Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ауданның инвестициялық мүмкіндіктері

Инвестиции

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 3758,3 млн. теңге, 2016 жылға 109,5%.

Хабарлама

1. Кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнау құқығын ұсынуға арналған конкурс мына мекенжай бойынша өтедi: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58.

2. Өткiзу уақыты (конкурстық ұсыныстарды ашу): 2017 жылғы 27 қараша сағат 15-00-де.

3. Конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi: конкурсты өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап бiр ай iшiнде.

3.1 Конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзiмi 2017 жылғы 24 қараша сағат 15-00-де аяқталады.

4. Тендер қорытындыларын жүргiзу мерзiмi конкурстық ұсыныстарды тапсыру мерзiмi аяқталған күннен бастап кем дегенде он бес күндi құрайды.

5. Өтiнiм нысаны «Жер қойнау және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV Заңының 48-бабы 1-тармағына сәйкес болуы керек.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм құрамында болуы керек:

  1. заңды тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң атауы, оның мекенжайы, мемлекеттiк жабдықтары, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi және салық органдарында тiркелуi туралы мәлiмет, заңды тұлғаның — басшылар және қатысушылар немесе акционерлiк өтiнiм берушiлер туралы олардың жарғы капиталындағы үлесiнiң көлемiн көрсетумен мәлiмет (жарғы көлемiнiң жалпы көлемiнен), құнды қағаздар нарығында ұйымдастырылған осындай қағаздардың жалпы санын көрсетумен заңды тұлғаның құнды қағаздарға өтiнiмi туралы мәлiмет, өтiнiм берушiнiң еншiлес ұйымдары туралы мәлiмет;
  2. жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi және аты, заңды мекнжайы, азаматтығы, құжаттар туралы мәлiмет, өтiнiм берушiнiң жеке куәлiгi, өтiнiм берушiнiң салық органдарында тiркелуi, өтiнiм берушiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi ретiнде тiркелуi;
  3. өтiнiм берушiнiң ұсынатын басшылар немесе өкiлдер туралы деректерi, мынадай тұлғалардың өкiлеттiлiгi туралы мәлiметтi қоса;
  4. өтiнiм берушiнiң бұрынғы қызметi туралы мәлiметке соңғы үш жылда өзiнiң қызметiн жүзеге асырғандағы мемлекеттер тiзiмiн қоса беру;
  5. өтiнiм берушi талап ететiн жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану құқығы учаскесiнiң атауы;
  6. конкурсқа қатысуға өтiнiм берушiлердiң жарна төлеу туралы құжаты.

Өтiнiмге өтiнiмдегi көрсетiлген мәлiметтердi растайтын куәләндырылған құжаттар үлгiсi қоса берiледi.

6. Барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынуға арналған конкурстық ұсыныстар «Жер қойнау және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV Заңының 50-бабы 3-тармағына сәйкес құралған болуы керек.

7. «Жер қойнау және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV Заңының 52-бабы 1-тармағына сәйкес конкурстың жеңiмпазы конкурстық ұсыныстарды қарастыру қорытындысы бойынша анықталатын болады:

  • қол қойылған бонус көлемi;
  • өңiрдi әлеуметтiк-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығындар көлемi.

8. «Салық және бюджетке басқа мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы 10.12.2008 жылғы №99-IV Кодексiнiң 314-бабына сәйкес қол қойылған бонустың бастапқы көлемi жер қойнауын пайдалануға арналған әр келiсiмшартты жасау үшiн келесi көлемде жеке бiлгiленедi:

  • геологиялық барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар жасау үшiн бекiтiлген пайдалы қазбалар жоқ аймақта –жер қойнау және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну жөнiнде конкурс шарттарын жариялау күнiне iс-әрекетi және ресбуликалық бюджет туралы заңымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен 40-еселенген мөлшерде;
  • өндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн — формуласы (Сх0,01%) бойынша, жер қойнау және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну жөнiнде конкурс шарттарын жариялау күнiне iс-әрекетi және ресбуликалық бюджет туралы заңымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен кем дегенде 120-еселенген мөлшерде.

Сонымен қатар қол қойылған бонустың бастапқы көлемi өндiруге арналған келiсiмшарт үшiн Салық Кодексiнiң 319-322 бабына сәйкес есептелген анықталған коммерциялық бонус сомасынан кем болмауы керек.

9. «Салық және бюджетке басқа мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 10.12.2008 жылғы №99-IV Кодексiнiң 315-бабына сәйкес қол қойылған бонус бюджетке келесi тәртiпте төленедi:

  1. белгiленген сомадан елу пайыз — жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну жөнiнде конкурс жеңiмпаздарына салық төлеу хабарланғаннан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде;
  2. белгiленген сомадан елу пайыз — жер қойнауын пайдалану келiсiмшартының күшiне ену күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей. 

10. Жер қойнауын пайдаланудың бiрнеше объектiлерi бойынша болжалды қатысу жағдайында қатысуға өтiнiм және конкурсқа қатысуға төлем ұсынылады және әр объектiге бөлек төленедi.

11. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысу құқығы үшiн 20 (жиырма) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жарна Қазақстан Республикасы Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының 206109 «Жергiлiктi бюджетке түсетiн басқа да салықтық емес түсiмдер» қодына аударылады. Банктiк деректемелерге қатысты заңдық және жеке тұлғаның тiркелу орнына қарай салық органдарына жүгiну қажет.

«Жер қойнау және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңының 47-бабы 6-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу жарнасы қайтаруға жатпайды.

12. Кадрда минималды жергелiктi құрам — 100%.

13. Жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi — 50%-дан артық емес жергiлiктi қамтудың ең төмен мөлшерi.

14. Қазақстандық кадрларды оқытуға минималды шығын мөлшерi — өндiруға арналған шығыннан 0,1%.

15. Конкурсқа қатысуға өтiнiм мына мекенжай бойынша тапсырылады: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi 58. кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасау, тiркеу, сақтау, iс-әрекетiнiң орындалуы және тоқтатылуы жөнiндегi жергiлiктi атқарушы орган — «Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ.

Қосымша ақпарат және анықтама алу мына телефон бойынша: (8 7152) 36-11-98 (тел/факс).

Кең таралған пайдалы қазбалары бар тендерге немесе аукционға қойылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi (ZIP 14 Kb)

Инвестиции

2017 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2293,1 млн. теңге, 2016 жылмен салыстырғанда 6,8% артық. Қаржыландыру көзi: меншiктi қаражаты болып табылады кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың (94,4%) және бюджет қаражаттары (1,1%) несиелік қаражаттар (4,5%).

Инвестиции

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1468,9 млн. теңге, 2016 жылмен салыстырғанда 1,3 есе артық. Қаржыландыру көзi: меншiктi қаражаты болып табылады кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың (98,2%) және бюджет қаражаттары (1,8%).

Инвестициялар

2016 жылы негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2015 жылға қарағанда 1,7 есе өсiп 3 млрд. 523 млн. теңгенi құрады (2015 жылы 2 млрд. 16 млн. теңге болған).

Оның iшiнде ғимараттар мен нысандар құрылысы мен күрделi жөндеу бойынша 216 млн. теңге, техника мен жабдықтар сатып алуға 3 млрд. 264 млн. теңге және басқа да күрделi жұмыстар мен шығындарға 43 млн. теңге жұмсалған.

Қаржыландыру көздерi бойынша үлесi төмендегiдей: несие қаражаты 56,1% немесе 1 млрд. 977 млн. теңге, ұйымдар мен кәсiпорындардың өз қаражаты 43,8% немесе 1 млрд. 542 млн. теңге, бюджет қаражаты 0,1% немесе 4,2 млн. теңге. Инвестиция басым бөлiгi 69,6% ауыл шаруашылығына тиесiлi 2 млрд. 450 млн. теңге, одан кейiн транспорт саласы 25,7% немесе 907 млн. теңге, қалған салалардың үлесi 4,7% немесе 166 млн. теңгенi құрайды.

Инвесторларға арналған ұсыныс

1. Ақжар ауданы, Айсара ауылдық округi, Айсары ауылы

500 бас iрi қара мал және 200 бас аналық сатып алу. Бордақылау алаңын салу үшiн, құқықтық құжаттарды рәсiмдеу және тiркеу. Жұмыс ұжымын жергiлiктi халық арасынан қалыптастыру. 4000 га бос жайылым бар. Ауылдық округте еттi бағыттағы 1000 бас мал бордақылау алаңын жасау мүмкiндiгi бар. Ауылда 46 аула, тұрғындар саны — 205 адам, оның iшiнде жұмысқа жарамды — 117 адам, қызметкерлердiң жоспарлы саны — 18 адам. Ашу мерзiмi мен жобалық қуаттылыққа шығу мерзiмi 2018 жылдың желтоқсан айы. Кәсiпорынның даму жоспары: өнiмнiң экспортына келiсiмшарииар жасау, жеткiзу географиясы — Ресей Федерациясы, Қазақстан республикасы.

Жобаның мақсаты — жоғары сапалы iрi қара мал етi өндiру, жаңа жұмыс орындарын құру, салық төлеу арқылы бюджетке аударымдарды ұлғайту.

2. Ақжар ауданы, Ақжарқын ауылдық округi, Ащыкөл ауылы

Ақжарқын селолық округiнде 7600 га бос жайылым жасау, 1500 бас iрi қара ет бағытындағы мал бордақылау алаңын құру мүмкiндiгi бар. Ауылында 131 аула, тұрғындар саны — 455 адам, оның iшiнде жұмысқа жарамды — 357 адам. Қызметкерлердiң жоспарлы саны — 30 адам. Жоспарланған ащу мерзiмi — қазан 2017 жыл, жобалық қуаттылыққа шығу қазан 2019 жылы. Кәсiпорынның даму жоспары: 400 бас iрi қара мал төлiнiң және 400 бас аналық мал сатып алу. Бордақылау алаңын салу үшiн, құқықтық құжаттарды рәсiмдеу және тiркеу.

3. ЖШС «СХП Сарыбай Инвест», құрылыс, қиыршық тастарды фракциялар бойынша өндiру және қайта өңдеу зауытын iске қосу. Қуаты жылына 120 мың куб. м., Тұғыржап ауылында, жобаның құны 35 млн. теңге. 15 жұмыс орны жоспарлануда. Iске асыру мерзiмi 2017 жылдың екiншi жарты жылдығы.

4. ЖШС «Ақжар Инвест», құрылыс, қиыршық тастарды фракциялар бойынша өндiру және қайта өңдеу зауытын iске қосу. Қуаты жылына 150 мың куб. м. Ленинград ауылында, жобаның құны 20 млн. теңге. 10 жұмыс орны жоспарлануда. Iске асыру мерзiмi 2017 жылдың екiншi жарты жылдығы.

5. Инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн конкурстан тыс ұсынылатын босалқы саналатын жайылымдық алқаптар туралы ақпарат

  Мемлекеттік босалқы жерлері Жалпы алаңы жайылым Барлығы а/ш алқаптары Өзге Бонитеттің Орташа Балы Айсары ауылынан қашықтығы Аудан орталығы Талшық селосынан қашықтығы
Барлығы солардың ішінде
Түбегейлі жақсарту Суландырылған
Айсара ауылдық округі
  Айсаринский ЗЗ 51836 50616 15870 3672 50616 1220 23 15 85

Мақаланың шыққан күні: 19.07.2017 09:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.10.2017 18:30

СҚО Ақжар ауданы әкiмi
Мадияров Ербатыр Қайыргелдіұлы

Промышленная Революция 4.0

Шілде 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+