Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік және байланыс

2019 жылғы 6 айы бойынша ақпарат

Көлiк инфрақұрылымы

Аудан жолдарының жалпы қашықтығы 484 км., соның iшiнде: 75 км. —республикалық маңызы бар (15%), 141 км. — облыстық маңызы бар (29%), 268 км. — аудандық маңызы бар жолдар (55%). Автомобиль жолдар жүйесiнiң 298 шақырымын (60,2%) қара төсенiштi асфальт трассасы, қалған 186 шақырымын немесе 38,2 пайызын топырақ төсенiштi жолдар құрайды. Аудан аумағында 4 автомобильдiк және 104 су өткiзгiш құбыр бар.

2019 жылы «Аумақтарды дамыту» Бағдарламысы аясында ауданның 2 елдi мекеннiң ауыл iшiндегi жолдарды жөндеу жұмыстарына 9413,0 мың теңге көлемiнде қаражат бөлiнген, атап айтқанда Восход ауылдық округiнiң Восход ауылындағы Қонаева к. жолындағы шұңқырларды жөндеуге 2500,0 мың теңге, 400 метр жол жөнделедi және Кенащы ауылдық округiнiң Кенащы а. Рижская к., Алтынсарина к, Джамбула к. жолдарына асфальттық жабумен жөндеу жұмыстарына 6913,0 мың теңге, 1,5 км. жол жөнделетiн болады.

Жоғарыда атап өткен ауыл iшiндегi жөндеу жұмыстарына конкурс өткiзiлген, Восход ауылы бойынша «Гавар групп» ЖШС 2 млн. 244 мың теңгеге ұтып алса, Кенащы ауылы бойынша «Кондрашев М.В.» ЖК 4 млн. 455 мың теңге ұтқан.

Сонымен қатар ауданның ауылдық жолдарына инерттi материалды төгу жұмыстары жүргiзiлуде, Талшық, Бостандық, Май, Ленинградское, Ақжарқын ауылдарында жұмыстар өткiзiлдi.

Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар жолдарына КСТ-59 «Казгородок-Горьковское километр 62-203» орташа жөндеу жұмыстары өткiзiледi, жалпы жобаның құны 600 млн. теңгенi құрады. 17 км. жолды 153 км-ден 170 км. аралығында жөндеу жұмыстарын жүргiзу жоспарлануда. Конкурс өткiзiлген, «Көкшетау жолдары» ЖШС ұтып алды, 540 млн. теңге.

2019 жылы Республикалық маңызы бар жолға «А-13 «Көкшетау-Кiшкенекөл-Бидайық-РФ» шекарасы (Омск қ.) ресайклинг технологиясын қолдана отырып орташа жөндеу жұмыстары басталды, мердiгер «АРМСТРОЙ» ЖШС, келiсiм шарт соммасы 1 млрд. 85 млн. 952 мың теңге. 131 км-ден 156 км-ге дейiн жөндеу жүргiзiледi.

Телефон байланысы

Барлық ауылды округтар телефонды байланыспен қамтамасыз етiлген. 2019 жылғы 1 шiлде жағдайы бойынша 3477 телефонды абонент тiркелген, оның iшiнде 2905 пәтерлi.

Барлығы ауданда 24 автоматтандырылған телефонды станция орнатылған, оның 15 сымсыз қатынау CDMA-450, ауданда «ACTIV», «BEELINE», «TELE 2», «ALTEL» ұялы байланыс жұмыс жасауда. Интернет желiсiн қолданушылар 1906 адам, оның iшiнде 1842 Megaline, Интернет аймағында 64 тұтынушы.

Сумен қамтамасыз ету

Булаев топтық магистральдi суқұбырынан сумен 13 елдi мекен қамтамасыз етiлген, су тазарту жүйесi орнатылған тереңдiктегi ұңғымалар арқылы 8 елдi мекен сумен қамтамасыз етiлуде.

Су тазарту жүйесi орнатылған ұңғымалар ауыдық округ әкiмдерiнiң теңгерiмiнде, олар қалыпты iстеп тұру үшiн жыл сайын сервистiк қызмет көрсету жүргiзiлiп тұрады. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған нысандар оларға қызмет көрсету және хылықты сумен қамту үшiн уақытша «Казводхоз» РМК-ге жалға беру жоспарлануда. Ағымдағы жылы үйлерге суқұбырын қосу жұмыстары атқарылып жатыр, бүгiнде барлығы 1560 үй қосылған.

Халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесi халықтың әл-ауқатын жақсартудың маңызды басымдықтарының бiрi болып табылады. Аудан халқының санитарлы-гигиеналық ережелер мен норма талаптарына жауап беретiн сапалы ауыз суға қол жетiмдiлiк деңгейi 100%-ды құрайды (24 елдi-мекен). Ауылдардың орталықтандырылған сумен қамту жүйесiне қолжетiмдiлiгi 88%-ды құрайды (21 елдi-мекен), халық саны бойынша 98% (15200 адам).

Электр қуаты

Ауданның электр қуатымен есептесуiн қамтамасыз ету 100% құрайды. Электр қуатымен 2 аумақтық электрожелiлiк компания қамтамасыз етедi:

  1. «Көкшетау Энерго» ЖШС «Ақжар РЭС»;
  2. КТЖ АҚ Ақмола бөлiмшесi.
  • «Көкшетау Энерго» ЖШС электр қуатының бағасы жеке тұлғалар үшiн 13,91 теңге/кВтч, заңды тұлғалар үшiн 21,87 теңге/кВтч.
  • КТЖ АҚ Ақмола бөлiмшесiнде электр қуатының бағасы жеке және заңды тұлғалар үшiн 20,65 теңге/кВтч.

Жылумен қамтамасыз ету

Ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне ауданда әлеуметтiк-мәдени маңызы бар нысан 95, оның iшiнде бiлiм нысандары — 31, денсаулықсақтау — 25, мәдениет — 11, басқа нысандар — 28 (а/о әкiмдiктерi, қазақтелеком, қазпошта). Олардың 37 нысанында қазандықтар бар, қалғандарында пештi жылыту. 2019-2020 жылдарға жылыту маусымына дайындық жұмыстары барысында жалпы соммасы 97,4 млн. тг. 24 келiсiм-шарт жасалынды, 1 тонна көмiрдiң бағасы 9400 теңге. 25 мектептiң 7 мектебiнен өткен жылдары қазандықтар шығарылды.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары
бөлiмiнiң басшысы Е. Қарбаев

2018 жылғы 12 ай бойынша ақпарат

Көлiк инфрақұрылымы

Аудан жолдарының жалпы қашықтығы 484 км., соның iшiнде: 75 км. — республикалық маңызы бар (15%), 141 км. — облыстық маңызы бар (29%), 268 км. — аудандық маңызы бар жолдар (55%). Автомобиль жолдар жүйесiнiң 298 шақырымын (60,2%) қара төсенiштi асфальт трассасы, қалған 186 шақырымын немесе 38,2 пайызын топырақ төсенiштi жолдар құрайды. Аудан аумағында 4 автомобильдiк және 104 су өткiзгiш құбыр бар.

Сумен қамтамасыз ету

Булаев топтық магистральдi суқұбырынан сумен 13 елдi мекен қамтамасыздандырылады, су тазарту жүйесi орнатылған тереңдiктегi ұңғымалар арқылы 8 елдi мекен сумен қамтамасыз етiлуде.

Су тазарту жүйесi орнатылған ұңғымалар ауыдық округ әкiмдерiнiң теңгерiмiнде, олар қалыпты iстеп тұру үшiн жыл сайын сервистiк қызмет көрсету жүргiзiлiп тұрады. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған нысандар оларға қызмет көрсету және хылықты сумен қамту үшiн уақытша «Казводхоз» РМК-ге жалға беру жоспарлануда. Ағымдағы жылы Талшық, Ленинградское, Қулыкөл, Қарашiлiк ауылдарында 169 үйге суқұбырына қосу жұмыстары атқарылды, бүгiнде барлығы 1560 үй қосылған.

Халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесi халықтың әл-ауқатын жақсартудың маңызды басымдықтарының бiрi болып табылады. Аудан халқының санитарлы-гигиеналық ережелер мен норма талаптарына жауап беретiн сапалы ауыз суға қол жетiмдiлiк деңгейi 100%-ды құрайды (24 елдi-мекен). Ауылдардың орталықтандырылған сумен қамту жүйесiне қолжетiмдiлiгi 88%-ды құрайды (21 елдi-мекен), халық саны бойынша 98% (15200 адам).

Электр қуаты

Ауданның электр қуатымен есептесуiн қамтамасыз ету 100% құрайды. Ауданда электр қуатымен 2 аумақтық электрожелiлiк компания қамтамасыз етедi:

  1. «Көкшетау Энерго» ЖШС «Ақжар РЭС»;
  2. КТЖ АҚ Ақмола бөлiмшесi.

КТЖ АҚ Ақмола бөлiмшесiнде электр қуатының бағасы жеке тұлғалар үшiн 13,93 теңге/кВтч, заңды тұлғалар үшiн 21,87 теңге/кВтч.

Телефондық коммуникация

Ауданның барлық ауылдық округтерi мен аз қамтылған елдi мекендерi телефон байланысымен қамтылған. 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша қуаттылығы 3456 телефондық абонент, оның iшiнде 2786 тұрғын үй. Барлығы 10 АТС орнатылған, оның iшiнде CDMA — 450 сымсыз қатынаудың 2 базалық станциясы бар, аймақта «Ksell», «Beeline» және «Tele2» ұялы байланыстары бар. Интернет пайдаланушылардың саны 1920, соның iшiнде Megaline-1841, 26 пайдаланушылармен интернет аймағы болды.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары
бөлiмiнiң басшысы Е. Қарбаев

2017 жылдың 3 тоқсаны бойынша ақпарат

Көлiк қатынасы. Ағымдағы жылы аудандық маңызы бар жолдарды ұстауға бюджеттен 13,1 млн. теңге, оның 9,1 млн. теңге қысқы жолдарды ұстауға және 4 млн. теңге жазғы ұстауға бөлiнген. Қысқы мерзiмде ұстауға — 4,8 млн. теңге игерiлдi, қалдық қараша-желтоқсан айларында 4 млн. 300 мың теңге игерiледi, жазғы 3,05 млн. теңге, жолдарға 950 мың теңге, тегiстеу және бұталарды кесу бойынша жұмыс аяқталды.

Шабу аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын iрiктеп жоспарланған бағытта «Талшық-Майское-Ақсары», «Ақжарқын-Бостандық-Межинское» Қызылту а.

Май-Ұялы жолын орташа жөндеу жұмыстары 46,6 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi, ақша толық игерiлдi 5%ға (1 млн. 372 мың теңге) қамтамасыз ету жөнiндегi шарттың талаптарын орындауға жұмсалды.

Қыркүйек айында ИП «Темирбаев» басшысы С. Темирбаевпен Қызылту селосында 300 тонна инерттi материал себiлген.

Сумен қамтамасыз етiлу

Маңызды басымдықтардың бiрi халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады, оларды сапалы ауыз сумен қамту. Қолжетiмдiлiк деңгейi аудан халқының сапалы ауыз суға талаптарына жауап беретiн, санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларды 100%-ды құрайды (24 елдi мекен). Булаев топтық магистралды су құбырынан 13 елдi мекен қамтамасыз етiледi (Талшық, Ленинград, Қазан, Үлгiлi, Қызылту, Дәуiт, Даут, Кеңащы, Қулыкөл, Қарашiлiк, Ақжарқын, Киев, Бостандық), 8-терең ұңғымаларды су тазалау жүйесiмен және үш жергiлiктi су көзiмен қамтамасыз етiледi.

Жылумен жабдықтау

Ауданда 90 әлеуметтiк-мәдени объектiлер бар, оның iшiнде бiлiм беру нысандары — 30, денсаулық сақтау — 24, мәдениет — 14, басқа да нысандар — 22 (әкiмдiктер, қазақтелеком, қазпошта). Оның iшiнде 37 объектiлерде қазандықтар бар, қалғандары пешпен. 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысында бюджеттiк мекемелер үшiн 24 шарт, жалпы көлемi 10537 тонна, көмiрдiң бағасы — 5900 теңге 1 тоннасына, жалпы сомасы 62,2 млн. теңге. 25 қолда бар мектептердiң өткен жылдарда 3 қазандықтар шығарылған. 2017 жылы бес қазандық шығарылған. Ленинград ауылдық колледжiнде (ғимараты салынды және орнатылған қазандар) шығару және монтаждау жұмыстары жүргiзiлуде. Акжарской ЦРБ ғимаратының төменгi қабатында күрделi жөндеу жұмыстары, iшкi инженерлiк желiлерiн, су құбыры және жылыту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, жалпы сомасы 13 187,6 теңге.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi басшысының м.а.
Бақтыбаев Болатқан
Мекен-жайы: Талшық а., Целинная көшесi 13 а
87154679069

2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша ақпарат

Көлiк инфрақұрылымы

Аудан жолдарының жалпы қашықтығы 484 км, соның iшiнде: 75 км — республикалық маңызы бар, 141 км — облыстық маңызы бар, 268 км — аудандық маңызы бар жолдар. Автомобиль жолдар жүйесiнiң 298 шақырымын (60,2%) қара төсенiштi асфальт трассасы, қалған 186 шақырымын немесе 38,2 пайызын топырақ төсенiштi жолдар құрайды. Аудан аумағында 4 автомобильдiк және 2 темiр жол көпiрi бар.

2017 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 50-80 км «Талшық-Майское-Ақсары» бағытында облыстық бюджеттен қаражат бөлiнiп 46,6 млн. тг, мердiгер «Ленинград жолдары». Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға бюджеттен 13,7 млн. теңге бөлiнген, мердiгер автомобиль жолдарын қысқы ұстау бойынша ЖК «Исаканов». Жазғы жолдарды ұстауды ЖК-ТК өткiзедi. Бұл сомма келесi жұмыс түрлерi бойынша бөлiндi:

  • кескiндеу жолдарын жамылғымен жабу;
  • жол бойындағы бұталарды кесу;
  • аудандық маңызы бар автомобиль жолдары шеттерiндегi шөптердi шабу.

Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесiнде үлесi аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйi 55%-дан 61%-ға дейiн артады.

Телефон байланысы

Барлық ауылдық округтер мен халықпен аз қамтылған ауылдар телефон байланысымен қамтылған. 2017 жылдың 1 шiлдедегi жағдай бойынша iске қосылған сыйымдылық саны 2766 телефон абонент, соның iшiнде пәтер 2382.

Ауданда барлығы анықталды 11 автоматты телефон станциясы бар, оның iшiнде 2-базалық станциясының сымсыз CDMA-450, ауданда «Кcell», «Билайн» және «Теле2» ұялы байланысы бар. Иитернет пайдаланушылар саны 1541, оның iшiнде Мегалайн — 1504, Интернет аймағы 37 пайдаланушылар.

Сумен қамтамасыз ету

Халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесi халықтың әл-ауқатын жақсартудың маңызды басымдықтарының бiрi болып табылады. Аудан халқының санитарлы-гигиеналық ережелер мен норма талаптарына жауап беретiн сапалы ауыз суға қол жетiмдiлiк деңгейi 100%-ды құрайды (24 елдi-мекен). Ауылдардың орталықтандырылған сумен қамту жүйесiне қолжетiмдiлiгi 88%-ды құрайды (21 елдi-мекен), халық саны бойынша 97,8% (5 орын). Орташа облыстық көрсеткiш 79,1%.

Булаев топтық магистральдi суқұбырынан сумен 13 елдi мекен қамтамасыздандырылады (Талшық, Ленинградское, Қазан, Үлгiлi, Қызылту, Дәуiт, Байтуыс, Кенащы, Қулыкөл, Қарашiлiк, Ақжарқын, Киев, Бостандық).

Су тазарту жүйесi орнатылған тереңдiктегi ұңғымалар арқылы 7 елдi мекен сумен қамтамасыз етiлуде (Горьковский, Новосельский, Восход, Ұялы, Ақсары, Май, Ащыкөл). Су тазарту жүйесi орнатылған ұңғымалар ауыдық округ әкiмдерiнiң теңгерiмiнде, олар қалыпты iстеп тұру үшiн жыл сайын сервистiк қызмет көрсету жүргiзiлiп тұрады.

4 елдi-мекен: Айсары, Ақсай, Тұғыржап, Алқатерек су тазалау жүйесiсiз жергiлiктi көздерден (ұңғымалардан) сумен қамтамасыз етiледi. Ауданның 10 елдi-мекенiнде сутарату желiсi бар, олардан суқұбырына 1391 үй қосылған, сондай-ақ 126 сутарату колонкалары орнатылған.

2014-2015 жылдары «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында «Булаев топтық суқұбырына қосулы ауылды елдi-мекендердiң сутарату желiлерiн, су өткiзгiштерi мен бұрылыстарын қайта жөндеу» нысаны бойынша 5 елдi-мекенде құрылыс жүргiзiлдi: Байтуыс, Дәуiт, Үлгiлi, Қазан, Қызылту. 2016 жылы берiлген елдi мекендерде үйлердi су құбырына қосу жұмыстары атқарылды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған нысандар оларға қызмет көрсету және хылықты сумен қамту үшiн уақытша «Ақжар» МКК-ге жалға берiлдi. 2017 жылы олар «Казводхоз» ШЖҚРМК теңгерiмiне тапсырылады.

Жылумен жабдықтау

Әлеуметтiк-мәдени-тұрмыстық объектiлерiнде Ақжар ауданында барлығы 90 жылыту объектiлерi бар, олардың iшiнде 52 пешпен, оның iшiнде 37 объектi — қазандық қондырғылары, оның iшiнде жергiлiктi бойынша — 5, дербес — 33. Жылу түрi бойынша электрлiк — 2, сұйық отынмен — 1, қалғандары қатты отынмен, жергiлiктi және аумақтық атқарушы органдардың, бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектiлерi жылытылады.

Мәдениет саласы бойынша өткен жылы 4 қазандықтар ауыстырылды (Алқатерек селолық, Май, ақжарқын селолық ауылдық мәдениет үйлерi, Қазан селолық клубы).

2017 жылы 6 бiлiм беру мекемелерiнде қазандықтарды шығару жұмысы атқарылады (Ленинград №1, Ленинградская №2, Бестерек ОМ, РҚБ, Восход ОМ, Ақжарқын ОМ). 25 мектеп iшiнен 3 мектепте қазандықтарды шығару жұмысы жүргiзiлдi, бұл жұмыс жалғастырылатын болады.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi басшысының м.а.
Малгаждарова Динара Тоқтарқызы
Мекен-жайы: Талшық а., Целинная көшесi 13 а
87154679069

Мақаланың шыққан күні: 18.07.2017 16:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.08.2019 11:20

СҚО Ақжар ауданы әкiмi
Мадияров Ербатыр Қайыргелдіұлы

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+