Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады

Мемлекеттiк қызметке орналасу бойынша ақпарат

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы (бұдан әрi — Заң) қолданысқа енгiзiлдi.

Заңның 26 бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттiк лауазымдарына алғаш рет кiретiн немесе мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн оған қайтадан кiретiн азаматтар мынадай iрiктеу кезеңдерiнен өтедi:

1) уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен тесттен өту;

2) уәкiлеттi органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерiн бағалату;

3) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Мемлекеттiк қызмет iстерi бойынша министрдiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен Мемлекеттiк қызметшiлердi және мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу бағдарламалары мен ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi — Ереже) бекiтiлдi.

«Б» корпусының мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге тестiлеу ережесiне сәйкес тестiлеу үш бағдарламадан тұрады.

Бiрiншi бағдарлама: 9 заң, 110 минут, тестiлеуден өту мәнi — барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпы санынан (135 сұрақ) 95 дұрыс жауаптан кем емес және әр нормативтiк құқықтық актiден 5 дұрыс жауаптан кем емес.

Екiншi бағдарлама: 8 заң, 100 минут, тестiлеуден өту мәнi — барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпы санынан (120 сұрақ) 72 дұрыс жауаптан кем емес және әр нормативтiк құқықтық актiден 5 дұрыс жауаптан кем емес.

Үшiншi бағдарлама: 6 заң, 80 минут, тестiлеуден өту мәнi — барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпы санынан (90 сұрақ) 45 дұрыс жауаптан кем емес және әр нормативтiк құқықтық актiден 5 дұрыс жауаптан кем емес.

Заңнаманы бiлуге тестiлеуден өту барысында шектi мәннен жоғары нәтижеге қол жеткiзген үмiткер 20 минут iшiнде жеке қасиеттерiн автоматтандырылған бағалауға тестiлеуге жiберiледi.

Жеке қасиеттерiн автоматтандырылған бағалау аясында үмiткерлердiң келесi қасиеттерiнiң даму деңгейi анықталады: ынталылық, коммуникативтiк, талдағыштық, ұйымшылдық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Заңнаманы бiлуге тестiлеу нәтижесi бойынша сертификат, жеке қасиеттердi бағалау нәтижесi бойынша — қорытынды берiледi.

Олар бiр жыл iшiнде әрекет етедi және мемлекеттiк органмен әңгiмелесу нысанында өткiзiлетiн үшiншi кезең — жалпы конкурстан өтудiң ажырамас құжаты болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 13.07.2017 14:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.07.2017 14:07

СҚО Ақжар ауданы әкiмi
Мадияров Ербатыр Қайыргелдіұлы

Промышленная Революция 4.0

Шілде 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Подать резюме

E-gov порталын жиі пайдаланасыз ба?

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2018  Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+