Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Мүлікті заңдастыру

Мүлікті заңдастыру

Мүлiктi жария ету бойынша өткiзiлетiн акция үшiн барынша қолайлы және жарамды жағдайлар жасау мақсатында 2015 жылғы 13 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды және күшiне енгiзiлдi, онда оны жүзеге асыру рәсiмдерiнде жаңа тәсiлдер айқындалды.

1. Ақшаны жария ету рәсiмi түбегейлi оңайлатылды.

Ендi ақшаны екi тәсiлмен заңдастыруға болады.

Бiрiншi тәсiл: Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзiнiң кез келген мұқтаждықтарына пайдалану, мысалы, бизнеске салу, жылжымайтын мүлiк сатып алу және т.б., және жай ғана банк шотынан алуға болады. Осының барлығы 10% алымды төлемей жүргiзiлетiн болады

Екiншi тәсiл: Шетелде орналасқан немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтiнiш беру нысанында, банк шотында көрсетпей-ақ заңдастыруға болады. Бiрақ бұл ретте бюджетке 10 пайыз алым төленедi.

Осы және басқа жағдайда да жария ету субъектiсi мемлекеттiк кiрiстер органына тиiстi декларацияны тапсырады.

2. Мүлiктi жария ету рәсiмдерi елеулi оңайлатылды.

Ендi Қазақстан аумағында орналасқан және тиiстi түрде ресiмделген мүлiктi заңдастыру үшiн мемлекеттiк кiрiстер органдарына тиiстi декларацияны және iлеспе құжаттарды тапсыру жеткiлiктi. Осы жағдай шетелде орналасқан мүлiктi жария етуге де қатысты. Яғни артық буын — мемлекеттiк кiрiстер органдары жанындағы комиссия қысқартылды.

Жария ету субъектiсi жергiлiктi жерлердегi әкiмдiктер жанындағы комиссияларына Қазақстан аумағында орналасқан және бұрын тиiстi түрде ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етуге қатысты ғана жүгiнетiн болады.

3. Жария етудiң мерзiмдерi және жалпыға бiрдей декларациялауды енгiзу туралы

Мемлекет басшысы: «Жария ету — бұл соңғы мүмкiншiлiк, осыдан кейiн ешқандай жеңiлдiктер болмайды. Жария ету — бұл жалпыға бiрдей декларацияны енгiзу алдындағы соңғы мүмкiндiк» деген болатын. Осы акция аяқталғаннан кейiн барлық шетелдегi шоттар бойынша ақпараттар қайта тексерiледi. 

Сондықтан, Заң бойынша, бiрiншiден, шетелде есеп-шоты бары туралы ақпаратты жасырған жағдайда әкiмшiлiк жаза қаталандырады, екiншiден, шетелде мүлкi бар тұлғалар мiндеттi түрде декларация тапсырады. 

Жазылғанға байланысты, жалпыға бiрдей декларациялау процесiнiң басталуы және жария ету бойынша акцияның аяқталуын үндестiру үшiн жария ету мерзiмi 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейiн ұзартылды.

Жария ету субъектiлерiне қосымша кепiлдiктер беруге қатысты.

Мүлiктi жария етумен байланысты кез келген мәлiметтер банктiк және салықтық құпия болып табылады. Сондықтан, жария ету туралы мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға таратуда ешкiмнiң, атап айтқанда, әкiмдiктер жанындағы жария ету жөнiндегi комиссияның қызметшiлерi де, мемлекеттiк кiрiстер органдарының қызметкерлерi де, және екiншi деңгейдегi банктер мен Қазпошта бөлiмшелерiнiң жұмысшылары да құқығы жоқ. Мұндай ақпаратты таратқаны үшiн қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Бұдан басқа, жария ету субъектiлерi құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдары тарапының заңсыз әрекеттерiнен қорғалған. Осылайша, ақшаны және мүлiктi жария ету фактiсiнiң өзiн дәлелдер ретiнде пайдалануға немесе қылмыстық iстер жүргiзуге тыйым салынған. Сондай-ақ жария етiлген мүлiк тәркiленуi мүмкiн емес.

Қабылданған заңмен, бiздiң көзқарасымыз бойынша, жария ету процесiн тежейтiн барлық шектеулер алынды.

Сонымен бiрге заңнамамен көзделген жария етiлген мүлiк салықтық рақымшылық жасауға жатады, ол жария ету субъектiсiнiң 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiнгi кезеңде алған кiрiсi жөнiнде жеке табыс салығы бойынша жария ету субъектiсiнiң салық мiндеттемесiн тоқтату түсiнiледi. 

Соңында Мемлекет басшысының мүлiктi жария етуге мемлекет ұсынған мүмкiндiктердi пайдаланып қалу үндеуiн қайталап айту қажет деп есептеймiз.

Ұлт жоспары шеңберiнде

Жария етудiң жаңа рәсiмдерi туралы

Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны iске асыру жөнiндегi 100 қадамның 41-тармағын орындау үшiн мүлiктi және ақшалай қаражатты жария ету рәсiмi оңайлатылды.

2015 жылғы 13 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда жария етудi жүзеге асыру рәсiмдерiнде жаңа тәсiлдер айқындалды.

1. Ақшаны жария ету рәсiмi түбегейлi оңайлатылды.

Ендi ақшаны екi тәсiлмен заңдастыруға болады.

Бiрiншi тәсiл: Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзiнiң кез келген мұқтаждықтарына пайдалану, мысалы, бизнеске салу, жылжымайтын мүлiк сатып алу және т.б., және жай ғана банк шотынан алуға болады. Осының барлығы 10% алымды төлемей жүргiзiлетiн болады

Екiншi тәсiл: Шетелде орналасқан немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтiнiш беру нысанында, банк шотында көрсетпей-ақ заңдастыруға болады. Бiрақ бұл ретте бюджетке 10 пайыз алым төленедi.

Осы және басқа жағдайда да жария ету субъектiсi мемлекеттiк кiрiстер органына тиiстi декларацияны тапсырады.

2. Мүлiктi жария ету рәсiмдерi елеулi оңайлатылды.

Ендi Қазақстан аумағында орналасқан және тиiстi түрде ресiмделген мүлiктi заңдастыру үшiн мемлекеттiк кiрiстер органдарына тиiстi декларацияны және iлеспе құжаттарды тапсыру жеткiлiктi. Осы жағдай шетелде орналасқан мүлiктi жария етуге де қатысты. Яғни артық буын — мемлекеттiк кiрiстер органдары жанындағы комиссия қысқартылды.

Жария ету субъектiсi жергiлiктi жерлердегi әкiмдiктер жанындағы комиссияларына Қазақстан аумағында орналасқан және бұрын тиiстi түрде ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етуге қатысты ғанажүгiнетiн болады.

3. Жария етудiң мерзiмдерi және жалпыға бiрдей декларациялауды енгiзу туралы

Мемлекет басшысы: «Жария ету — бұл соңғы мүмкiншiлiк, осыдан кейiн ешқандай жеңiлдiктер болмайды. Жария ету — бұл жалпыға бiрдей декларацияны енгiзу алдындағы соңғы мүмкiндiк» деген болатын. Осы акция аяқталғаннан кейiн барлық шетелдегi шоттар бойынша ақпараттар қайта тексерiледi. 

Сондықтан, Заң бойынша,бiрiншiден, шетелде есеп-шоты бары туралы ақпаратты жасырған жағдайда әкiмшiлiк жаза қаталандырады, екiншiден, шетелде мүлкi бар тұлғалар мiндеттi түрде декларация тапсырады. 

Жазылғанға байланысты, жалпыға бiрдей декларациялау процесiнiң басталуы және жария ету бойынша акцияның аяқталуын үндестiру үшiн жария ету мерзiмi 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейiн ұзартылды.

Жария ету субъектiлерiне қосымша кепiлдiктер беруге қатысты.

Мүлiктi жария етумен байланысты кез келген мәлiметтер банктiк және салықтық құпия болып табылады. Сондықтан, жария ету туралымәлiметтердi үшiншi тұлғаларға таратуда ешкiмнiң, атап айтқанда, әкiмдiктер жанындағы жария ету жөнiндегi комиссияның қызметшiлерi де, мемлекеттiк кiрiстер органдарының қызметкерлерi де, және екiншiдеңгейдегi банктер мен Қазпошта бөлiмшелерiнiң жұмысшылары дақұқығы жоқ. Мұндай ақпаратты таратқаны үшiн қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Бұдан басқа, жария ету субъектiлерi құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдары тарапының заңсыз әрекеттерiнен қорғалған. Осылайша, ақшаны және мүлiктi жария ету фактiсiнiң өзiн дәлелдер ретiнде пайдалануға немесе қылмыстық iстер жүргiзуге тыйым салынған. Сондай-ақ жария етiлген мүлiк тәркiленуi мүмкiн емес.

Қабылданған заңмен, бiздiң көзқарасымыз бойынша, жария ету процесiн тежейтiн барлық шектеулер алынды.

Сонымен бiрге заңнамамен көзделген жария етiлген мүлiк салықтық рақымшылық жасауға жатады, ол жария ету субъектiсiнiң 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiнгi кезеңде алған кiрiсi жөнiнде жеке табыс салығы бойынша жария ету субъектiсiнiң салық мiндеттемесiн тоқтату түсiнiледi. 

Соңында Мемлекет басшысының мүлiктi жария етуге мемлекет ұсынған мүмкiндiктердi пайдаланып қалу үндеуiн қайталап айту қажет деп есептеймiз.

Мүлiк және ақша жариялау туралы

2015 жылдың 13-шi қарашада Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңына қол қойды. Осыған орай, аталған рәсiмдерге жаңа тәсiлдер қолдану тәртiбi айқындалды.

Ең бастысы, ақша жария ету рәсiмi оңайлатылды. Жоғарыда аталған Заңның 8-шi бабына сәйкес, ендi ақшаны екi әдiс арқылы заңдастыруға болады.

Банктегi шотта көрсетуге және өзiңiз үшiн кез келген мұқтаждықтарына пайдалануға болады, мысалы, бизнеске салуға, жылжымайтын мүлiк сатып алуға немесе жай шоттан алуға. Осы бар жасалған әрекеттерден, 10 пайыз алым төленбейдi. Атап өткен жағдайлардың барлығында жария ету субъектiсi Мемлекеттiк кiрiстер органдарына тиiстi декларацияны тапсырады.

Заңның 9 және 10 баптарына сәйкес, мүлiк жария ету рәсiмi мәндi түрде оңайтылды.

Ендi, Қазақстан аумағында орналасқан және құжаттары дұрыс безендiрiлген жағдайда мүлiктi заңдастыру үшiн тек қана Мемлекеттiк кiрiстер органдарына тиiстi декларацияны тапсыру керек. Сонымен қатар, осы ереже мүлiк шет мемлекетте орналасқан жағдайда қолдануға болады, яғни ортадағы артық құрылым — Мемлекеттiк кiрiстер органдарының жанында ұйымдастырылған комиссиялар жойылды.

Жария ету субъектiсi, жергiлiктi әкiмшiлiктiң iшiнде құрылған комиссияларға тек қана, Қазақстан Республикасында орналасқан және құжаттары дұрыс емес безендiрiлген жылжымайтын мүлiк туралы жүгiнуге болады.

Жалпыға бiрдей декларацияны еңгiзу және жария ету мерзiмi туралы, Елбасы айтқандай: «Жария ету — бұл соңғы мүмкiншiлiк, осыдан кейiн ешқандай жеңiлдiктер болмайды. Жария ету — бұл жалпыға бiрдей декларацияны еңгiзу алдында сонғы ықтималдық». Бұл акциядан кейiн бүкiл дүниеде ашылған шет елдегi шоттар бойынша ақпараттар қайта тексерiледi.

Осыған орай, осы Заң шет елдердi есеп шот бары туралы ақпаратты жасырған жағдайда әкiмшiлiк жаза қолданатыны, сонымен қатар шет елде мүлiгi бар тұлғалар мiндеттi түрде декларацияны өткiзу керектiгiн хабардар етедi.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша және Заңның 4-шi бабына сәйкес, акцияны үйлесiмдi аяқтау мақсатында және жалпыға бiрдей декларацияландыру жұмыстары басталуына байланысты, мүлiк және ақша рақымшылық жасау мерзiмi 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейiн ұзартылды.

Ерекше назар аударатын мәселе, ол — жария ету субъектiлерiне үкiмет өз тарапынан қосымша кепiлдiк беру туралы. Мүлiктi жария ету кезеңiнде барлық анықталған мәлiметтер салық және банк құпиясы болып саналады. Осыған орай, жария ету туралы мәлiметтердi басқа тұлғаларға жариялауға немесе таратуға жария ету комиссияларының мұшелерiне, «Казпочта» бөлiмшiлердiң қызметкерлерiне, мемлекеттiк кiрiстер органдарының және екiншi денгейлi банктердiң қызметкерлерiне тыйым салынған. Мұндай мәлiметтердi таратқан үшiн қылмысты жауапкершiлiкке тартылу жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар, жария ету субъектiлерi құқық қорғайтын немесе басқа да мемлекеттiк органдар тарапынан заңсыз iс-әрекеттерiнен қорғанылады. Яғни, мүлiктi болмаса ақша жария ету фактiсi бойынша қылмысты iс қозғауға немесе қылмысты iс барысында дәлел ретiнде пайдалануына тыйым салынған. Сонымен қатар жария етiлген мүлiкке тәркiлеу рәсiмi қолданбайды.

Заңда халық осы акцияға белсендi қатысу үшiн қолайлы және тартымды жағдайлар қарастырылған.

Мүлiктi жария ету азаматтар үшiн де, ел үшiн де тиiмдi

Ақшаны жария ету бойынша науқан екi жаққа да жария етушi азаматтарға да, ел экономикасы үшiн де тиiмдi.

Көбi бiлетiндей, жария етудiң жақсы жақтарының бiрi, атап айтқанда, ол ақшаға қатысты, жария етiлген ақша кiрiс болып танылмайды да оларға салық жүгi түспейдi.

Осылайша, өзiңiзге берiлген ақшаны жария ету құқығын пайдаланып, сiз өзiңiз үшiн жария етiлетiн ақша сомасынан он пайызды үнемдей аласыз.

Әрине, сiз қарсылық бiлдiрiп, сiзге сол он пайызды төлеу бойынша мiндеттеме жүктелетiнi туралы айтуыңыз мүмкiн, бiрақ мен сiзбен бұл жерде келiспеймiн, себебi заң шығарушы алымды төлеу бойынша жеңiлдiктер көздеген.

Яғни, егер сiз ақшаны, жария ету мақсаты үшiн ашылатын жеке банк шотына аударымдар (ақша) енгiзу жолымен жариялаған болсаңыз, онда 10% алым бюджетке төленбейдi. Жария ету үшiн алым шетелдегi мүлiктi, сондай-ақ шетелдегi, немесе Қазақстандағы ақшаны жария еткен, бiрақ оларды жеке банк шотына орналастырмаған жағдайда төленедi.

Сондай-ақ мүлiктi жария етудi өткiзу табыстылығының факторы осы науқан барысында алынған мәлiметтер құпиялылығын сақтау болып табылады. Осындай ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес кепiлдендiрiлдi. Банктiк, салықтық және қызметтiк құпияны сақтау ескерiледi.

Мүлiктi жария ету

Мүлiктi жария ету азаматтар үшiн де, ел үшiн де тиiмдi. Ақшаны жария ету бойынша науқан екi жаққа да, ақшаны жария етушi азаматтарға да, ел экономикася үшiн де тиiмдi.

Көбi бiлетiндей , жария етудiң жақсы жақтарының бiрi, атап айтқанда, ол ақшаға қатысты, жария етiлген ақша кiрiс болып танылмайды да оларға салық жүгi түспейдi.

Осылайша, өзiңiзге берiлген ақшаны жария ету құқығын пайдаланып, сiз өзiңiз үшiн жария етiлетiн ақша сомасынан он пайызды үнемдей аласыз. Әрине, сiз қарсылық бiлдiрiп, сiзге сол он пайызды төлеу бойынша мiндеттеме жүктелетiнi туралы айтуыңыз мүмкiн, бiрақ мен сiзбен бұл жерде келiспеймiн, себебi заң шығарушы алымды төлеу бойынша жеңiлдiктер көзделген.

Яғни, егер ақша жинақтау шотынан алынбай, басқа шотқа аударылмаған жағдайда, онда тиiсiнше, мүлiктi жария етуге алым төлемi бойынша мiндеттер туындамайды.

Сондай-ақ, жария етудiң ұсынылған рәсiмi бойынша ақша екiншi деңгейлi банктердегi арнайы есепшоттарға түсуi арқылы айналымға түсуi тиiс екендiгi маңызды екендiгiн атап өткен жөн.

Азаматтар үшiн жария ету құралын таңдаған кездегi баламалы нұсқаның болуы жоспарланып отырған науқанның ерекшелiгi.

Бiрiншiден, ақшаны екiншi деңгейлi банктердегi есепшоттарда, сонымен бiрге нарық мөлшерлемелерi бойынша сыйақы ала отырып, үш жыл iшiнде ұстауға болады.

Екiншiден, ақшаны мерзiмнен тыс пайдаланғыңыз келгенде, оларды мемлекеттiк бағалы қағаздар, екiншi деңгейлi банктердiң, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялардың, даму институттарының облигацияларын және «Халықтық IРО» бағдарламасы шеңберiндегi акцияларды, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алу арқылы экономикаға инвестициялауға болады.

Үшiншiден, азаматтар жекешелендiрудiң екiншi толқыны шеңберiнде объектiлердi сатып алады.

Бұрын аталғандай, егер ақшаны жария етушi азамат жоғарыда аталған инвестициялау тетiктерiн пайдаланғысы келмеген жағдайда, ол жария етiлетiн ақшаның 10% көлемiнде бюджетке алым төлеп, өз ақшасына өзi билiк етуге құқылы.

Аталған әдiстердiң әрбiрi отандық экономиканың дамуына және ақшасын жария етушi азаматтың пайда алуына бағытталғандығын атап өткен жөн. Бұрынғы өткiзiлген науқандарда мұндай болмаған едi.

Сондай-ақ, мүлiктi жария етудi өткiзу табыстылығының факторы осы науқан барысында алынған мәлiметтер құпиялылығын сақтау болып табылады. Осындай ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңңама нормаларына сәйкес кепiлдендiрiледi.

Банкiлiк, салық және қызметтiк құпияны сақтау ескерiледi.

Заңдастырудың жағымды қорытындысы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарының кешiрiмi, оралмандардың және адамдардың Қазақстан Республикасында тұру түрi, мүлiктерiнiң заңдастыру туралы» Заңы 2014 ж.30 маусым №213-V3 Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 ж.31 желтоқсанға дейiн республика бойынша мүлiктердi заңдастыру iс-шаралары өтуде.

2015 ж. 9 желтоқсанында Ақжар ауданы аудандық әкiмдiгiнiң кiшi залында аудан әкiмiнiң орынбасарының төрағасы Ж.Б. Сыздықовпен мүлiктi заңдастыру комиссиясының отырысы өттi. Отырысқа әдiлет басқармасының басшылары, мемлекеттiк кiрiс, қаржы және экономика, құрылыс, жер қатынастары, қауiпсiздiк жағдай бөлiмдерi, СМИ қатысты.

Күн тәртiбiнде малшаруашылығыфермаларының заңдастыруы жөнiндегi екi өтiнiш қаралды. Комиссияға берiлген құжаттар бойынша, өтiнiштердiң қорытындысы қанағаттандырлық болды. Мүлiктердi заңдастыру жұмыстарының нәтижесiнде, мемлекеттiң экономикасына оң нәтиже көрсеткiшiн бередi. Бұл жұмыс көленкелi экономикасының азаюы, қосымша қаржының пайда болуы, инвестицияның ұлғаюы. Содан ауданымызда жаңа объектiлерiнiң жұмыс жасауы, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы және ол ауданымыздың қорын бiршама ұлғайтады.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында «Мүлiктi заңдастыру мерзiмi 2015 ж. 31желтоқсанға дейiн ұзартылуы қосымша мүлiк пен қаржы, бүл құқықтың айналымның ынтасы».

Соттық құдалаудан қорғау және құпияға кепiлдiк бередi. Қазiргi уақытта Үкiметте заңдастырудың қосымша шартарымен жұмыс ұйымдастырылып, оған қатысушылардың кепiлдiкке күш қолдауда (қосуда). Жоғарыда айтылған сөздердiң негiзiнде, әлiде мүлiктi заңдастыруды жоспарлап жүргендерiңiз осы жағдайды пайдаланып, барлықтарыңызды бұл жұмысты iске асыруға шақырамыз.

Ақжар ауданының әкiм аппараты

Заңдастыру жөнiнде

Мүлiктi заңдастыру (ақшадан басқа) субъектiлер құралдарын заңдастыру комиссиясына заңдастыру үшiн келесi құжаттар қажет:

  • мүлiктi заңдастыру жөнiндегi екi мәртелi өтiнiш;
  • жеке куәләндiрушi төлқұжатының көшiрмесi;
  • заң бойынша қаралатын құжаттары.

Өтiнiм заңдастыру комиссиясының 30 күнтiзбелiк күнiнде өтiнiмдi берген күннен саналып қаралады.

Комиссия мүлiктi заңдастыру жөнiндегi шешiмдi (ақшадан басқасы) субъектiге мүлiктi заңдастыру шешiмiн бередi (ақшадан басқасы), мүлiктi заңдастыру ақпаратының тiзбесiне қосады.

Мүлiк (ақшадан басқа) комиссиясының мүлiктi заңдастыру күнiнен бастап заңдастырылады.

Мүлiктi заңдастыруға берiлген құжаттардың мерзiмi 2015 ж. 30 қарашасында аяқталады.

Заңдастыру субъектiлерi бiрдей мүлiктi заңдастыруға берiлген мерзiм iшiнде қайталап өтiнiш беруге құқылы емес. Мүлiктi сақтандыруға (ақшадан басқа) берiлген құжаттар толық болмаса және берiлген құжаттар түзелген болса, қайта қайтарылады. Қайтарылымға берiлген құжаттардың оқылықтары түзелген жағдайда, Заң бойынша берiлген мерзiм iшiнде қайта мүлiктi заңдастыруға, өтiнiш жазуға болады.

Мүлiктi заңдастыруды (ақшадан басқа) ұйымдастыру тәртiбi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң комиссия ережесiнiң жүргiзу тәртiбi мен мүлiктi заңдастыру тiзбесiнiң жүйес» болып табылады.

Мүлiктi заңдастыру жөнiндегi ақпараттардың расстаулары бойынша жауапкершiлiк мүлiк заңдастыру субъектiлерiне жүктеледi.

Мүлiктi заңдастырудағы жұмыстарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық шығындарын заңдастыру субъектiлерi өздерi көтередi.

Заңдастыру субъектiлерi Қазақстан Республикасы аймағындағы жылжымайтын мүлiктi заңдастыруда, Қазақстан Республикасы Заңына құқықтарына сәйкес келмейтiн құжаттарын комиссияға қарауға бередi: ғимараттың техникалық қараудан өткенi, құрылыстың ережеге сай сарапшының қорытындасы, жылжымайтын объектiнiң техникалық паспорты.

Ақжар ауданының әкiм аппараты

Мүлiктi заңдастыру

Қазақстан Республикасы басшысының «Қазақстан Республикасы азаматтық кешiрiмi, оралмандардың және адамдардың Қазақстан Республикасында туруы, мүлiктерiнiң заңдастыруы туралы» заңына қол қойылған.

Бүл заң мемлекеттiң бiр рет ғана мүлiктердi заңдастырудың реттеу тәртiптерi мен шарттарының iс-шаралары, сонын iшiнде ақша, бұрын соңды құқықтық экономика айналымынан ақшаны шығарып алу қаралған.

Заңдастыру объектiлерiне: ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғаның уәкiлеттi капиталды үлесi, құрылым, құрылысты жүйе мен ережелерiнiң мақсаттық тағайындауының қатысты болуы, жеткiлiксiз тұлға ретiнде толтырылуы, Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлiк жатады. Сонымен қатар, жер учаскiлерiндегi заңдастырылатын мүлiк, заңдастыратын субъектiнiң жеке меншiгiнде болуы қажет. Айта кететiнiмiз, заңдастырылатын мүлiк қылмыс кезiнде заңдастырылғаны жатпайды, ягни заңдастырылмайды. Мүлiктi заңдастыру Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң комиссиясымен заңдастырылады. Заңдастыру үшiн, мiндеттi түрде субъектiлердiң өтiнiштерi және жеке басын куәландырылатын төлқұжаты болуы тиiс. Қазақстан Республикасы территориясының тыс жерiндегi жылжымайтын мүлiктi заңдастыру үшiн, ғимараттың техникалық қараудан өткенi, құрылыстың ережеге сай салынуы жөнiндегi сарапшының қорытындысы және мүлiктiң техникалық паспорты болуы қажет.

Егер де Қазақстан Республикасы сыртындағы мүлiктi заңдастыру кезiнде заңға сәйкес келмейтiнқұжаттар болса, онда бұл құжаттар субъектiге қайта жөндеу үшiн қайтарылады. Қателердi түзеткен соң, субъект мүлiктi заңдастыру үшiн қайта өтiнiш беруге құқылы. Өтiнiштi комиссия 30 күнтiзбелiк күн бойынша қарастырып, заңдастыру жөнiндегi немесе қайтарылуы жөнiндегi шешiм шығарады.

Тағы бiр ескертiлетiн жай бұл заңнын атауына «Заңдастыру жөнiндегi кешiрiм назар аудару керек. Бұл дегенiмiз, мемлекет мүлiктi тану, рахымшылық көрсету, құқық бұзушылықтан, жауапкершiлiгiнен босату нәтижесiнде мүлiктiн немесе ақшаның қайтарып алуы.

Ақжар ауданының әкiм аппараты

Солтүстiк Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкiмiнiң
2015 жылғы «1» маусымдағы
№ 14 шешiмiне қосымша

Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария етудi өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамы

№ п/п Т.А.Ә Ауданды басқару және комиссиядағы лауазымы
1 Сыздықов Жастлек Болатханұлы Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
2 Мұқанов Муратбек Нүғманұлы «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
3 Здуалиев Берік Мағжанұлы «Ақжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
4 Салықов Аманжол Қаблашұлы «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.
5 Әділова Әлия Наскенқызы «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
6 Қосмағамбетов Саян Теміғалиұлы «Құқықтық мәселелерн жөніндегі аудан әкімінің кеңесшісі»
7 Батырғожинов Жәкен Жәкенұлы «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша «Салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
8 Қажкенова Сауле Хамидоллақызы Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау агентігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұтынушылар құқықтарын қорғау Департаментінің Ақжар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы
9 Ващенко Вадим Федорович «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақжар ауданының төтенше жайдайлар бөлімінің бастығы
10 Ләйлә Қадырқызы «Ақжар ауданы бойынша Әділет Департаменті» мемлекеттік мекемесі
11 Вазиров Асхат Қайыргелдіұлы «Қазақстан Республикасының Әділет Департаментінің тіркеу қызметі мен құқықтық қызмет көрсету комитеті, Солтүстік Қазақстан облысының жылжымайтын мүлік орталығы РМКК Ақжар аудандық филиалы» басшысы

«Ақжар ауданында мүлiктi жария ету туралы ақпарат»

2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңы қолданысқа енгiзiлдi.

Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң жанынан мүлiктi жария ету бойынша комиссия құрылды.

Мүлiктi жария етуге қатысты құжаттарды қабылдау Ақжар ауданы әкiмi аппаратының кеңсесiнде Ақжар ауданы Талшық ауылы Целинная көшесi, 15 мекенжайы бойынша қабылданады, телефон 21-102.

Заннамаға сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын, басқа адамға ресiмделген жылжымайтын мүлiк (ғарыш объектiлерiнен және магистральдық құбырлардың желiлiк бөлiгiнен басқа), құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздерi орналасқан, жария ету субъектiсiне меншiк құқығында тиесiлi жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес келетiн, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жатады.

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету үшiн келесi құжаттар қажет: мүлiктi жария ету туралы екi данада белгiленген нысандағы өтiнiш; жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi, өтiнiштi берген кезде түпнұсқасын көрсету қажет; объектiнiң құрылыс нормалары мен ережелерiне және жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникасының паспортына сәйкестiгiн анықтау үшiн ғимараттар мен имараттардың техникалық тексерiлуiн өткiзетiн аттестатталған сарапшының қорытындысы.

Басқа тұлғаға ресiмделген жария етуге ұсынылатын мүлiкке қосымша келесi құжаттар табысталады: мүлiкке құқық орнатушы құжаттардың көшiрмесi (нотариуспен куәландырылған); мүлiктi жария ету субъектiсiне басқа тұлғаның мүлiктi өтеусiз табыстау туралы келiсiмшартының көшiрмесi (нотариуспен куәландырылған).

Мүлiктi жария ету науқаны 2014 жылғы 1 қыркүйек басталып, 2015 жылғы 31 желтоқсан аяқталады.

Өтiнiш қабылданған күннен кейiн отыз күн iшiнде комиссиямен қаралады.

Жария етiлетiн мүлiк бойынша ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына жария ету субъектiлерi жауапты.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жария етуге жататын мүлiктi ресiмдеуге қатысты барлық шығынды жария ету субъектiлерi өздерi өтейдi.

Мүлiктi жария етуге қатысты барлық сұрақтар бойынша 21-102 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы мүлiктi жария ету бойынша комиссия

29.06.2016 12:31

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика