Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi аудандық комиссия отырысының хаттамасы 2019 жылғы 1 наурыз (ZIP 919 Kb)

Салықтарды төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру тәртiбi мен шарттары

«Салықтар және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 51-шi бабының талаптарына сәйкес, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тиiсiнше бiр мезгiлде немесе кезең-кезеңмен төлей отырып, осы бапта көзделген негiздер болған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзiмiн өзгертудi бiлдiредi.

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бiр мезгiлде төлей отырып, кейiнге қалдыру алты айдан аспайтын мерзiмге берiледi.

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзiмiн ұзарту үш айдан аспайтын мерзiмге берiледi.

Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту бiр немесе бiрнеше салық және (немесе) төлемақы бойынша берiлуi мүмкiн.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгiленген мерзiмде төлеуге мүмкiндiк бермейтiн, алайда оларды мынадай:

  1. салық төлеушiге еңсерiлмейтiн (әлеуметтiк, табиғи, техногендiк, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери iс-қимылдар және еңсерiлмейтiн күштiң өзге де мән-жайлары) салдарынан нұқсан келтiру;
  2. салық төлеушiнiң тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетiлетiн қызметтердi өндiруiнiң және (немесе) өткiзуiнiң маусымдық сипатта болуы;
  3. дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнде тұрмайтын жеке тұлғаның мүлiктiк жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiктi есепке алмағанда) бiржолғы салық төлеуге мүмкiндiк бермеуi;
  4. соттың төлем қабiлетсiздiгiн реттеу рәсiмiн қолдану туралы шешiм қабылдауы;
  5. салық төлеушiнiң негiзгi қызмет түрiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы;
  6. салық төлеушiнiң қосымша салықтық есептiлiктi ұсынуы;
  7. салық төлеушiнiң есепке жазылған салықтардың және (немесе) төлемақылардың тексеру нәтижелерi туралы хабарламада көрсетiлген сомаларымен келiсуi негiздерiнiң бiрi болған кезде оларды төлеу мүмкiндiгi кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту берiлетiн мерзiм iшiнде туындайды деп пайымдауға жеткiлiктi негiз болатын салық төлеушiге берiлуi мүмкiн. Осы тармақшаның ережелерi салық төлеушi ретiнде тiркелген күнiнен бастап кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтiнiш берген күнге дейiнгi кезең кемiнде бес жылды құрайтын салық төлеушiлерге қолданылмайды.

Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Арыңды ойла, ағайын!

Сыбайлас жемқорлық, бұл — ел қазынасын талау, халықтың ырысын тонау. Мемлекеттiк құрылымды iштен iрiтетiн, азаматқа абырой бермейтiн келеңсiз көрiнiс бiздiң елiмiзде де кездесiп жатыр қазiргi күнi.

Әсiресе, жемқорлықпен күресуге тиiс жандардың өз жемсауының құлы болып, ардан аттап, анттан тайып жүргенiн көргенде «қара басының қамын ойлайтын тоғышарлардан қашан құтыламыз, болашағымыз қаңдай болмақ» деген ой маза бермейтiнi де рас. Сондықтан да Елбасымыз барлық мемлекеттiк құрылымдар мен қоғамдық ұйымдарды, бұқара жұртшылықты жемқорлыққа қарсы батыл күресуге шақыруда. Мақсат — ел өркенитеiн өрттей шарпитын кеселдiң тамырына балта шабу.

Жастар — жаңа ғасырдың, жаңа өмiрдiң басы. «Бастау көзi қалай тұнық болса, оның етегiндегi су да сондай мөлдiр болады» дейдi халық даналығы. Демек, қазiргi жастарымыз өз бойына iзгiлiк нұрын құйып, адамгершiлiк кәусарынан сусындап, Қазақстан сияқты алып елдiң, бай мемлекеттiң болашақ иесi де өздерi екенiн сезiнсе, нұр үстiне нұр болар едi. Әрине, билiк ұстағанның бәрiн ұры-қары деуге болмайды. Қазiрде билiктiң буына балқымай, байлықтың барына шалқымай, сол билiгi мен байлығын ел игiлiгiне жұмсап жүрген азаматтар да баршылық. Жастарымыз тек сондай адамдардан ғана үлгi алуы тиiс. Кiмде-кiм «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой» деген Абай сөзiн, «Қаңағат қарын тойғызады, қанағатсыздық астындағы жалғыз атын сойғызады» деген халық даналығын есте ұстаса, ондай адамға келер зорлық та, қорлық та жоқ. Ол үшiн әр азаматтың бойында елдiк сезiм, ұлттық намыс пен рух болуы керек.

Аранын емес, арын ойлар азаматтың, ел туын көтерер барша жастың жүрегi: «Менiң елiм, менiң жерiм, менiң суым, менiң көлiм!» деп соқса, ондай елге сырттан да, iштен де төнер қауiп болмас едi.

Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының
бас маманы
С.Б. Жолмағанбетов

Жолдау-2018

2018 жылдың 10 қаңтарында Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауында 10 басым бағытты атап көрсеткен Бұл Жолдаудың негiзгi мазмұны қазiргi жаһандық жағдайда әлем елдерiнiң көшiнен қалмай, ең дамыған 30 елдiң қатарына қосылу үшiн Ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және адами капитал — жаңғыру негiзi екендiгiн атаған.

Жолдау жолдарында көрсетiлген өзектi мәселелердiң барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерiстер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар.

Елiмiздiң қарқындап даму мүмкiндiктерi зор. Өйткенi, Қазақстан — Еуропа мен Азияның арасындағы «Алтын көпiр» сияқты мемлекет. Геосаясатта орналасу жағдайы, табиғат байлықтары мен қарым-қатынас жасайтын көршiлес мемлекетерi бар. Қолайлы мүмкiндiктерi де жеткiлiктi. Дипломатияда көпвекторлы сыртқы саясатты алыс және жақын шетелдермен мықтап орнатқан мемлекет. Осы жолдауда аталған 10 басым және маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елдi дамытуға бағытталған қадамдар. Мәселен, елiмiздегi индустрия, технология, өнеркәсiп кешенi, көлiк-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиiмдi мемлекеттiк басқару және «ақылды қалалар» «ақылды ұлт үшiн» деген мәселелер көтерiлген.

Ендi, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елiмiзде әрбiр саланың мамандары жүзеге асыруы қажет. Оған қоса мемлекет барлық саланы қадағалап, оған бөлiнген қаражаттың нәтижесiн сұрап, есебiн алып отыруы тиiс. Тек, сонда ғана өркениеттi елдер сияқты мемлекеттiң iлгерiлеп дамуы болады.

Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының
бас маманы
С.Б. Жолмағанбетов

Салықтық мiндеттеме

«Салықтар және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 31-шi бабының 1-шi тармағының талаптарына сәйкес, салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салықтық мiндеттеме деп танылады, соған орай салық төлеушi осы Кодекстiң 36-шы бабының 2-шi тармағында көрсетiлген әрекеттердi жасауға мiндеттi, яғни:

салық төлеушi салықтық мiндеттеменi орындау үшiн мынадай әрекеттер жасайды:

  • салық органында тiркеу есебiне тұрады;
  • салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды жүргiзедi;
  • салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi, салықтық база мен салықтық мөлшерлемелердi негiзге ала отырып, салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердiң, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердiң сомасын есептейдi;
  • салықтық тiркелiмдердi қоспағанда, салықтық нысандарды және осы Кодексте белгiленген өзге де нысандарды жасайды және белгiленген тәртiппен салық органдарына ұсынады;
  • салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң есептелген және есепке жазылған сомасын, салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердi төлейдi.

Салық төлеушi салықтық мiндеттеменi орындауды өз бетiнше жүзеге асырады.

Салық төлеушi салықтық мiндеттеменi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде орындауға тиiс.

Салықтық мiндеттемелердi орындамағаны үшiн мәжбүрлi түрде өндiрiп алу шаралары, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiктер көзделген.

Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

Қазақстан Республикасы үшiн сыбайлас жемқорлықты жою мемлекеттiк саясаттың ең басты бағыты болып табылуда. Өйткенi, ол қазiргi таңның ең өзектi мәселесi, және онымен Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы еш аяушылық танытпай күресуi қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мақсатына қол жеткiзу келесiдей мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асырылады:

  1. қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестiк ахуалын қалыптастыру;
  2. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн жағдайлар мен себептердi анықтау және оларды жою;
  3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң өзара iс-қимылын нығайту;
  4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  5. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру.

Сыбайлас жемқорлық фактiлерi туралы ақпаратқа ие адам сол қызметкер еңбек етiп жатқан мемлекеттiк органның не ұйымның басшылығына, не болмаса сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органға хабар беруi тиiс.

Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары өз құзыреттерi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл заңнамасында көзделген тәртiптiк шаралардың қолданылуын, сондай-ақ өздерiне белгiлi болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайлары бойынша тиiстi шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етулерi шарт.

Тек азаматтық қоғамның барлық институттарының күштерiн бiрiктiре отырып қана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиiмдi iс-қимылдарға қол жеткiзуге болады, өйткенi, сыбайлас жемқорлық фактiлерi жоқ елдер ғана барлық алға қойған мақсаттарына жетiп, шынайы экономикалық гүлдене алады.

Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының
бас маманы
Р.Е. Сәлиев

Пара бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiк

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттiк қызметкерлердiң ғана емес, сонымен бiрге барлық азаматтардың ортақ мақсаты болуы тиiс, өйткенi, аталмыш ахуалмен бiржақты күрес мүмкiн емес.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестегi жетiстiк тек бiрлiктен туындайды.

Ақжар ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы, елiмiздiң заңнамасында пара бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiк көзделгендiгiн ескертедi. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 367-шi бабында баяндалған.

Яғни, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамға не оған теңестiрiлген адамға немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзiне немесе делдал арқылы пара беру — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мысалы, 10 000 теңге көлемiнде пара берiлсе, осы үшiн айыппұл көлемi 200 000 теңге көлемiнде болады, яғни, лауазымды тұлғаға берiлген параның жиырма еселенген көлемi.

Осылайша, пара беру фактiсi үшiн де қылмыстық жауапкершiлiктiң барын барлық азаматтардың естерiнен шығармағандары жөн.

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ — бiздiң ортақ мақсатымыз!

Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Әдейi банкроттықтың зардабы

Iс жүзiнде жұмыс iстемейтiн және мемлекет алдында салықтар және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер бойынша үлкен қарыздары бар кәсiпорындар саны жыл сайын артуда. Сонымен бiрге, оларда өз жұмысшылары алдында жалақы бойынша, банктiк және басқа да қарыздары баршылық. Осылайша, мемлекет және азаматтардың құқықтары бұзылуда.

Кез-келген кәсiпорынның жұмысы оның лауазымды тұлғалары мен құрылтайшыларына тәуелдi. Сондықтан, заң талаптарын сақтау — тек белгiлi бiр мекеменi ғана емес, сонымен бiрге мемлекеттi де гүлдендiруге септiгiн тигiзедi. Ал кәсiпорындардың дәрменсiздiгi керiсiнше, ұлттық экономиканы әлсiретiп, мемлекетке залалын келтiредi.

Қазiргi уақытта әдейi банкроттық фактiлерi де кездесуде. Аталмыш фактiлер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қудаланатындығын ескерген жөн.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-шi бабының 2-шi тармағына сәйкес, әдейi банкроттық — заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке мүдделерi үшiн немесе өзге де тұлғалардың мүдделерi үшiн жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) нәтижесiнде төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту болып табылады.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-шы бабының 1-шi тармағына сәйкес, кәсiпорынның лауазымды тұлғалары және құрылтайшылары барлық кредиторлар алдында әдейi банкроттық үшiн жеке мүлiктерi арқылы субсидиарлық жауаптылықта болады.

Сонымен бiрге, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 182-шi бабы мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 238-шi бабында көзделген әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiктердi де ұмытпаған жөн. Жаза түрлерi: айыппұл, түзелу жұмыстары, бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының заңнамаларын қатаң сақтаған жөн. Осылайша, кәсiпкерлерде де, мемлекетте де мәселелер туындамайды.

Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының
бас маманы
Қ.Л. Кәкiмов

Терi бұйымдарды таңбалау

Құрметтi терi бұйымдарын таңбалауды енгiзу бойынша пилоттық жобаның қатысушылары, 2018 жылғы 11 қаңтардан бастап үшiншi елдерден терi бұйымдарын импорттаған кезде, тауарларға арналған декларацияларда көрсетiлген мәлiметтердi мiндеттi түрде көрсете отырып, «импорт» ретiнде терi бұйымдарын таңбалау қажет. 

Сонымен қатар, Бiрлескен бұйрықпен бекiтiлген Пилоттық жобаны iске асыру Қағидаларының 31-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң аумағынан Тiзбеге енгiзiлген тауарларды әкелген кезде заңды тұлғалар және дара кәсiпкерлер кедендiк рәсiмдерге орналастырғаннан және кедендiк тазартумен байланысты кедендiк операцияларды жасағаннан кейiн көрсетiлген тауарлардың таңбалауын қамтамасыз ететiндiгiн хабарлаймыз. Бұл ретте, заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күн iшiнде Тiзбеге енгiзiлген тауарларды таңбалауды жүзеге асырады.

Сонымен бiрге, Пилоттық жобаны iске асыру Қағидаларының 23-тармағына сәйкес заңды тұлғалар және дара кәсiпкерлер Тiзбеге енгiзiлген тауарларды әкелген кезде кедендiк рәсiмдермен орналастырған және кедендiк тазартумен байланысты кедендiк операцияларды жасаған сәтiнен бастап 2 (екi) жұмыс күнiнен кешiктiрмей СБӨ-де Тапсырысты ресiмдейдi.

Терi бұйымдарын таңбалаудың тәртiбi туралы мәлiмет

Қазақстан Республикасының қаржы, инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникациялар, ұлттық экономика министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсiпкерлер палатасымен келiсiм бойынша «Табиғи терiден жасалған киiм заттары, киiмге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендiру) белгiлерiмен таңбалауды енгiзу жөнiндегi пилоттық жобаны iске асыру қағидалары бекiтiлдi.

Кәсiпкерлер ендi терi бұйымдарына бақылау (сәйкестендiру) белгiлерiн басылғаннан кейiн ғана сатуға (оның iшiнде сату/қайта сату кезiнде терi бұйымдарын өндiру импортынан соңғы өткiзгенге дейiн) мiндеттi.  Бұл норма бизнес жүргiзу үшiн бәсекелестiк жағдайды теңестiруге ықпал етедi, нарықты заңсыз өнiмдерден қорғайды және зияткерлiк меншiкке құқықтардың сақталуына мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар, сатып алушылар https://markirovka.gov.kz сайтынан (оның iшiнде Маркировка KZ — мобильдiк қосымша арқылы) терi бұйымдарының заңдылыған тексеруге мүмкiндiктерi бар.

Осылайша, көлеңкелi экономика көлемiн қысқартады және бюджетке салықтардың түсiмiн ұлғайтады.

Бақылау (сәйкестендiру) белгiлерiмен таңбалауға жататын тауарлардың тiзбесi Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесiнiң 2015 жылғы 23 қарашадағы №70 шешiмiмен бекiтiлдi. 

Бұл тiзбеге мына тауарлар кiредi:

ЕАЭО СЭҚ ТНкоды Тауардың атауы
4303 10 901 0 қара күзеннің терісінен жасалған киімдер
4303 10 902 0 саз құндыздың терісінен жасалған киімдер
4303 10 903 0 түлкінің немесе ақ түлкінің терісінен жасалған киімдер
4303 10 904 0 үй қоянның немесе қоянның терісінен жасалған киімдер
4303 10 905 0 жанаттың терісінен жасалған киімдер
4303 10 906 0 қойдың терісінен жасалған киімдер
4303 10 908 0 терінің басқа түрлерінен жасалған қиімдер*

Сондай-ақ, бақылау (сәйкестендiру) белгiлерiн алу үшiн, GS1 Kazakhstan қауымдасығымен (http://gs1.kz/) және «Тауарды таңбалау» ақпараттық жүйесiнде (https://markirovka.gov.kz) екiншi деңгейдегi Эмитентпен («ISKER AKPARAT» ЖШС) келiсiм шарт жасау қажеттiгiн хабарлаймыз (қадамдық нұсқаулықпен танысыңыз). Сонымен қатар, кәсiпкерлер терi бұйымдарын дербестендiруге және тауарлар қалдықтарына БсБ-н беру туралы өтiнiштi пилоттық жоба iске қосылған күннен бастап (2017 жылғы 27 қараша) күнтiзбелiк 90 күнде тапсыруы қажет.

Бақылау (сәйкестендiру) белгiсiн жасау (310 теңге) және дербестендiру (90 теңге) барлығы 400 теңге тұрады.

Тауарларды таңбалауды жүргiзудiң тәртiбiне қатысты сұрақтар бойынша — 1432, +7 7172 71 80 10, +7 7172 71 81 95 нөмiрлерiне жүгiнiңiз;

«Тауарларды таңбалау» жүйесiнде жұмыс жасауға қатысты сұрақтар бойынша — 1414 бiрiңғай Байланыс орталығына жүгiнiңiз;

Терi бұйымдарын таңбалау туралы ақпарат «Атамекен» ҚР ҰКП-ның сайтында да (http://atameken.kz/) ораналасқан. 

Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Қоғамның ортақ мiндетi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бүгiнгi күнi мемлекеттiк аппаратта мемлекеттiк саясаттың бiр бөлшегiне айналған. Өйткенi, жаңа құндылықтық, дүниетанымдық көзқарастарға ие және кәсiби дайын қызметкерлермен билiк органдарын кадрлық қамтамасыз етумен байланысты әкiмшiлiк реформасыз экономиканы нақты модернизациялау мүмкiн емес. Қойылған мақсаттардың дұрыс не бұрыстығы жайында көп сөз айтуға болады, бiрақ, қойылған мақсаттарға жету және жүзеге асыру тек тiкелей орындаушыларға (белгiлi бiр лауазымды тұлғаларға) тәуелдi.

Көптеген елдер лауазымды қылмыстардың бұқаралық әлеуметтiк-құқықтық құбылысқа айналғандығын жақсы түсiнедi. Ұлттық шекаралардан шығып қарасақ, лауазымдық қылмыс, яғни сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк өмiрдiң көптеген салаларына ықпалын күшейтiп, халықаралық қатынастардың қауiптi кедергiсi болатын болды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдiң экономикалық және саяси өмiрiн модернизациялау керек деп шешкен бiздiң мемлекетiмiздiң басты бағытына айналуы тиiс. Сол үшiн, сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық тәрбиесiн қалыптастыру қажет. Керек сұрағын пара беру жолымен шешудi жеңiл деп санайтын азаматтар ойларын заңды салаға аударулары тиiс. Өйткенi, сыбайлас жемқорлықпен күрес елiмiздiң барлық азаматтарының заң алдындағы теңдiгi қағидасын мүлтiксiз сақтауымен байланысты.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес сұрағын үнемi көтерiп отырады. Өйткенi, сыбайлас жемқорлық бiздiң мемлекетiмiздiң бәсекелестiгiн түсiредi, қоғамда демократиялық бiлiмнiң жүзеге асырылуына кедергi жасайды, азаматтар арасында заң мен әдiлеттiлiкке сенiмдi азайтады, соңында билiкке деген сенiмдi жоғалтады.

Мемлекеттiк қызметкер өзiне сенiп, тапсырылған мiндеттерiн өз өмiрiн жақсарту үшiн ғана емес, сонымен бiрге, кез келген мемлекеттiк органда және лауазымда мемлекет және халық игiлiгi үшiн асқан жауапкершiлiкпен атқаруы тиiс. Ал, мемлекеттiк қызметкерлермен тығыз қарым-қатынаста болатын салық төлеушiлер (қоғам) өз тарапынан сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық таныту жолында ықпал етулерi қажет. Парақорлық фактiлерi жайында хабарлағандары үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен сыйақылар белгiленгендiгiн де ескерген жөн.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес — қоғамның ортақ мiндетi. Азаматтық қоғамның барлық институттарының бiрлескен күшiмен ғана сыбайлас жемқорлықпен тиiмдi күресуге болады. Шынайы экономикалық гүлденуге сыбайлас жемқорлық көрсеткiштерi нөлге тең мемлекеттер ғана жете алады.

Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының
бас маманы
Қ.Л. Кәкiмов

Ана тiлi

Әр халықта, әр мемлекетте елдiк мәнiн ашатын өз ана тiлi бар. Ана тiлi жоқ ел толыққанды қалыптасқан мемлекет ретiнде санала алмайды.

Бiздiң ана тiлiмiз ретiнде — қазақ тiлi саналады.

Қазақ тiлi — бұл бiздiң рухани байлығымыз.

Бiздiң мақсат — оны әр салада қолдана отырып, барынша дамыту. Бiз келер ұрпаққа ата баба өсиеттерiн өз ойларымызбен үйлестiре отырып, дамыған тiлдi мұра ретiнде қалдыруға мiндеттiмiз. Осы мақсатты өзiн құрметтейтiн әр азамат өздiгiнше орындауы қажет.

Мемлекет өз тарапынан мемлекеттiк тiлдi дамыту мақсатында көптеген жұмыстар атқаруды. Қазақ тiлiн дамытып, халық және мемлекеттiк органдар арасында кеңiнен қолдануды жалғастыру шарт.

Ақжар ауданы бойынша МКБ
бас маманы
С.Б. Жолмағанбетов

Электрондық түрде саудасын жүзеге асыратын төлеушiлерге салық преференциялар

Ақжар ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы, Салық кодексiнiң электронды тауарларды саудалауды салықтық басқаруға қатысты нормаларын нақтылау мақсатында төмендегiлер туралы хабарлайды.

Салық салу мақсаттары үшiн Салық кодексiнiң 1-бабының 65) тармақшасы тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы айқындаған.

Тауарлармен электрондық сауда — бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткiзу жөнiндегi мәмiлелердi ресiмдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

тауарлар үшiн ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргiзiлсе;

тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткiзетiн өз қызметi болса не жүктердi тасымалдау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi, курьерлiк және (немесе) пошталық қызметтi жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегiмен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

Салық кодексiнiң 1 баптың 29) және 30) тармақтарымен интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары берiлген.

Сонымен бiрге Салық кодексiнiң 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушiлер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюға жатады.

Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушiлердiң жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртiппен, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде қызметтiң басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негiзiнде жүргiзiледi.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрiн жүзеге асыру басталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады.

Салық кодексiнiң 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушi осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетiн, осындай қызмет жөнiндегi операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi ескерiлген кiрiстер жылдық жиынтық кiрiстiң кемiнде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелерi қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде салық төлеушi осы баптың ережелерiн қолдануға құқылы емес.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылдың 25 желтоқсандағы №121-VI ЗРК.

Қазақстан Республикасының Кодексiнiң (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы заңының 257 баптың 2 тармағы 2020 жылдың 01 қантарына дейiн келесi редакциясында әрекет етедi: «жалпыға бiрдей белгiленген салық салу режимiн қолданатын дара кәсiпкер кiрiсiнiң салық салынатын сомасы мынадай тәртiппен айқындалады:

дара кәсiпкердiң осы Кодекстiң 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кiрiсi,

алу

тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсi

алу

осы Кодекстiң 341-бабының 1-тармағында көзделген, кiрiстi түзету сомасы,

алу

осы Кодекстiң 342-бабында көрсетiлген мөлшерде және тәртiппен салықтық шегерiмдер сомасы.

Дара кәсiпкер кiрiсiнiң салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсiне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған терiс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуi ескерiле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетiн кiрiстер дара кәсiпкердiң салықтық кезең үшiн жиынтық түрде алған кiрiсiнiң кемiнде 90 пайызын құраса, жүргiзiледi. Бұл шарт сақталмаған кезде дара кәсiпкер осы тармақтың бiрiншi бөлiгi үшiншi және төртiншi абзацтарының ережелерiн қолдануға құқылы емес».

Сондай-ақ Заңының 48-бабының сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер патент құнына кiретiн жеке табыс салығының сомасын есептеудi, 1 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кiрiстердi қоспағанда, салық салу объектiсiне 2 пайыз мөлшерiнде мөлшерлеменi қолдану арқылы жүргiзедi деп анықталған.

Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде тiркелген СТ-лерге Салық кодексiнiң нормаларына сәйкес салықтық преференциялар берiледi.

Ақжар ауданы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекеме қызметiнiң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу туралы (ZIP 652 Kb)

Хабарландыру

«Жемқорлыққа қарсы. Бiрге!» акциясы аясында Талшық ауылында халыққа қызмет көсрету орталығы ғимаратында жемқорлыққа қарсы күрес мобилдi тобының мүшелерi келесi кесте бойынша азаматтарды қабылдайды:

Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты Қарсы алатын топ мүшесінің Т.А.Ә.
1 10.05.2017 ж., 15.00-ден бастап 16.00-ге дейін Сәбитова Шолпан Қайыргелдіқызы, «Ақжар аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері
2 12.05.2017 ж., 15.00-ден бастап 16.00-ге дейін Мұқалықова Сәуле Сайлаубайқызы, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы
3 17.05.2017 ж., 15.00-ден бастап 16.00-ге дейін Тулкубаев Мырзада Шахманұлы, «Жастар бастамалар орталығы» КММ директоры
4 19.05.2017 ж., 15.00-ден бастап 16.00-ге дейін Абишев Ержан Бауыржанұлы, «Халыққа қызмет көрсету орталығының» басшысы
5 24.05.2017 ж., 15.00-ден бастап 16.00-ге дейін Жүсіпбекова Гүлнар Ислямқызы, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының білім бөлімі» КММ кадрлар бойынша бас маманы
6 26.05.2017 ж., с 15.00-ден бастап 16.00-ге дейін Бекбулатова Әлия Ғазизқызы, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы
7 31.05.2017 ж., с 15.00-ден бастап16.00-ге дейін Мұқашев Тимур Болатұлы, Ақжар ауданы маслихатының аппарат басшысы
8 02.06.2017 ж., с 15.00-ден бастап 16.00-ге дейін Каримжан Дархан Муратұлы, Құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы
9 07.06.2017 ж.,с 15.00-ден бастап 16.00-ге дейін Киккаринова Оксана Михайловна, Нұр Отан партиясы төрағасының орынбасары

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң мiнез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту және құқық қорғау қызметiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 22 сәуiрдегi № 793 Жарлығы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi № 267 Заңы

Мақаланың шыққан күні: 17.07.2017 10:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.05.2019 09:42

СҚО Ақжар ауданы әкiмi
Мадияров Ербатыр Қайыргелдіұлы

Промышленная Революция 4.0

Мамыр 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+