Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік басқару || Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнде, қызмет бабын пайдалану фактiлерi, мемлекеттiк қызметке кiру, өткеру, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы және уақытылы көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл сұрақтары бойынша хабардар ететiн 1494 бiрыңғай Call-орталық жұмыс iстейдi.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы Zip (83.4 Kb)

Сыбайлас Жемқорлыққа сәйкес Zip (48 Kb)

«А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатынарнайы бiлiктiлiк талаптары туралы Zip (13 Kb)

Алғашқы институциялық реформаның 15 қадамын жүзеге асыру аясында «Қазақстан Ресупбликасындағы мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 63-бабы 1-тармағына сәйкес, 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi кешендi түрде аттестациялау жоспарланып отыр.

Аттестациялаудың мақсаты «Б» корпусы қызметшiлерiнiң кәсiби даярлық деңгейi мен алып отырған лауазымына сәйкестiгiн анықтау болып табылады.

Аттестациялаудан төмендегiлерден басқа «Б» корпуының барлық қызметшiлерi өтедi деп жоспалануда:

зейнеткерлiк және зейнеткерлiк жасқа дейiнгi, жүктiлiгi және тууы бойынша демалыстағы, сондай-ақ бала күтiмiне орай демалыстағы тұлғалар, жүктi әйелдер, жасы 3 жасқа дейiнгi балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейiнгi баланы (он сегiз жасқа дейiн мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, осы санаттағы балаларды аналарынсыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалар, лауазымындағы еңбек өтiлi 6 айдан кем, «А» корпусы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызмет кадр резервiнде тұрған тұлғалар, аудандық маңызы бар қала мен ауылдық округ әкiмдерi.

Облыстағы қызметшiлердiң нақты саны: 4635 адам (ЖАТ 2684, АМО 1951).

Барлығы, бiздiң облыста аттестациялаудан 3000 астам қызметшi өтедi.

Аттестациялау келесi кезеңдерден тұрады:

1)бағалау парағын толтыру;

Үстiмiздегi жылдың 25 желтоқсанында мемлекетiк органдармен мемлекеттiк қызметшiлер қызметiн қорытынды бағалау аяқталды, оның нәтижесi бағалау парағына қосылады.

2) бiлiктiлiгiн бағалау үшiн тестiлеу;

Осы кезеңде қызметшiнiң ынталылық, әдептiлiк, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк, сапаға, тұтынушыға бейiмделу және т.б. бiлiктiлiк қасиеттерi бағаланатын болады.

Заңнамаларды бiлуге тестiлеу өткiзiлмейдi.

3) аттестациялау комиссиясымен әңгiмелесу

Аттестация өткiзу үшiн әр деңгейге сәйкес аттестациялау комиссиялары құрылады.

Бiрiншi кезеңде –Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысы орынбасарының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Жоғарғы аттестациялық комиссия;

Екiншi кезеңде — орталық мемлекеттiк органдарда және облыстық департаменттерде, сондай-ақ облыс әкiмi аппаратында құрылатын аттестациялау комиссиялары;

Негiзгi жүктеме Бiрыңғай аттестациялау комиссиясының мойнына жатады, онда 900 адамнан астам облыстық атқарушы органдардың, тексеру комиссияларының, облыстық мәслихаттың қызметшiлерi, аудандық мемлекеттiк органдарың басшылары аттестациядан өтпек.

Үшiншi деңгейде — орталық мемлекеттiк органдардың аудандық және қалалық аумақтық құрылымдарында, сондай-ақ аудандық және қалалық әкiм аппаратында құрылатын аттестациялық комиссиялар.

Облыс аумағында барлығы 139 комисся құрылады деп болжануда.

Конкурстық комиссия жұмысының әдiлдiгiн, ашықтығы мен айқындылығын қамтамысыз ету мақсатында оның құрамына «А» корпусы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерi, алдындағы деңгейдi сәттi өткерген қызметшiлер, қоғамдық кеңес, ғылыми-сараптамалық, академиялық сала, қоғамдық бiрлестiк өкiлдерi, әдеп жөнiндегi кеңес мүшелерi, тиiстi мәслихат хатшылары кiре алады.

HR-менеджмент тәжiрибесiне негiзделген әңгiмелесудi өткiзудiң бiрыңғай тәжiрибесiн енгiзу мақсатында арнайы дайындалған тренерлер аттестациялау комиссиясы мүшелерiн оқытады.

4) комиссияның шешiм қабылдауы

Аттестация қорытындысы бойынша комиссия қызметшiмен аттестациядан өтуi, оның лауазымын арттыру немесе төмендету, немесе жұмыстан босату жөнiнде шешiм қабылдайды.

Аттестациялау комиссиясының шешiмi бойынша қызметшi мемлекеттiк орган басшысына, өкiлеттi органға немесе оның аумақтық құрылымдарына, немесе сотқа шағым түсiре алады.

22.05.2017 11:59

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика