Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Рухани жаңғыру
Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыруға дайын ұрпақ

Қыркүйек айының 16 күнi Талшық орта мектебiнде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының маңызды сұрақтарына 20 жауап атты iс-шара өттi. Бұл iс-шараға Талшық орта мектебiнiң жоғары сынып оқушылары, ұстаздар және Ақжар ауданының жастар бастамасының орталығынан келген арнайы қонақтар қатысты.

Iс-шара барысында Талшық орта мектебiнiң тарих пәнiнiң мұғалiмдерi Бейсенова Сауле Машкеновна және Жолтайұлы Қуандық Елбасының 2017 жылғы 12 сәуiрде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мазмұнын, мақсатын, маңыздылығын, ең өзектi жерлерiн iс-шараға қатысушыларға жүйелi түрде түсiндiрiп өттi. Әсiресе рухани жаңғыру ұғымына кеңiнен тоқталып, жас ұрпақ үшiн маңыздылығын ашып көрсеттi. Оқушылар өз кезегiнде Елбасы мақаласын жан-жақты талдап, талқылап мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының маңызды сұрақтарына жауап бердi. Оқушылардың Елбасы мақаласының маңызды сұрақтарына жауап беруде жоғары белсендiлiк танытуы қуантарлық жайт. Өйткенi бүгiнгi тәуелсiз елiмiздiң болашағы жас ұрпақтың қолында. Елбасы өз мақаласында жастардың бүгiнгi жаһандану заманында көштен қалмай сапалы бiлiм алып, болашақта отанына еш аянбай қызмет атқарып, тәуелсiз Қазақстанның өсiп өркендеуiне өз үлестерiн қосуға үндейдi.

Бiздiң елiмiз XXI ғасырға нық сенiммен қадам басты. Кешегi Кеңестiк тас бұғаудан босап, тәуелсiз Қазақстан жаңа әлемге қырандай қанатын кең сермеп қанат қақты. Елiмiздiң бүгiнгi таңға дейiнгi жеткен жетiстiктерi мен асқан асулары мақтанышпен айтуға тұрарлық, алайда болашақта бiз алдымызға бұданда биiк белестердi бағындырып әлемнiң өркениеттi 30 елiнiң қатарына кiруге мақсат қойып отырмыз. Елбасы өзiнiң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның ертеңгi күнге деген бағыт бағдары қандай болатынын айқындап бердi. Елiмiздiң әр азаматы мен азаматшасы Елбасы мақаласының мемлекетiмiздiң болашағы мен жас ұрпақ үшiн маңыздылығын түсiне бiлуi тиiс.

Қыркүйектiң 16 күнi Талшық орта мектебiнде өткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының маңызды сұрақтарына 20 жауап атты iс-шара Елбасы мақаласының тарихи маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сiңiру мақсатында өткiзiлдi. Iс-шара соңында Ақжар ауданының жастар бастамасының орталығынан келген қонақтар iс-шараға қатысып, белсендiлiк танытқан оқушыларға арнайы сертификаттар тапсырды. Қорыта айтқанда «Мен қазақпын мың өлiп, мың тiрiлген» — деп кезiнде Жұбан Молдағалиев ағамыз жырлағандай, елiмiз егемендiк алып, бүгiнгi баянды күнге жеткенге дейiн халқымыз талай тар жол тайғақ кешу мен қиын-қыстау кезеңдердi басынан өткердi. Ұлы бабаларымыздан аманатқа қалған осынау дархан даланың иесi бiз екенiмiздi жадымыздан шығармай, өскелең ұрпақтың санасына сiңiру жүрегi қазағым деп соққан әрбiр азаматтың қасиеттi борышы болып табылады. Рухани жаңғыру бұл қазақ халқының XXI ғасырдағы ұлттық ұранына айналуы тиiс.

Рухани жаңғыруға дайын ұрпақ Рухани жаңғыруға дайын ұрпақ Рухани жаңғыруға дайын ұрпақ

Жолтайұлы Қуандық
Талшық орта мектебiнiң тарих пәнiнiң мұғалiмi

Туған жер жобасы аясында 27 шiлде күнi аудан жастары Ақжар ауданы С. Сәдуақасов атындағы тарихи-өлкетану мұражайында туған өлкенiң тарихымен танысты.

2017 жылдың 14 шiлдесiнде аудандық Орталық кiтапханада Рухани жаңғыру жоспары аясында ауданның мәдениет саласы өкiлдерiнiң қатысуымен «Жана алфавит әзiрлеуге ұсыныстар еңгiзу» атты дөңгелек үстел өттi.

2017 жылдың 3 тамызында Ленинград ауылының тұрғындарымен кездесу және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ана мен бала» мүсiнiн тамашалады.

Кездесу соңында Ленинград ауыл шаруашылығы колледжiнiң жас маманы А.Ж. Дарбаевқа Рухани жаңғыру эмблемасы бар футболка сыйға тартылды.

8 тамыз күнi сағат 15:00-де «Нұр Отанның» конференц-залында Ақжар және Уәлиханов аудандары өкiлдерiмен Бастау, Өрлеу, жаппай кәсiпкерлiк, дипломмен және Рухани жанғыру жастар бағдарламалары сияқты мәселелерi жөнiнде семинар-тренингте екi ауданның ЖБО өкiлдерi Тулкубаев. М., Ахметов Ф. Және Ақжар ауданы жұмыспен қамту орталығының маманы К. Сабдин сөз сөйледi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық газеттерiнде «Акжарские вести», «Нұрлы ел» белсендi түрде мақалалар жарияланады.

Мақаланың шыққан күні: 17.08.2017 18:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.09.2017 09:21

СҚО Ақжар ауданы әкiмi
Мадияров Ербатыр Қайыргелдіұлы

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Подать резюме

E-gov порталын жиі пайдаланасыз ба?

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2018  Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+