Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерге шағымдану тәртiбi

Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдарды қарау ерекшелiктерi

1. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдары «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.

2. Орталық мемлекеттiк органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, халыққа қызмет көрсету орталығының атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган шағымды қарау қорытындылары бойынша:

1) орталық мемлекеттiк органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, халыққа қызмет көрсету орталығының көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы бойынша қабылдаған шешiмiне оның қанағаттанбауы себептерiн кешендi түрде зерделеудi қамтамасыз етуге;

2) орталық мемлекеттiк орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактiсi анықталған жағдайда олардың атына көрсетiлетiн қызметтi алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдану үшiн ұсыныстар жiберуге;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымын орталық мемлекеттiк орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi тарапынан қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның, орталық мемлекеттiк органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шағымды қарау мерзiмi:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергiлiктi жерге барып тексеру жүргiзу;

2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкiлеттiктер берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде шағым берген көрсетiлетiн қызметтi алушыға ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

Мақаланың шыққан күні: 14.07.2017 15:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.10.2018 17:56

СҚО Ақжар ауданы әкiмi
Мадияров Ербатыр Қайыргелдіұлы

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Подать резюме

E-gov порталын жиі пайдаланасыз ба?

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2018  Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+