Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

БЖЗК

Баспасөз хабарламасы 

2017 жылғы 1 қаңтардағы БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан — 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,69 трлн. теңгенi құрады.

2017 жылғы 1 қаңтарда шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен 9,58 млн. бiрлiк болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 420 мың бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 39 мың бiрлiк болды. Зейнетақы жинақтарының негiзгi үлесi мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтардан тұрады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарымен бiрге ЖЗШ-ның жалпы саны бойынша бiрiншi орында Алматы (1 680 135 ЖЗШ), екiншi орында Оңтүстiк Қазақстан облысы (956 737 ЖЗШ), үшiншi орында Қарағанды облысы (823 897 ЖЗШ) тұр.

Зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк 2016 жылғы 12 ай iшiнде 7,95% болды. Зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiктiң қаржы нарығындағы ахуалға және ҚР Ұлттық Банкi зейнетақы активтерiн инвестициялайтын қаржы құралдарының құнына байланысты екенiн айта кету керек.

Инвестициялық қоржынның құрылымы туралы толық ақпарат пен инвестициялық қызметке шолу Қордың http://www.enpf.kz/upload/medialibrary/dbb/dbbb912ab96bd9190aaa36a88d5f4df9.pdf ресми сайтында жүйелi түрде орналастырылып тұрады.

2016 жылғы желтоқсан-қаңтар айларында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң сомасы — 169,69 млрд. теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымына аударымдар — 22,69 млрд. теңге болды. Салыстырып қарасақ, 2015 жылғы сома 141,12 млрд. теңге және тиiсiнше 24,23 млрд. теңге болды.

Бүгiнгi күнi салымшы (алушы) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталығының бiрiнен, пошта байланысы арқылы, БЖЗҚ сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,8 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде электрондық хабарлау тәсiлiн таңдады. Мәселен, 206 мыңға жуық адам үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға алады және 2,6 миллион адамның сайт арқылы немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкiндiгi бар. Бiр жыл iшiнде ұялы қосымшадан жүктеп алу саны 398 мыңға жуық көбейiп, 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеп алу саны 509,7 мың болды.

2015 жылдың ақпан айында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табыс ескерiлген) жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi iске қосылған сәттен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзiндi көшiрме берiлген.

БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — қор салымшылары мен алушылары үшiн сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және ақпараттық арналарды дамыту. Мәселен 2016 жылы түрлi байланыс арналары арқылы Қорға азаматтардан 169 159 өтiнiш келiп түстi, оның iшiнде: 113 111 қоңырау Байланыс орталығы арқылы келiп түстi, 6 877 өтiнiш керi байланыс нысаны арқылы және 28 455 өтiнiш Қор сайтындағы онлайн чат арқылы, 1 277 өтiнiш әлеуметтiк желiлер арқылы келiп түстi, 10 765 және 8 674 өтiнiш «пiкiрлер мен ұсыныстар кiтабында» қалдырылып, тиiсiнше қағаз жеткiзгiшпен келiп түстi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Мақаланың шыққан күні: 19.07.2017 09:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.07.2017 09:56

СҚО Ақжар ауданы әкiмi
Мадияров Ербатыр Қайыргелдіұлы

Промышленная Революция 4.0

Шілде 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+