнде оқуды жалғастыруда.

Ақжар ауданында 2016 жыл iшiнде мәдениет саласының дамуы туралы ақпарат

Ақжар ауданында 2016 жыл iшiнде дене шынықтыру және спорт саласының дамуы туралы ақпарат

28.05.2017 13:53

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика