Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! 

Үйiңiздiң кiреберiсiндегi, аулаларыңыздағы, көшедегi бөгде заттар мен адамдарды дер кезiнде өздерiңiз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! 

Маңайдағы адамдардың жүрiс-тұрысына, орынсыз жатқан иесiз мүлiктер мен заттарға көңiл аударыңыздар.

Үйлерiңiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiңiздер: кiреберiсте домофонымен темiр есiк орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есiктерiнiң ашық-жабықтығын тексерiңiздер.

Көлiктегi жолаушының күдiктi жүрiс-тұрысын көрiп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сiздер көлiкпен жүру қауiпсiздiгiн сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тiптi, өте қауiпсiз болса да, қандай да бiр сақтау немесе басқа бiреуге беру үшiн бiреудiң қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесiз) жерде күдiк тудыратын затты тауып алу сiздiң сақтығыңызды әлсiретуге тиiс емес. Қаскөй адам оны бiр нәрседен, бiреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкiн.

Тiптi, сiздiң жарылғыш құрылғыларын бiлетiн жеке тәжiрибеңiз болса да, онымен бiр нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздiгiнен жарылғыштар өте сезiмтал және әккi болып келедi.

Күдiк тудыратын затқа жақындамаңыздар, тiптi қол тигiзбеңiздер, бұл — өмiрлерiңiзге өте қауiптi.

Балаларыңызға қауiпсiздiк шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есiк ашуға, жерде жатқан иесiз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретiңiздер.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама

Терроризм актiлерiн дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгiлерi:

  1. сiз жұмыс iстейтiн немесе үйдiң ауласында, ғимарат айналасында (жиi баратын жерiңiздi) күдiктi тұлғалардың бiрнеше рет көрiнуi, фото және бейне түсiрме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
  2. құқық қорғау орган қызметкерлерiмен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттерi (басын түсiру, бұрылып кету, бетiн жабу);
  3. жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кiруi;
  4. тұрғын және әкiмшiлiк ғимараттарға қызмет көрсететiн персоналдар және күзетушiлермен бейтаныс адамдардың негiзсiз байланысқа түсуi, олардан жұмыс тәртiбi, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнiнде мәлiметтердi жинақтау;
  5. бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйiншек, посылка берiп жiберу) iрi сыйақыға орындайтын тұлғаларды iздеуi.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда келесi iс-қимылды орындау қажет:

  1. Ұстауға өздiгiмен әрекет қабылдамау;
  2. Олар жөнiнде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
  3. Өзiңiз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгiлерiн, киiмдерiн және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлiк номерiн және маркасын, қозғалыс бағытын белгiлеп алу.

Күдiктi зат тауып алған кездегi тұрғындарға арналған жаднама

Бiлiңiздер: заттардың сыртқы көрiнiсi оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкiн. Жарылғыш заттар үшiн камуфляж есебiнде әдеттегi тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйiншек, қорап, ойыншық және т.б.

Табылған заттардың жарылу қаупiн куәландыратын, белгiлерi:

  1. көлiк маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгiсiз түйiншектiң немесе басқада бiр заттардың болуы;
  2. бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кiреберiсте, пәтер есiгiнiң, көлiктiң маңында өзгеше орналасуы;
  3. табылған күдiктi заттан шудың шығуы (сағат механизмiне, жиiлiгi төмен дыбысқа тән).

Егер де сiз күдiк тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактiнi назардан тыс қалдырмаңыз:

1. қоғамдық көлiкте:

  • заттың (сөмкенiң және т.б.) кiмдiкi екенiн немесе кiм қалдырып кетуi мүмкiн екенiн қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
  • егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргiзушiге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2. үйiңiздiң кiре берiсiнде:

  • көршiлерден сұраңыз, мүмкiн ол зат соларға тиесiлi шығар. Егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3. көшеде, саябақта және т.б.:

  • айналаңызға қараңыз, егер мүмкiндiк болса, заттың иесiн анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);
  • затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендердi жiбермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат берiңiз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

  • тауып алған зат туралы объект күзетшiсiне немесе әкiмшiлiгiне дереу хабарлаңыз.
  • Табылған затпен немесе күдiк тудыратын заттармен жеке iс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкiн, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуi мүмкiн.

Үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады:

  • табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бiр жерден екiншi жерге апаруға, қолға алуға;
  • табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
  • жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
  • заттардан шығып тұрған сым темiрлердi немесе сымдарды үзiп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
  • табылған заңсыз затты пайдалануға;
  • оған жақын аралықта радио- және электрлi-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға/

Жарылғыш құрылғылардың iске қосылуы нәтижесiнде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сiз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бiрiншi кезекте түтiн мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиiссiз.

Егер сiз жарылыс кезiнде зардап шекпесеңiз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерiн бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есiн жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есiн мүсәтiр арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану — бұл организмнiң сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлерi болмаса (оның сүйектерiн мұқият басып көрiңiз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетiнен жатса тұншығып қалуы мүмкiн. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жiппен, белбеумен, баумен, белдiкпен таңу керек.

Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерi арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бiрқалыпты тыныс алыңыз. Өзiңiздi құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң түбiнде қалсаңыз, сiздi жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшiн кез келген металл затты (сақина, кiлт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекiтулi кеңiстiкте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегiн сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкiндiгiңiз болса, қолға ұстауға келетiн заттардың (тақтайлар, кiрпiштер және т.б.) көмегiмен төбенi бекiтiңiз, содан соң көмек күтiңiз. Қатты шөл қысқан кезде кiшкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Адамдарды кепiлге алған жағдайдағы iс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепiлге алудың әрбiр нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленедi.

Сонымен қатар егер сiз кепiлге алынсаңыз:

  1. өз-өзiңiзге мүмкiндiгiнше жылдам келiңiз, тынышталыңыз және үрейленбеңiз;
  2. егер өзiңiздi байлап немесе көзiңiздi жапса, бойыңызды еркiн ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
  3. болуы мүмкiн қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепiлге алынғандардың тiрi қалғандығын есте сақтаңыз. Сiздi босату үшiн құқық қорғау және арнайы органдары кәсiби шаралар қолданып жатқанына сенiңiз;
  4. егер қашып кете алатыныңызға толық сенiмдi болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
  5. террористер туралы мүмкiндiгiнше көбiрек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесiн мақсатқа сай белгiлеу, дене бiтiмiне, сөйлеу акцентi мен тақырыбына, темпераментiне, өзiн ұстау мәнерiне және т.б. сыртқы пiшiнiн сипаттайтын ерекшелiктерге көңiл аудара отырып, барынша толық кескiнiн жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердiң жеке бастарын анықтауда көмегi тиедi;
  6. әр түрлi белгiлер бойынша өзiңiз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
  7. мүмкiндiгiнше терезелерден, есiктерден және адам ұрлаушылардың өздерiнен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсендi шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердiң қылмыскерлердi көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауiпсiз жерге орналасыңыз;
  8. ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңiзге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;
  9. егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сiзбен әдепкiде (Сiздiң жеке басыңызды анықтағанға дейiн) ықтимал қылмыскер ретiнде бiрқатар дөрекi iс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сiздi тiнтуi, қолыңызға кiсен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкiн. Бұл тәрiздi жағдайларға түсiнiстiкпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттерi (барлық адамды түпкiлiктi сәйкестендiргенге және шынайы қылмыскерлердi анықтағанға дейiн) дәлелденген.

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

  1. агрессивтi қарсылық көрсетпеңiз, шалт және қауiп төндiретiн қимыл жасамаңыз, террористердi өздерi ойластырмаған iс-әрекеттерге итермелемеңiз;
  2. мүмкiндiгiнше адам ұрлаушылармен тiкелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;
  3. бастапқыдан-ақ (әсiресе, бiрiншi жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкiмiн орындаңыз;
  4. пассивтi ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесiңiз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкiн дұшпандық рең мен iс-қимылға шақыратын жек көрушiлiк сезiмiн бiлдiруден қашыңыз;
  5. өзiңiздi сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзiлдi-кесiлдi қарсылық жасамаңыз, бiрақ өзiңiзге өте қажеттi жағдайда сабырмен өтiнiш жасаудан қорықпаңыз;
  6. аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкiн денсаулық кiнәратыңыз болса, бұл туралы өзiңiздi ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткiзiңiз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, бiртiндеп өзiңiздiң жай-күйiңiздi жақсартуға байланысты өтiнiштер деңгейiн арттыруға болады.

Кепiлдiк жағдайында ұзақ болған кезде:

  1. уайым, абыржу және асып-сасу сезiмiнiң орын алуына жол бермеңiз. Алдағы сынақтарға өзiңiздi ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсендiлiгiн сақтаңыз;
  2. ашыну сезiмiнiң пайда болуынан қашыңыз, ол үшiн өз-өзiңiздi сендiрудiң iшкi ресурстарын пайдаланыңыз;
  3. жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсiрiңiз. Уақыт өткен сайын сiздi босату мүмкiндiктерiнiң арта түскенiн ойлаңыз. Сiздi дәл қазiр босату үшiн барлық мүмкiндiктердiң жасалып жатқандығына сенiңiз.
  4. өзiңiзге тұрақты айналысатын бiр iс (дене жаттығулары, кiтап оқу, өмiр туралы естелiктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық iс-қимылдың тәулiктiк кестесiн белгiлеңiз, оларды қатаң әдiстемелiк тәртiппен орындаңыз;
  5. күшiңiздi сақтау үшiн, тiптi ұнамаса және тәбетiңiздi ашпаса да берген тағамның бәрiн жеңiз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетiңiз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепiлдегi адамды құтқарудың маңызды шарттарының бiрi. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкiндiк беретiн жағымсыз әсерлер мен күйзелiстерден оқшаулайтын кез келген амал-әдiстер тиiмдi. Келесi ережелердi ұғып алған пайдалы:

  1. аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегi барлық бұлшық еттердi кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;
  2. барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседi;
  3. iшiңiзден оқыған кiтаптарыңызды, өлеңдерiңiздi, әндерiңiздi есiңiзге түсiрiңiз, жүйелi түрде әр түрлi дерексiз проблемаларды (математикалық есептердi шығарыңыз, шетел сөздерiн есiңiзге түсiрiңiз және т.б.) ойлап алыңыз. Сiздiң ақыл-ойыңыз жұмыс iстеуi керек.
  4. егер мүмкiндiк боласа, қолыңызға түскеннiң бәрiн, тiптi оның мәтiнi сiзге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-естi сақтауға көмектесетiн осы үдерiстiң өзi маңызды.
  5. Болып жатқан жағдайларды жүрегiңiзге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейiн iстiң сәттi аяқталатынына сенiңiз. Қорқыныш, торығу мен селқостық — бұл үшеуi сiздiң негiзгi жауыңыз, оның бәрi — өз iшiңiзде жатыр.

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегi тұрғындардың iс-қимылдары жөнiндегi жаднама

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiрудi бастау туралы ақпаратты үйiңiзде естiсеңiз:

  1. ауа-райына қарай киiнiңiз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  2. электрдi, газды, суды ажыратыңыз, пештегi (алау ошақтағы (камин) отты сөндiрiңiз;
  3. көшу кезiнде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетiңiз;
  4. кiреберiс есiктi құлыпқа жабыңыз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiрушiнiң командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейiн ғана қайта оралыңыз.

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естiсеңiз:

  1. асықпай және дүрлiкпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кiлтпен жабылатын үстел жәшiктерiне жинаңыз;
  2. өзiңiзбен бiрге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  3. ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндiрiңiз;
  4. есiктi кiлттеп жабыңыз және көшiру тәсiлiнде белгiленген бағытпен жүрiңiз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiру басшысының командасын орындаңыз.

24.04.2017 11:09

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика